Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
18 сентября 2020 14:03

Қазақстандықтар тұмауға қарсы вакцина туралы не білуі керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе басталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тұмауға қарсы вакцина 6 айдан 12 айға дейін иммунитетті күшейтуге көмектеседі. Бұл вакцина кез келген вирустан қорғаудың ең тиімді әдісі дейді.


Қазақстанда 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе басталды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тұмауға қарсы вакцина 6 айдан 12 айға дейін иммунитетті күшейтуге көмектеседі. Бұл вакцина кез келген вирустан қорғаудың ең тиімді әдісі дейді.

Екпе маусымдық тұмаудың алдын алуға қаншалықты әсер етеді, оны кімдерге салуға болмайды және қандай қауіптері бар? Ол барлығына тегін салына ма? Бұл туралы Tengrinews.kz материалында.

№1 Вакцина қалай салынады?

Мамандардың айтуынша, вакцинаны салдыратын адамдардың тізімі жасалды, сол тізім бойынша науқастар емханаға шақырылады.

Екпе салдырар алдында кез келген адам  өзінің учаскелік дәрігерінің тексеруінен өтеді, оның инфекциялық ауру жұқтырғандармен байланыста болған-болмағаны жайлы сұрайды. Дене қызуы өлшеніп, ешқандай қарсы көрсеткіштер болмаса, вакцина салынады.

Сонымен қатар учаскелік дәрігер вакцина салатындарға бірқатар кеңес береді. Екпе салған адам 30 минут медбикенің бақылауында болы керек. Алдағы 2-3 күнде де жағдайы қадағаланады.

№2 Вакцина бірінші кезекте кімдерге салынады?

Бірінші кезекте халықтың әлсіз тобына вакцина салынады. Олардың қатарына созылмалы дерті бар жиі ауыратын 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, 60-тан асқан қарт адамдар, сондай-ақ жабық типтегі мекемелердегі адамдар (балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілер, медициналық қызметкерлер) кіреді.

№3 Екпені кімдер жоспарлы түрде алады?

- медицина қызметкерлері;
- медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар;
- жасы 6 айдан асқан әрі жиі ауыратын балалар;
- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының, балалар үйлерінің тәрбиеленушілері;
қарттар мен мүгедектер үйін мекендеушілер;
жүктіліктің екінші не үшінші триместріндегі жүкті әйелдер;
жүрек-қан тамыр жүйесі мен тыныс алу органдарының созылмалы аурулары бар адамдар.

№4 Вакцинаның бағасы қандай?

Вакцина тұрғылықты жеріне ең жақын жердегі алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету және басқа да медициналық орталықтарда жасалынады. Өз есебінен аламын дегендерге ақылы түрде ұйымдастырылады. Вакциналар ресейлік, франциялық. СҚ-Фармацияның мәліметінше, олардың бағалары 2 200 теңгеден 4 300 теңгеге дейін. Өздерінің есебінен осы сома аралығындағы екпені алуға болады.

№5 Екпені кімдер тегін ала алады?

Екпені кімдер тегін ала алады?
- созылмалы аурулары бар 18 жасқа дейінгі балалар;
- медицина қызметкерлері;
- жүкті әйелдер (жүктіліктің II-III триместрлері);
- жабық үлгідегі мекемелердегі (балалар үйлері, балалар үйлері, мектеп-интернаттар) адамдар);
- мүгедектер, ересектер және созылмалы аурулары бар балалар;
- 60 жастан асқан адамдар.

№6 Вакцина қанша уақытқа дейін көмектеседі?

Қазан айының ортасында тұмаумен және ЖРВИ-мен ауыратындардың саны күрт көбейеді. Ал вакцинадан кейінгі иммунитет екі аптаның ішінде пайда болады. Сондықтан қазіргі салынып жатқан вакцина екі-үш аптаның ішінде бітсе, сонда сәйкесінше тұмаудың маусымы келген кезде барлығының иммунитеті дайын болады.

№7 Тұмауға қарсы вакцина қаншалықты тиімді болмақ?

Тұмауға қарсы вакцина - тұмаудың алдын алуға және ауыр асқынулар мен тіпті өлім қаупін азайтуға арналған ең жақсы құрал. Вакцинаның тиімділігі бұл вирустың түріне және вакцинаның компоненттеріне  байланысты. Орташа есеппен алғанда вакцина 18-64 жас аралығындағы сау ересектерде инфекцияның шамамен 60 пайызыын болдырмайды. Тұмауға қарсы вакцина шамамен 14 күн өткен соң әсер ете бастайды.

№8 Вакцинаның қандай кері әсерлері болуы мүмкін?


Вакцинациядан соң дене қызуы көп болса 0,5 градусқа жоғарылап, тамағы қызаруы мүмкін. Бастапқыда вирустық инфекцияның симптомдары байқалады, бірақ бірнеше күн ішінде бұл белгілердің барлығы жойылады.

№9 Тұмауға қарсы екпе коронавируспен күресуге көмектесе ме?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, тұмауға қарсы екпе коронавируспен күресуге көмектеспейді, тек иммунитетті көтереді. Ғалымдардың айтуынша, бүгінде вакцинаның коронавирусқа қарсы тұра алатыны туралы дәлелдер жоқ.

№10 Вакцинаны балаларға қанша жасынан бастап салдыруға болады?

Дәрігерлердің айтуынша, балаларға алты айлық кезінен бастап тұмауға қарсы екпе салдыруға болады. Алғашқы екі-үш күнде балада аздап әлсіздік болуы мүмкін, бірақ одан қауіп жоқ дейді. Вакцинация жыл сайын, жылына бір рет жүргізілуі керек. Бұрын егілмеген балаларға айына екі рет вакцинация жасалады.

Дене қызуы 38,5 градустан жоғары болса, қызу басатын дәрі-дәрмектермен түсіру керек. Бірақ мұндай жағдайлар сирек кездеседі дейді педиатрлар.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети