Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 марта 2019 13:39

Кене шаққанда не істеуге болмайды - Дәрігер басты қатерді айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, елімізде жыл сайын кене шағу жағдайы бойынша 8 мыңнан 11 мың адамға дейін келіп қаралады. Расында да көктем қарсаңында көбі табиғатқа демалуға шығып, кейбір қарапайым ережелерді сақтамай, кенелердің түрлі жұқпалы ауруларды тарататынын біле бермейді.


Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, елімізде жыл сайын кене шағу жағдайы бойынша 8 мыңнан 11 мың адамға дейін келіп қаралады. Расында да көктем қарсаңында көбі табиғатқа демалуға шығып, кейбір қарапайым ережелерді сақтамай, кенелердің түрлі жұқпалы ауруларды тарататынын біле бермейді.

Осы қауіптің алдын алу мақсатында Tengrinews.kz тілшісі инфекционист, паразитолог Рабиға Нүсіповадан кене шағып алған жағдайда бірінші кезекте не істеу керектігін, оның адам өміріне қаншалықты қауіпті екенін және қалай қорғануға болатынын сұрап білді.

Нүсіпованың айтуынша, адам үшін кененің шағуы кауіпті емес. Кененің сілекейімен немесе кененің жаншығанда қанға түсетін вирустары өте қауіпті.

Кене шағып алса не істеу керек?

"Кенелердің қауіп төндіру кезеңдері жыл мезгілінің көктем айларынан бастап жаздың соңғы айларына дейін жалғасады. Кененің негізгі қорегі қан болғандықтан ол адам өміріне өте қауіпті. Адам өліміне әкелуі әбден мүмкін. Теріге енген кенені бірден алып тастау оңайға түспейді. Сол себепті кене шаққанда алдымен дәрігердің көмегіне жүгінген жөн. Бізде арнайы кене алатын құрал бар. Ол тиквестер деп аталады. Сонымен алып тастаймыз, ауруды жұқтыру кененің қан сору кезінде болады. Яғни, теріден алынған кенелерде вирустардың бар-жоғын анықтау үшін бірінші кезекте зертханаға сараптамаға жіберу керек.

Қолыңызда пинцет болмаса, оны жіп ілгегімен немесе оған вазелин жағу керек немесе өсімдік майын құю керек, себебі кене толығымен жабылуы керек. 5 минуттан кейін жіпті тарта бастау керек. Сол кезде 15-20 минут ішінде кене жойылады. Сосын ол аумақты йодпен немесе спиртпен зарарсыздандыру керек.

Не істеуге болмайды?

Дәрігер халық еміне жүгінбеуге кеңес береді.

"Кенені сығып немесе жарақаттау арқылы теріден шығаруды тіптен ойламаңыз. Олай жасаған жағдайда ондағы вирус бүкіл денеге тарап, жүйке жүйесіне қауіп төндіруі мүмкін. Сондай-ақ, адамның денесінде кене неғұрлым ұзақ болса, аурудың даму қаупі соғұрлым жоғары болады. Дегенмен кене ара емес, бірден тістемейді және оған екі сағат қажет. Сондықтан уақтылы тексеру көбіне барлық проблеманы жояды. Олар ұшпайды, секірмейді. Сондықтан қорғану үшін ағаштардан, жапырақты тоғайлардан қашқан жөн және жалаң аяқ шөпті баспау керек", - дейді маман.


© unsplash.com

Қалай қорғануға болады?

Инфекционист кенелер түрлі жұқпалы ауруларды таратушы жәндіктер болғандықтан, одан қорғануға тек кремдердің көмектесе қоймайтынын айтады. Дәрігердің сөзіне қарағанда, бірінші кезекте қыс айларының басында кене энцефалитіне қарсы екпе жасату қажет.

Сондай-ақ, дәрігер кенелердің тек таулы аймақтарда жүрмейтінін ескертеді.

"Сондықтан көктем, жаз мезгілдерінде, әсіресе, ағаш, шөп көп кездесетін аумақтарда ұзақ уақыт болсаңыз жеңі ұзын киімдерді кию керек. Ал дененің ашық жерлеріне аэрозоль, түрлі кремдерді жағып қою кенеден қорғануға за да болса әсерін тигізеді. Және ол кремдерді 1-2 сағат сайын жағып тұру керек. Шаштың түбіне де арнайы спрейлер жаққан абзал", - деп кеңес берді Нүсіпова.

Дәрігердің айтуынша, кене қанды 4-6 күн бойы сорып жүре беруі мүмкін. Себебі кене сілекейінің құрамында оның шаққанын мүлде сездірмейтін сұйық зат болады. Сондықтан жәндіктің шағып алғаны бірден сезілмейтін жағдайлар болады екен.

Кене шаққанның басты белгілері:

Бірақ дәрігердің айтуынша, бұл белгілер бірден байқалмауы мүмкін.

- дененің қалтырауы;
- кейде дене қызуы 37-39 градусқа дейін көтеріледі:
- терінің бөртіп қызаруы;
- бастың қатты ауыруы;
- бұлшықеттің ауыруы;
- әлсіздік;
- тәбеттің жоқтығы;
- тыныс жолдарының қабынуы

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети