Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 июня 2020 16:05

"Өкпе қарайып, жүрек нашарлайды" - коронавирустың салдары қандай болуы мүмкін?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүние жүзі бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 8 миллионнан асты. Оның ішінде жартысынан астамы, яғни, 4,1 миллион адам аурудан айығып шыққан. Коронавирус адам ағзасына қалай әсер етеді? Оның салдары қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Дүние жүзі бойынша, коронавирус жұқтырғандардың саны 8 миллионнан асты. Оның ішінде жартысынан астамы, яғни, 4,1 миллион адам аурудан айығып шыққан. Коронавирус адам ағзасына қалай әсер етеді? Оның салдары қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

"Адам жүрген кезде алқынып қалады"

Қытайлық дәрігерлер коронавирустан айыққан адамның өкпе жұмысы бәсеңдеуі мүмкін екенін айтады. Кей науқастың өкпесінің үш есе бәсеңдеп, сәл жүргеннің өзінде алқынып қалады екен. Дегенмен аурудың ұзақ мерзімді салдары әлі белгісіз.

14 наурызда Гонконг дәрігерлері зерттеу жүргізген. Сол күнгі жағдай бойынша, 131 науқас анықталған. Соның ішінде дәрігерлер аурудан айыққан 12 науқастың дем алуы қиындай түскенін анықтаған. Дәрігерлер аурудан айыққандарға аэробикамен, мысалы, өкпенің жұмысын қалыпқа келтіру үшін жүзуді қолға алуды ұсынған.

"Кей науқастардың өкпесінің жұмысы 20-30 пайызға бәсеңдеген. Олар қарапайым қыдырып келгеннің өзінде демігіп қалады", - дейді Гонконгтағы жұқпалы аурулар ауруханасының басшысы Оуэн Цзэн.

"Өкпе қарауытып кетеді"

SARS-CoV-2 вирусы ең алдымен тыныс алу жолдарына әсер етеді. Сондықтан вирусты орташа не ауыр формада өткізгендерде көбіне құрғақ жөтел пайда болады.

Deutsche welle мәліметінше, аурудан айыққан кей науқас компьютерлік томографиядан өткеннен кейін өкпесі қарауытып кеткені байқалған. Бұл коронавирустан айыққан адамның өкпесі нашарлауы мүмкін екенінің тағы бір дәлелі болуы мүмкін екен. Бұған дейін аурудың мұндай салдары ақпан айында Ухандағы зерттеу кезінде анықталған. Ухан университетінің зерттеуі бойынша, 140 адамның өкпесі тексеріліп, оның барлығында қарауыту белгісі анықталған екен.

Айта кетейік, Уханның орталық ауруханасында науқастарды емдеп жүрген Ху Вэйфэн есімді дәрігер коронавирус жұқтырып, артынша бүкіл денесі қарая бастаған. Артынша дәрігердің көз жұмғаны белгілі болды.

Аурудан айыққандарда коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасуы мүмкін бе?

Deutsche welle мәліметіне сүйенсек, көптеген сарапшы COVID-19-дан айыққандар аурудың бұл түріне иммунитет қалыптастырады. Бұл вирусты жеңіл түрде және ауру белгісі анықталмағандарға да қатысты. Адамның иммундық жүйесі вирусқа реакция беріп, қажет антидене қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан коронавирустан айыққандар оны қайтадан жұқтыруы екіталай екен.

Ал биология ғылымдарының докторы Анча Баранованың сөзінше, коронавирусқа қарсы мықты иммунитетті ауруды ауыр түрде өткергендерде қалыптасады. Ол РИА Новостиге берген сұхбатында былай дейді:

"Коронавирусты қайтадан жұқтырғандар болды. Олардың дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болды. Бірақ оларда коронавирусқа қарсы антидене қалыптасқан жоқ. Бұл науқастар вирусқа жауап ретінде жедел қалыптасатын интерферонның көмегімен инфекциядан арылды деген сөз. Бұл жағдайда интерферонның көмегі тиген, ал антидене қалыптаспаған, сондықтан мұндай науқастарда COVID-19-ға қарсы иммунитет жоқ", - дейді.

Одан бөлек, биологтың сөзінше, иммундық жүйесі өте мықты адамдар бар. Алайда олар тек 7-8 пайыз екен.

"Бізде иммундық жүйесі өте мықты супер-адамдар бар. Олардың антиденесін басқа науқастарды емдеуге қолдануға болады", - деді ғалым. 

Жүрекке әсер етеді

Коронавирусты жеңіл түрде өткізгендер де аурудың белгілі бір салдары болуы мүмкін. Бұл туралы лондондық профессор Азим Маджид Daily Mail-ге айтып берген. Оның сөзінше, СOVID-19-дан айыққандардың өкпесімен қатар жүрегі де нашарлауы мүмкін.

Ұлыбританиялық ғалымдардың зерттеуіне сәйкес, аурудың алғашқы белгілері 30 күннің ішінде пайда болып, артынша қайтадан жоқ болуы мүмкін. Ал кейбір науқастар үшін аурудың өзі "пост-ковид мүгедектігі" деп аталатын ұзақ және қиын күрестің басталғанын білдіруі мүмкін.

Ғалымдар мысал ретінде 48 жастағы үш баланың анасын келтірген. Ол коронавирустан айыққан кейін, дәрігерлер шығыс лондондық тұрғыннан дилатациялық кардиомиопатияны анықтаған: вирустың салдарынан жүрек бұлшықеті қатты қабынып, бүкіл денесінде қан айналымының жұмысы нашарлаған. Одан бөлек, өкпесінде тыртықтар қалған. Ұлыбританиялық дәрігерлердің сөзінше, коронавирустан айыққандар біраз уақыт бақылауда болуы керек.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети