Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 мая 2019 14:58

Алла Пугачева менің әлем жұлдызы болғанымды түсінде көріпті - Ержан Максим

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдегі "Голос. Дети" байқауына қатысып, екінші орын алған Ержан Максим және оның анасы Гүлмира Әлібек арнайы Salem social үшін әзірленген Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына қонақ болып, жоба дауына қатысты және Ержанның өмірі мен алдағы жоспары жайлы кеңінен әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ресейдегі "Голос. Дети" байқауына қатысып, екінші орын алған Ержан Максим және оның анасы Гүлмира Әлібек арнайы Salem social үшін әзірленген Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасына қонақ болып, жоба дауына қатысты және Ержанның өмірі мен алдағы жоспары жайлы кеңінен әңгімелеп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ержанның анасы сұхбатында "Голос. Дети" байқауында іштей жеңіске деген үміттің басым болғандығын айтады. Бірақ, байқау нәтижесінен кейін отбасының "әттеген-ай" деген тұстары да болған. Өз сөзінде, жас таланттың анасы жоба барысында қатты қиналғандығын және уайымдағанын жасырмады: "Жүрегім кәдімгі ұшып кететіндей, қатты қиналып отырдым. Өйткені, бұл өте қиын ән болды ғой. Димаштың, тональностында, жоғары тональноста айтты. Ержанға ұйымдастырушылар да таңғалды. Жанымда қызым мен жолдасым отырды. Солардың қолын қысып, екі қолым үйіп, бір Алладан тіледім".

Байқау қорытындысынан кейін Ержанның даусы қарлығып, ауырып қалған. Ұлының бұл жағдайынан кейін көңілі түскен отбасы мүшелерінің барлығы құшақтасып жылап та алған екен. Десе де, Гүлмира Әлібек ұлының бас жүлде алмауына ақшаның әсері болды дегенге сенгісі келмейді. Оның айтуынша, ресейлік әнші Алсу да, жеңіске жеткен оның қызы Микелла Абрамова да өмірде өте қарапайым жандар.

Ал Ержан Максимнің өзі "Голос. Дети" жобасында бас жүлде алмағанына ренжімейтінін, қайта қуанышты екенін айтты. 

"Бас жүлде алсам, олар менің жай құттықтап қоя салатын еді. Бас жүлде алмаған соң, адамдар мені қолпаштап, көп адам танып, әншілер өз парақшаларына суреттерімді салып құттықтап жатты, Instagram-дағы парақшама қаншама адам тілек білдірді. Бұл мені, әрине, қуантты", - дейді
жас талант.

Сондай-ақ, Ресей примадоннасы Алла Пугачева жоба финалистері Ержан Максим, Роберт Багратян, Нино Чеснер және Анастасия Иванованы жеке қабылдап арнайы сыйлық тарту еткен. Сұхбат барысында Ержан Алла Пугачеваның жоба финалистерінің болашағы жайлы көрген түсін айтып бергенін де әңгімеледі.

Сұхбат барысында Ержанның ата-анасы ұлдарының болашағы үшін, мамандықтары бойынша жұмыстан бас тартқаны анықталды. Анасы Гүлмира біраз жыл психолог болып жұмыс атқарғанымен, қазір Ержан өнер жолына келгелі бері, бәрін ысырып қойған. Ал әкесі болса, күнкөрістің қамы үшін, көлік жүргізуші болып қызмет атқарады. 

Ал Ержанның бойындағы дарын қанмен берілген қасиетке ұқсайды.

"Ержанның атасы кезінде ән айтқан. Әлі күнге дейін гормошка, домбырамен ән айтады. Менің әкем де аккордеонда ойнап, ән шырқайды. Жолдасым да, мен де, қыздарым да кәсіби музыкант болмағанмен, хабарымыз бар", - деп атап өтті анасы.

Ұлдарының өнері үшін барын салатын ата-ана, тәрбиеге келгенде Ержанды еркелете бермейтін болып шықты.

"Ұрады, ондай кездер болады. Ырбаңдап, андай-мындай болып жатса, "үйге бар, зыг-зыг спать қылып жіберемін" деп айтады" деп күлді Ержан.

Бүгінде Ержан Максимге жан-жақтан ұсыныстар түсіп жатыр екен. Отбасы алдағы қадамдарын ойланып, ақылдаса келе шешпек. 

"Лондоннан хабарласты. Ұлыбританияның Х-фактор жобасына шақыртып жатыр. Ұйымдастырушылары емес, бір адамдар қатысып көрсе деп ұсыныс білдірді. Ойланып отырмыз. Сабақтары қалып қойды. Оның үстіне, Ержан ағылшын тілін оқуы керек. Енді басты мақсат - Ержанды музыкалық мектепке беріп, білімін шыңдау. Ұсыныстарды отбасымызбен, мамандармен ақылдаса отыра, бірге шешім қабылдаймыз. "Голос. Дети" жобасынан бөлек, "Юнайтед" деген компаниямен бір жарым жылға келісімшартқа отырғанбыз. Оның аясында жоба финалистері тур жасайды" - дейді Гүлмира Әлібек.

"Голос. Дети" байқауы барысында Ержан өзінің Мәскеу қаласында музыкалық мектепте оқығысы келетіндігін айтқан болатын. Десе де, сұхбат барысында анасы ер жеткенше Ержанның елде қалатындығын ашып айтты.

Еске салайық, оралдық Максим Ержан "Голос. Дети" жобысының финалында 27,9 пайыз дауыс жинап, екінші орынды иеленген болатын. Байқауда ресейлік танымал әнші Алсу мен бизнесмен Ян Абрамовтың қызы Микелла Абрамова көрермендер тарапынан 56,5 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені жеңіп алды. Алайда, байқау нәтижесі желіде үлкен дау тудырып, көпшілік нағыз жеңімпаз деп Ержан Максимді таныды.

Ержан Максим мен анасы Гүлмира Әлібектің толық сұхбатын арнайы Salem social үшін әзірленген Аман Тасығанның TalkLike бағдарламасынан біле аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети