Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
26 ноября 2019 17:35

Дәрігер сау балаға дәрумен беруде неге назар аудару керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлігіңіз бұзылса, оны интернеттен қарап жөндеуге болады, ал балаңыз ауырса интернетке абайлап қараған жөн. Дәрігер-педиатр Елена Ни Tengrinews.kz тілшісіне сәби кезінен дәрумен немесе дәрі-дәрмек ішудің зиян және пайдалы тұстарын айтып берді.


Көлігіңіз бұзылса, оны интернеттен қарап жөндеуге болады, ал балаңыз ауырса интернетке абайлап қараған жөн. Дәрігер-педиатр Елена Ни Tengrinews.kz тілшісіне сәби кезінен дәрумен немесе дәрі-дәрмек ішудің зиян және пайдалы тұстарын айтып берді.

Дәрігер-педиатр қазіргі жас аналардың Интернетте көп отыратынын және балаға қатысты ақпаратты сол жерде тұтынатын және жіберетін қателерін мысалмен келтірді. 

"Қазір баланың бір жері ауырса оны дәрігерге апарудан гөрі, Интернеттен көре салу жеңіл жолы болды. Бұл жерде зиян нәрсе ол ата-ананың өздігінен емдеу шараларға кірісуі. Мысалы маған таяуда жас ана келіп: "балам жылай береді, бір жері шаншиды, мен мынадай дәрі беріп жүрмін, бірақ еш көмектеспейді" дейді. Тексеріп қарағанымда, баланың жылау себебі бір жерінің шаншығанынан емес, аш болуына байланысты екені анықталды. Осындай жағдайлар жиі кездеседі. Сол себепті бала қатты мазасызданып жылайтын болса, оны дәрігерге көрсеткен абзал. Интернетте баланы емдеу шараларына қатысты ақпарат та зерттелген, дәлелденген еңбектер көп. Бірақ оның сіздің балаңызға тура келетініне кепілдік жоқ", - дейді Елена Ни. 

Маман бір жасқа толмаған сәбиге дәрі-дәрмек, сироп беру иммунитетке зиян ба деген сұраққа жауап берді. 

"Бірден айтайын сәбидің іші кепкенде, қандай да бір шаншулар болғанда, тісі шыға бастағанда оған дәрі-дәрмек беру зиян емес. Сау бала бір жасқа дейінгі аралықта бірнеше жағдаймен жолығады: туа сала нәрестенің сарғаюы, іші кебуі, үлкен дәреттің шықпауы, тісі шыққаннан мазасыздануы. Бұларды ауру түріне жатқызуға болмайды, бұл тек өсу кезінде әрбір баланың басынан өтуі тиіс жағдайлар. Бұл жағдайлардың барлығында нәрестеге көмекші болатын сироптар, дәрі-дәрмектер мен дәрумендер бар. Бұл ешқандай да жарнамалау емес және олардың бала иммунитетіне еш зияны жоқ, тек шаншуды, мазасыздануды бәсеңдететін құрал деп айтуға болады", - дейді дәрігер. 

Бүгінде адам денсаулығына зиян келтіретін факторлар көп. Кейде "біз осы ешбір дәрі-дәрмексіз, витаминсіз өстік қой, неге баламның ағзасын улауым керек" деген ой туады. Кей дәруменді дәрігерлердің өзі жазып береді, мұны барлық балаға беру міндеттелген. Сондай-ақ, кешенді дәрумендер бар - бұлар қосымша көмек ретінде жүреді.

Кешенді дәрумендер беру туралы Елена Ни былай дейді: "Егер сіз дұрыс тамақтанып, тек табиғи азық-түлікті тұтынатын болсаңыз, қосымша дәрумендердің сізге қажеті жоқ. Біздің заманда тамақтану, экология басқа еді. Қазір менің ойымша адам өзіне қажетті дәрумендерді алмайды, оған себеп - әр кезде тамақтану, жылдам әзірленетін тағамдар, я болмаса химиялық қоспалары көп азық-түліктер. Мысалы жеміс-жидек пен көкөністің өзі жылыжайда өсіріледі. Табиғи дүниенің азаюы - негізгі фактор. Сол себепті дәрумендер беру арқылы ағзаның толыққанды жұмыс істеуіне қол жеткізуге болады. Жалпы алғанда дәрумендерге қатысты ғалымдардың, дәрігерлердің пікірі осы жерде екіге бөлінеді. Мен дәрумен беру керек деген жағындамын және өз балаларыма беріп тұрамын".

Бала қашан отыра алуы керек, қашан еңбектейді және тілі қашан шығуы тиіс? Маманмен сұхбат

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети