Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 апреля 2021 12:31

"Аса ауыр". Біржан Хасанғалиев әкесінің жағдайын айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/eskendir_khassangaliev © instagram.com/eskendir_khassangaliev

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық әртісі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев коронавирус жұқтырған ата-анасының жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық әртісі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев коронавирус жұқтырған ата-анасының жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біржан Ескендірұлының айтуынша, Ескендір Хасанғалиевтің жағдайына дәрігерлер "аса ауыр" деген баға беріпті.

"Әкемнің жағдайына қатысты дәрігерлер кейінгі төрт күндегі көрсеткіштерге сүйеніп, "аса ауыр" деген баға беріп отыр. Осыдан екі жарым жыл бұрын әкем жүрегіне күрделі ота жасатқан болатын, соның да әсері бар ма деп ойлаймыз. Өкінішке қарай, қазір ИВЛ (жасанды тыныс алдыру аппараты - Авт.) аппаратына қосылған. Алайда дәрігерлердің айтуынша, алдағы 5-6 күн ішінде жағдайы жақсарып қалуы мүмкін. Бүкіл халық болып әкемнің тілеуін тілеп, жылы тілектерін жаудырып жатыр, содан болар өзімізде де сенім пайда болды. Қазақ "Көптің тілеуі көл", деп бекер айтпайды", - деді Біржан Хасанғалиев.

Әншінің айтуынша, анасы Дарико Хасанғалиеваның жағдайы оңалған.

"Анамның жағдайы жақсарып келеді, емін алып жатыр. Жақын күндері жансақтау бөлімінен шығады. Дәл қазіргі арманымыз - ата-анамыздың аман-есен ортамызға оралуы. Қасиетті Рамазан айында балаларымызға дейін тілеген дұға, тілегіміз қымбат жандарымыздың бұл дерттен құтылуы болып тұр. Сахнада 60 жыл жүрген Ескендір Хасанғалиев өмірін қазақ халқына арнап келеді, халық та тілеуін тілеп, қазір алаңдаулы", - деді ол.

Сонымен қатар, Біржан Хасанғалиев атасының әнін айтып отырған ұлының видеосын Instagram-парақшасына жүктеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтердің жансақтау бөлімінде жатқаны хабарланған болатын.

Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Ол әншi, композитор, музыкант, Қазақ КСР-нің, Қазақстанның халық әртісі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Батыс Қазақстан облысының және Алматы қаласының Құрметті азаматы.

Ескендір Хасанғалиев Құрманғазы атындағы консерваторияны, кейін әл-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрген, ол Қaзaқстaн эстрaдaсының белгілі әншiлерi орындaйтын тaнымaл әндердiң aвторы. Хaсaнғaлиевтiң "Әдемi", "Aсыл aрмaн", "Ескірмеген махаббат", "Aтaмекен" әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен тыңдайды.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети