Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 сентября 2020 13:49

"Әр қазақ домбыра тарта білуі керек". Vogue жазған жас домбырашы Маржан Қапсамат

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Instagram/marzhankapsamat Фото: Instagram/marzhankapsamat

Маржан Қапсамат - 23 жаста, Баянауыл тумасы. Отбасында кәсіби музыкант жоқ. Бірақ әкесі домбырамен ән айтып, Маржан қыздың қасиетті аспапқа деген қызығушылығын бала күннен оятқан. Осылайша ол 4-сыныпта домбыра тартуды үйрене бастаған және бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында өз домбыра мектебін ашты.


Маржан Қапсамат - 23 жаста, Баянауыл тумасы. Отбасында кәсіби музыкант жоқ. Бірақ әкесі домбырамен ән айтып, Маржан қыздың қасиетті аспапқа деген қызығушылығын бала күннен оятқан. Осылайша ол 4-сыныпта домбыра тартуды үйрене бастаған және бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында өз домбыра мектебін ашты.

АҚШ-тың Vogue басылымы Іnstagram желісіндегі парақшасында (@voguemagazine) Көбейтұз көлінде домбыра тартқан қазақстандық Маржан Қапсаматтың видеосын жариялады.

"Қазақстандық Маржан Қапсаматпен таныс болыңыздар. Ол Қазақстанның ежелгі мәдениетін инстаграм әлеміне алып келді. 23 жастағы бойжеткен ұлттық аспап домбырада ойнағанымен танымал", - деп жазды Vogue.

Маржан Дәулеткерейдің "Көрұғлы" күйін орындаған болатын. Tengrinews.kz тілшісі АҚШ жұртын таңғалдырған Маржан Қапсаматпен тілдесті.

"Соңына дейін сенбедім"

Маржанның айтуынша, Лиана есімді журналист хабарласып, сұрақ қойған. Бірақ өзі оның шынымен басылым үшін материал дайындалып жатқанын жарияланғанға дейін сенбеген.

"Шынымды айтсам, мүлдем күтпедім. Соңына дейін сенбедім десем де болады. Желіде өзі үшін жазып жүрген блогтар болады ғой. Басында маған Лиана @liana_ava жазып жүргенде солай деп ойладым. Ол апта бойы бірнеше сұрақ қойды. Неге сонша ұзақ деп те ойладым. Кейін бәрін ашық, қаз-қалпында берді. Расын айтсам, қайда, қандай сұхат беріп жатқанымды сезіне алмай, қабылдай алмай жүрдім", - деп бөлісті Маржан өзі туралы америкалық басылым жазғанын көрген кездегі эмоциясын айтып.

"Әкемнің қасында домбыра ұстап өстім"

Өзін Баянауылдың тумасымын деп таныстырған жас қыз бүгінде Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі. Домбыраны алғаш әкесінен көрген. Бірақ отбасында өзінен басқа кәсіби музыкант жоқ.

"Жасым 23-те, Баянауыл өңірінің тумасымын. Отбасымда музыкант жоқ. Бірақ әкем жағынан туыстарым музыкаға жақын. Баян, домбыра аспаптарында ойнайды. Әкем домбырамен ән айтады. Кәсіби түрде музыкамен шұғылданатын - мен ғана. 28 жастағы ағам бар. Кішкентайымнан әкемнің қасында домбыра ұстап өстім. Тек мектепте 4-сыныптан бастап Баянауылда Жаяу Мұса атындағы өнер мектебінің домбыра класы бойыншы бір жыл оқыдым. Кейін Қарағанды қаласындағы № 1 өнер мектебіне ауыстым. Сол мектепті бітіргеннен кейін Тәттімбет атындағы өнер мектебін тәмамдадым. Осы жылы елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің түлегі атандым", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Открылась моя первая студия Домбры ✅ Альхамдуллилях!!! ⠀ Хочу поблагодарить Всех кто пришел и поддержал меня!❤️ Большое Вам СПАСИБО! Я ценю, люблю и уважаю каждого!!! ⠀ Впервую очередь благодарю родителей, за ВСЕ❤️❤️❤️ Моя сила, поддержка и опора!❤️ @z.abduova.71 (папа не активен в соц. сетях?) ⠀ Спасибо @dinarasatzhan , что поддержали меня и перерезали ленту.❤️ Сиздин жолынызды берсин?? ⠀ Спасибо моей тетушке @amirkyzy_anar которая всегда рядом❤️ Кстати, это тот человек который остается всегда за кадром ? Почти все видео снимала она)) Мастер на все руки?❤️ ⠀ Также моей модной бабушке @khamitova5823 ? Спасибо что уделили время и пришли❤️ ⠀ Отдельное СПАСИБО тем, кто помогал в техническом плане? Ценю!!! Спасибо! ⠀ Моя @aidana_amangeldyy Спасибо❤️ Сестренка Амина @amangeldyeva2 ❤️ Менин айтканымды жерге тастамай,дайындалып,фортепианода өнер көрсетті❤️ Отметила всех❤️ Люблю❤️

Публикация от Marzhan Kapsamat (@marzhankapsamat)

"Домбыра студиясын аштым"

Маржан жақында домбыра студиясын ашып, оған өзімен қатар жастарды ұстаз етіп шақырған. Айтуынша, жас мамандарға балалармен тіл табысу оңай.

"Жақында домбыра студиясын аштым. Бірақ тек домбыра емес, вокал, гитара, жетіген және дәстүрлі ән бағыттары бар. Басқа салалар болғанымен домбыра студиясы деп атадым. Себебі домбыраны, қазақ дәстүрін насихаттауды қалаймын және менің атым аталған еске домбыра түсетіндей болғанын қалаймын. Қазір оқушылар жазылып жатыр. Көбі домбыраға келеді. Мектебімізде бәрі жас мұғалім, олармен жұмыс істеу оңай. Баламен дос сияқты сөйлесіп, тез тіл табысып кетеді. Студия болған соң музыка мектебіндегідей қатаң талап, емтихандар жоқ. Әркім өз қалауымен үйренеді. Конкурстарға дайындаймыз. Алдағы уақытта халықаралық конкурстарға баруды жоспарлап отырмыз", - деді домбырашы.

"Әр үйде домбыра"

Маржан домбыра студиясын тек Қазақстан қалалары емес, шекарадан асырып, сырттағы отандастар мен шетелдіктерге домбыраны насихаттауды армандайтынын атап өтті.

"Менің "Әр үйде домбыра" деген жобам бар. Арманым - әр қазақ домбыра тартса екен. Бұрын кез келген қазақ домбыра шертетін. Сол сияқты болса деп армандаймын. Содан кейін Қазақстанның басқа қалаларында мектеп ашқым келеді. Кейін шетелде ашып, сол жақта жүрген отандастарымызға домбыра қолжетімді болғанын қалаймын. Тек домбыра емес, жетіген, қылқобыз, дәстүрлі ән, қазақ тілі деген сабақтарды оқытқым келеді. Келесі жылы елшіліктермен сөйлесіп, іске асады деп ойлап отырмын", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

"Көңіл толқыны". ⠀ #домбыра

Публикация от Marzhan Kapsamat (@marzhankapsamat)

"Әр қазақ домбыра тарта білуі керек"

Маржанның айтуынша, домбыраны әлемге таныту үшін әр бала оны жатқа білетіндей насихаттауы керек.

"Кез келген кішкентай баладан фортепиано, скрипка деген не деп сұрасаң біледі. Домбыраны да солай әлемдегі барлық бала білгенін қалаймын. Домбыраны әлемге насихаттау үшін әрбір қазақ домбыра тарта білуі керек. Концерттер қою керек. Біздің елден басқа елдерге оркестрлер барып тұрады. Соларды көбейту керек және барғанда шетелдің шығармасын емес, біздің күйлерді орындағанын қалаймын", - деп арманын бөлісті жас домбырашы.

"Чувствую души предков". О домбристке с розового озера Кобейтуз написал Vogue

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети