Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
29 мая 2018 09:34

"Біреуге жан керек, біреуге сән керек". Меңді алып тастау қауіпті ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© coriummed.ru © coriummed.ru

Мең - адамның терісінде туа біте немесе жүре пайда болатын дақ. Бірақ соңғы кездері қазақстандықтар туғаннан теріге шыққан дақтан құтылғысы келіп, түрлі салондар мен мамандардың көмегіне жүгінуді жөн көреді. Дегенмен олардың көбі меңді алып тастаудың қандай қаупі бар екенін және кейбір жағдайларда оның тіпті қатерлі ісікке әкеп соғуы мүмкін екенін білмейді.


Мең - адамның терісінде туа біте немесе жүре пайда болатын дақ. Бірақ соңғы кездері қазақстандықтар туғаннан теріге шыққан дақтан құтылғысы келіп, түрлі салондар мен мамандардың көмегіне жүгінуді жөн көреді. Дегенмен олардың көбі меңді алып тастаудың қандай қаупі бар екенін және кейбір жағдайларда оның тіпті қатерлі ісікке әкеп соғуы мүмкін екенін білмейді.

Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі "Мең қаншалықты қауіпті және оның қатерлі немесе қатерлі емес екенін қалай ажыратуға болады?" деген сұрақты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Дәурен Әділбайға қойды.

"Жалпы меңді үнемі бақылап, байқап жүру қажет. Оның түсі өзгеше болса немесе мең бұдыр-бұдыр болған жағдайда, бұл қатерлі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда меңнің түсі қара, қоңырлау, көк, ақшыл немесе тіпті қызыл түсті болуы мүмкін. Сондай-ақ, меңнің көлемі үлкейе бастаса, бұл да меңнің қатерлі болуының бірден-бір белгісі. Осы кезде міндетті түрде дәрігерге медициналық көмекке жүгіну керек", - дейді онколог маман.

Сондай-ақ, маманның айтуынша, меңнің пайда болуының екі түрі бар - невус және кератоз. 

"Меңнің пайда болуының екі түрі бар - невус және кератоз. Невус кез келген жаста және кез келген кезде пайда болуы мүмкін. Яғни, невус деп отырғанымыз - меланоциттердің жиынтығы. Бұл жасушаларда меланин пигменті болады. Ол теріні ультракүлгін сәулелерден қорғайды. Екінші түрі - кератоз. Ол көбіне жасы 60-тан асқан адамдарда пайда болады. Сондай-ақ, түсінде айырмашылық болады. Ол да невус сияқты терінің ашық учаскелерінде шығады. Мысалы, бет терісіне, мойынға немесе қолға", - дейді Дәурен Әділбай.


Кератоз.

Дәурен Әділбайдың айтуынша, тері қатерлігі ісігінің пайда болуына теріні күнге қатты қыздыру мен адамның өзі немесе киімімен меңді жарақаттап алуы түрткі болуы мүмкін.

Терінің қатерлі ісігі екі жолмен пайда болады екен. Дегенмен, онкологтың айтуынша, оларды емдеудің жолдары бар. "Емдеудің негізгі жолы - хирургиялық әдіс. Бірақ меңді алып тастаудың бірнеше әдісі бар. Мысалы, криодеструкция әдісі (cұйық азотпен), фотодинамикалық әдіс (ультракүлгін сәуле мен арнайы заттек арқылы), сондай-ақ, фокусты рентгенмен алып тастауға болады", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, маманның айтуынша, соңғы уақытта тері қатерлі ісігіне шалдыққандардың саны жыл сайын артып жатыр.


© coriummed.ru

Осы орайда дәрігер тері қатерлі ісігіне шалдықпас үшін бірнеше кеңес берді. 

"Күн сәулелерінен қорғану қажет. Әр 2 сағат сайын терінің ашық учаскелеріне күннен қорғайтын крем жағып жүру қажет. Және де бүгінде үлкен сұранысқа ие аппараттық жолмен күнге күю процедураларына барудың қажеті жоқ", - дейді Дәурен Әділбай.

Мұнымен қоса, онколог маман терісі ақшыл адамдардың тері ісігіне шалдығу қаупі жоғары екенін айтады. Сондықтан, оның айтуынша, әрдайым күннен қорғанып, бас киім киіп, терінің ашық учаскелерін күннен барынша қорғау қажет.

Ал косметолог Жұлдыз Нұрғалиева меңді алып тастаудың алдында міндетті түрде онкологқа көріну қажеттігін айтады.

"Қазақстанда соңғы кездері меңді көбіне лазерлік, хирургиялық әдістермен немесе азотпен алып тастайды. Ешбір диагностикасыз, тексерулерсіз өз бетінше меңді алып тастауға болмайды. Бұл өте қауіпті. Дәрігер берген кеңестерді тыңдау керек", - дейді Жұлдыз Нұрғалиева.

Дерматолог, лазерлік терапевт Гүлназия Арынова да меңді өз бетінше алып тастауға және ең бастысы ешқашан халық еміне жүгінуге болмайтынын ескертті.

"Жалпы, меңді қорықпай алып тастауға болады. Бірақ кейбір жайттарды ескеру қажет. Себебі теріде із қалып, кейде мең қанап кетіп, онда инфекция пайда болуы мүмкін. Нәтижесінде осыдан тері ісігі пайда болады. Сондай-ақ, халық еміне жүгінуге болмайды. Меңді алып тастау үшін арнайы мамандарға бару керек", - дейді дерматолог маман.


© 24infochannel.com

Сондай-ақ, ол меңді алып тастау үшін косметология салондарына емес, жақсы клиникаға бару керектігі жайлы кеңес берді. 

Гүлназия Арынованың айтуынша, соңғы кездері қазақстандықтар меңді алып тастаудың барлық түріне жүгінеді. Бұрын тек хирургиялық әдіспен алып тастауды жөн көрсе, қазір тағы басқа әдістерді қолданып жатыр екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети