12 января 2021 | 15:24

ДДҰ 2021 жылға коронавирусқа байланысты қандай мәлімдемелер жасады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Коронавирус пандемиясының дүние жүзін әуреге салғанына бір жылдан асты. Бұл уақыт аралығында науқастар саны 91 миллионнан асып, оның 65,3 миллионы аурудан айығып шықты, 1,9 миллион адам қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылға қандай болжамдар мен мәлімдеме жасағанына шолу жасады. 


Коронавирус пандемиясының дүние жүзін әуреге салғанына бір жылдан асты. Бұл уақыт аралығында науқастар саны 91 миллионнан асып, оның 65,3 миллионы аурудан айығып шықты, 1,9 миллион адам қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылға қандай болжамдар мен мәлімдеме жасағанына шолу жасады. 

Қытай ДДҰ сарапшыларына коронавирусты зерттеуге мүмкіндік бермеді

Бұл туралы 6 қаңтарда ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус мәлімдеді. Ол Қытай билігі COVID-19-дың қалай пайда болғанын зерттеу үшін ұйым өкілдерін елге кіргізбей отырғанына наразы болды.

Тедрос Аданом Гебрейесус бірнеше елдегі мамандар пандемияның себебін анықтауға дайын екенін, алайда Бейжің әлі де оған мүмкіндік бермей отырғанын айтты.

"Бұл жаңалықты естіп, қатты көңілім қалды. Топтағы екі сарапшы бұл туралы жолда келе жатқан кезде білген. Ал қалғаны соңғы сәтте бұл жаңалықты естіп, бара алмай қалған. Мен Қытайдың жоғары ресми өкілдерімен сөйлестім, бұл миссия - ДДҰ және халықаралық команда үшін бірінші орындағы мәселе. Маған Қытай ішкі процедураларды жеделдетіп жатқаны айтылды", - дейді ұйым басшысы. 

© Reuters

Ал кеше, 11 қаңтарда ДДҰ сарапшыларына Қытайға кіруге рұқсат берілгені белгілі болды. ДДҰ баспасөз қызметінің мәліметінше, халықаралық сарапшылар тобы 14 қаңтарда Қытайға жаңа коронавирустың шығу себебін анықтауға барады. Сарапшылар тобында Жапония, Катар, АҚШ, Германия, Вьетнам, Аустралия, Нидерланд, Ұлыбритания, Дания және Ресей мамандары бар.

Бүгін Қытайға аттанған сарапшылар тобының өкілі Марион Купманс жарқанаттар жиналған аймақ COVID-19 тараған жер екенін айтты.

"Әрине, вирустың қайдан шыққаны туралы болжамдар бар, бірақ ол жарқанаттардың резервуары болуы мүмкін",  - деді сарапшы CGTN телеарнасына. 

Купманс пандемияның басталуына байланысты Қытайды кінәлаудың қажеті жоқ деп санайды, себебі ешқандай ел одан алдын ала сақтана алмайды. ДДҰ өкілінің сөзінше, коронавирустың басқа елден таралып бастауы да әбден мүмкін. Алайда зерттеуді алғашқы науқас тіркелген Уханнан бастау маңызды. 

Коронавирусқа қарсы вакциналардың көп бөлігін бай елдер сатып алды

Жан басына шаққандағы табысы аз елдер мен табысы орташа мемлекеттердің көбі коронавирусқа қарсы вакцинаны алмаған. Яғни вакцинаның көп бөлігін бай елдер сатып алып жатыр.

"Сондай-ақ, COVAX қатысушылары, жан басына шаққандағы табысы жоғары және орташа елдер қосымша екіжақты келісімдер жасап жатқандарын көріп отырмыз. Бұл барлығына бағаны көтереді, яғни ең кедей және маргиналданған елдердегі қауіп тобындағы адамдар вакцина ала алмайды деген сөз", - деді ДДҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус.

© Reuters

Коронавирусқа қарсы вакцина 42 мемлекетте қолданыла басталған: олардың 36-сында табыс жан басына шаққанда жоғары, ал алтауында орташа.

2021 жылы коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет пайда болмайды

Deutsche Welle мәліметінше, ДДҰ-ның бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан вакциналардың қолжетімділігінің артуына қарамастан, коронавирусқа ұжымдық иммунитетке 2021 жылы пайда болмайтынын айтты. Оның сөзінше, ұжымдық иммунитет бірнеше елде пайда болса да ол дүние жүзіндегі халықты вирустан қорғамайды.

Pfizer/BioNTech вакцинасы туралы

2020 жылдың 31 желтоқсанында ДДҰ Pfizer/BioNTech-тің коронавирусқа қарсы mRNA вакцинасын төтенше жағдайда қолдануды ұсынды. Бұл вакцинаны ЮНИСЕФ және Панамерикалық денсаулық сақтау ұйымдарының тізіміне қосу препаратқа мұқтаж елдерде таратуға мүмкіндік береді.

© Reuters

2021 жылы коронавирустың жаңа түрлері пайда болады

Бұл туралы ұйым басшысы өткен жылдың соңында Женевада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, 2021 жылы дүние жүзінде коронавируспен байланысты COVID-19-дың жаңа түрлері пайда болуы мүмкін.

Одан бөлек, Гебрейесус пандемиядан шаршаған адамдарға көмектесу керегін айтты. Сонымен қатар, ДДҰ басшысының сөзінше, эпидемиологиялық ақпаратты БҰҰ және басқа да елдермен бөлісу керек.

Коронавирус мутациялануын жалғастырады

Дүние жүзінде коронавирустың жаңа мутациялары пайда болады. Мұндай болжамды ДДҰ жасады.

"Мутация - қалыпты процесс. Ол вирусқа қатты әсер етпейді, алайда бізге ол нұсқаларды да қарастыру керек", - деді ұйымның төтенше жағдайлар бөлімшесінің техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкхове.

© Reuters

Соңғы мәліметтер бойынша, коронавирустың "ұлыбританиялық штамы" 41 елде анықталған. Ұйым өкілдері мұндай жағдай 5 қаңтарда тіркелгенін айтады. Одан бөлек, алты елде бұған дейін Оңтүстік Африка Республикасында тіркелген мутация анықталған. "Ұлыбританиялық" штамм БАӘ, АҚШ, Франция, Жапония, Индонезия, Ресей және басқа да елдерге анықталған. Қазақстанда вирустың жаңа түрі әлі тіркелмеді.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 484.48   531.35   5.03 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети