1. Главная
  2. Узнай
  3. Технологии
  4. Медицина

Онколог Қазақстанда ең көп таралған қатерлі ісік түрлерін атады 06 февраля 2020, 09:31

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, елімізде соңғы 20 жылда қатерлі ісік аурулары көбейген. Статистикаға сүйенсек, былтыр
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

© pixabay.com © pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, елімізде соңғы 20 жылда қатерлі ісік аурулары көбейген. Статистикаға сүйенсек, былтыр елімізде 36 мыңнан аса адам қатерлі ісікке шалдыққан. Онколог Жансая Сатиева Tengrinews.kz тілшісіне елімізде ең көп таралған және қауіпті деген ісік түрлері туралы айтып берді.

Онколог көп жағдайда қатерлі ісіктің белгілері байқала бермейтіндіктен, дерттің асқына түсетінін айтады.

"Өкінішке қарай, қатерлі ісікке шалдыққандардың басым бөлігі аурудың III-IV кезеңінен асқан кезде ғана дәрігерге жүгінеді. Емдеудің небір тиімді әрі заманауи жолдары болуына қарамастан, науқасқа диагноз қойылған соң оның өлу қаупі 50 пайызға дейін артады. Бұл дәлелденген. Соңғы уақытта Қазақстанда өкпе ісігі, асқазан ісігі және сүт безі ісігіне шалдыққандар саны көбейіп жатыр. Әсіресе, өкпе қатерлі ісігі. Себебі көбі әдеттегі жөтелді пневмония ғана деп ойлап, дәрігерге қаралмайды. Шылым шегетіндер ғана өкпе обырына шалдықпайды. Мысалы, бронх қабынуы, пневмония, туберкулез сияқты созылмалы аурулар өкпе обырына тікелей себепші болады. Себебі өкпеде қатерлі ісік дәл осы аурулар асқынғанда бірден пайда болады", - дейді онколог.

Онколог қатерлі ісіктің алғашқы басты белгілерін атады

Дәрігердің айтуынша, 50-70 жас аралығындағы кісілердің де өкпе және асқазан қатерлі ісігіне шалдығу қаупі өзгелерден жоғары. 

"Асқазан қатерлі ісігі өте қауіпті. Оның басты белгілері - әлсіздік, салмақ тастау, тәбет болмауы, лоқсу, іш өту. Көбіне дұрыс тамақтанбау, газдалған сусындарды көп ішу салдарынан пайда болады. Қазір екінің бірі дұрыс тамақтанбайды. Ең қорқыныштысы, асқазан қатерлі ісігіне шалдыққан адам 20-25 келіге дейін салмақ тастауы мүмкін", - дейді дәрігер.

Ал ең қауіпті әрі көп тараған ісік түрі, онкологтың айтуынша, сүт безі қатерлі ісігі. Cсндықтан әрбір әйел адам жыл сайын тексерістен өткен жөн дейді дәрігер.

Онкологиялық аурудың алдын алу: Дәрігердің кеңестері

"Бірінші кезекте омырауға, яғни олардың көлеміне назар аударған жөн. Әдетте, ісіктің бірінші белгісі - бір омырау екіншісінен үлкендеу болады, яғни асимметриясы әртүрлі. Ол сырт көзге байқалады. Сондай-ақ, омырау ішке қарай тартылып, бұрмалануы мүмкін. Бұдан бөлек, тері өзгеріп, яғни ол апельсин қабығына ұқсас болады да, қолтық астында ісіктің пайда бола бастайды. Ол бірден байқалмаса да, қатерлі ісік дәл сол жерден басталады", - дейді Cатиева.

Сондықтан онколог дерттің алдын алу үшін жастар болсын, ересектер болсын жылына кем дегенде бір рет скринингтен тексеріліп, шылым шегу, алкоголь ішу сияқты зиян әдеттерден арылу керегін айтады.

Айта кетейік, бүгінде кез келген қазақстандық қатерлі ісік скринингі тексерулерінен тегін өте алады. 



Join Telegram