counter.yadro.ru
МИКС
08 мая 2019 | 14:31

Алматы қаласындағы 28 панфиловшы батырларға арналған ескерткіштің ашылу тарихынан

Иконка просмотров страница Иконка комментария страница

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қаласындағы 28 панфиловшы батырларға арналған ескерткіштің ашылу тарихынан: 2019-05-08 14:31:42 - прочитайте © Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінің қорларынан

Жыл сайын 9 мамыр Жеңіс күні Алматы жұртшылығы мен қала қонақтары Панфиловшылар саябағында орналасқан, бәрімізге белгілі "Даңқ мемориалы" атты сәулеттік-ескерткіш кешенінің құрамдас бөлігі 28 панфиловшылардың ерлігі құрметіне салынған "Подвиг" скульптуралық ескерткішіне соғыста ерлікпен шайқасып, Жеңіс күніне жеткізген жауынгерлердің рухына тағзым етуге, сонымен қатар "Мәңгі алауға" гүл шоқтарын қоюға барады. Бұл үрдіс талай жылдан бері дәстүрге айналған.


Иконка комментария блок соц сети

Жыл сайын 9 мамыр Жеңіс күні Алматы жұртшылығы мен қала қонақтары Панфиловшылар саябағында орналасқан, бәрімізге белгілі "Даңқ мемориалы" атты сәулеттік-ескерткіш кешенінің құрамдас бөлігі 28 панфиловшылардың ерлігі құрметіне салынған "Подвиг" скульптуралық ескерткішіне соғыста ерлікпен шайқасып, Жеңіс күніне жеткізген жауынгерлердің рухына тағзым етуге, сонымен қатар "Мәңгі алауға" гүл шоқтарын қоюға барады. Бұл үрдіс талай жылдан бері дәстүрге айналған.

Көзімізге үйреншікті болып қалған бұл ескерткіштің салыну тарихы 1966 жылдан басталады. 1966 жылдың басында Алматы қаласының жұртшылығы Қазақ КСР Министрлер Кеңесіне республика астанасының орталығынан 28 панфиловшы ерлігін мәңгілік ету мақсатында даңқ мемориалын салу жөнінде өтініш білдіреді.


© Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінің қорларынан

Бұл өтініш көп ұзамай республика басшылығының қолдауы арқасында жалғасын табады.

1967 жылдың 21 қаңтарында Мәскеудегі Орталық басшылық 1967-1970 жылдарға арналған тарихи тұлғалар мен тарихи оқиғалар құрметіне салынатын ескерткіштер мен монументалдық комплекстердің тізімін анықтайды. Осы қаулыға сәйкес Алматы қаласында 1941 жылдың күзінде Мәскеуді жаудан қорғауда ерлік танытқан 28 панфиловшы жауынгерлер құрметіне монументалдық ескерткіш салыну белгіленеді.

1967 жылдың 24 наурызында Қазақстан басшылығы осы қаулыға сәйкес ресми шешім қабылдап, республика астанасында, панфиловшылар саябағында аталмыш ескерткішті салу қолға алынады.

Болашақ ескерткіштің жобасын анықтау мақсатында бүкіл одақтық байқау ұйымдастырылып, байқаудың шарттары "Советская культура" газеті бетінде жарияланады.

Байқаудың қорытындысы бойынша бұл жобаның ақтық жеңімпазы атағы белоруссиялық мүсінші Артимович Анатолий Ефимовичке және Виктор Андрющенкоға бұйырады.

Даңқ мемориалының салыну процесі сегіз жылға созылады. Бұл жылдар аралығында болашақ ескерткіштің эскиздерінің бірнеше нұсқалары қаралып, олардың қаржылық есептерін анықтау, көркемдік деңгейін белгілеу сияқты аса маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

Кейінірек мүсін авторларының бірі Виктор Андрющенко осы күндерді былайша еске алады: "Мен бұл жобаны жүзеге асыруда бәрін айта алдым ба, ойымды жеткізе алдым ба, ол жағын білмеймін. Менің басты мақсатым, жауынгерлер қола мүсінде болса да, тірідей көрініп, мәңгілік ержүрек батырлар ретінде көрінсе екен дедім".

Мемориалдың архитектуралық бөлігін алматылық архитекторлар Т. К. Басенов, Р. А. Сейдалин, Э. И. Цой жасады.


Мүсіншілер В. В. Андрющенко және А. Е. Артимович құрылыс алаңында. Алматы қаласы. 22 сәуір 1978 ж. © Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінің қорларынан

Даңқ мемориалының ашылу салтанаты 1975 жылдың 8 мамырында, Жеңістің 30 жылдығы қарсаңында болды.

Даңқ мемориалының ашылу салтанаты құрметіне ұйымдастырылған митингі басталмай тұрып аэропорттан 28 панфиловшылар атындағы саябаққа қарай бронетранспортерлер колоннасы бет түзеді. Колоннады он бронетранспортер қаһарман қалалар мен қаһарман қамал Бресттің қасиетті топырағы толтырылған снаряд гильзаларын әкелді.

Бұл салтанатты шеруді Алматының аэропортынан бастап, саябаққа дейінгі жол бойында қала тұрғындары қарсы алып тұрды. Олардың көпшілігі – жауға қарсы шайқасқан немесе тылда жанқиярлықпен еңбек еткен жандар еді.

1975 жылдың 8 мамырында сағат күндізгі 14-те Даңқ мемориалының ашылу салтанатына арналған митингі басталды.

Митингінің ашылу рәсімі Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д. А. Қонаевтың алқызыл лентаны қиуымен басталып, скульптуралық тұлғалар шоғырының үстінен ақ жапқыш төмен түсірілген кезде, жиналған жұртшылық жалтыраған тас тұғырларға қондырылған батырлардың – соғыста қаза тапқан және қан майданнан аман қалған ер жүрек жауынгерлердің өшпес ерлік бейнесінің қолаға сомдалған мүсіндерін көрді.

Митингіде аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының ардагері А. Өтепов, соғыс ардагері Н. И. Терехин, сондай-ақ Социалистік Еңбек Ері Күлпаран Жанетова сөз сөйлеп, жұртшылыққа, мемориалдық комплекстің авторларына алғыстарын білдірді.


© Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар архивінің қорларынан

Құрметті қарауыл тобы арнаулы тұғырларға қаһарман қалалар Москваның, Ленинградтың, Киевтің, Минскінің, Волгоградтың, Севастопольдың, Одессаның, Керьчтің, Новоросийскінің және қаһарман қамал Бресттің қасиетті топырағы толы гильзаларды орнатты.

Республика басшылары, Ұлы Отан соғысының ардагерлері паркте Ұлы Жеңіс құрметіне ағаштар аллеясын отырғызды.

Соғыста қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым ету үшін Даңқ мемориалына келіп жатқан қала тұрғындарының тасқыны толассыз болды.

Даңқ мемориалы Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің республикамызда жасақталған Панфилов дивизиясының қаһарман жауынгерлер құрметіне ғана емес, еліміздің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін жанын пида еткен адамдардың бәріне орнатылған ескерткіш болып қалады.

Алғабаева Құндыз Ойратовна, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Орталық мемлекеттік архивінің қызметкері

Лого TengriNews мобильная Лого TengriEdu мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная