Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
24 февраля 2020 09:10

"Болмайтын тірлік". Әншілер фонограмманы алдын ала ескертуге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Енді қазақстандықтарға концерттегі фонограмма туралы ескертіледі. Бұл ұсынысты бұған дейін Мәжіліс депутаттары да айтқан. Ережені қолданыстағы мәдениет туралы заңға енгізу жоспарланып отыр. Бұл таңдау құқығы үшін жасалынады. Ереже билет бағасына міндетті түрде әсер етеді. Жалпы мұндай тәжірибе көп елде бар. Заң қабылдаған жағдайда кез келген шетелдік, қазақстандық әртіс заң шеңберінде жұмыс істейді. Жаңа ереже туралы әншілер не ойлайды? Tengrinews.kz тілшісі өнер адамдарынан сұрап көрді. 


Енді қазақстандықтарға концерттегі фонограмма туралы ескертіледі. Бұл ұсынысты бұған дейін Мәжіліс депутаттары да айтқан. Ережені қолданыстағы мәдениет туралы заңға енгізу жоспарланып отыр. Бұл таңдау құқығы үшін жасалынады. Ереже билет бағасына міндетті түрде әсер етеді. Жалпы мұндай тәжірибе көп елде бар. Заң қабылдаған жағдайда кез келген шетелдік, қазақстандық әртіс заң шеңберінде жұмыс істейді. Жаңа ереже туралы әншілер не ойлайды? Tengrinews.kz тілшісі өнер адамдарынан сұрап көрді. 

Әнші Өмірқұл Айниязов кез келген уақытта концертті 70-80 пайыз жанды дауыста бере алатынын айтады. 

"Менің түсінгенім бойынша, енді әнші концерт 50 не 20 пайыз жанды дауыста өтетінін ескертуі керек. Әрине, заң қабылданып жатса қолдаймыз. Мен өзім домбырамен де, былай да айтатын әнші болғандықтан кез келген уақытта концертті 70-80 пайыз жанды дауыста беремін деп айта аламын. Бір концертте 20 шығарма орындасам, 10-12 әнімді жанды дауыста айтып бере аламын. Ал былай тек жанды дауыста ән айтуға қарсы емеспін. Негізі даусы жоқ әншіні компьютер әнші қылады дегенге сенбеймін. Кішкене әрлеуі мүмкін", - дейді әнші. 

Ол заң қабылданған күннің өзінде оны кім бақылауға алады деген сұрақ алаңдататынын айтты. 

"Оны концерт қойған кезде қадағалап, кім тексеріп жүреді? Ол да, меніңше, болмайтын тірлік. Оны қалай тексереді? "Мынау фонограммамен айтты" деп агенттіктерге кім айтады? Меніңше олай тіміскілеп жүру былайша айтқанда этикаға сай келмейді. Негізі олай алдын ала ескертіп айтып, "Мен бүгін 50 пайыз фонограмма тыңдаймын" деп келген жағымсыз сияқты. Маған ол күлкілі болып көрінеді. Кей әншілер 100 пайыз жанды дауыспен айтамын деп, арасында фонограмма қосып жіберуі мүмкін. Оны кім аңдып отырады?", - дейді Өмірқұл Айниязов. 

Әнші Жеңіс Ысқақов бұл заңды толығымен құптайтынын айтты. 

"Бұл заңның қабылданғаны өте дұрыс. Мен Кеңес үкіметінен келе жатқан әнші болғандықтан қолдаймын. Бұрын біз ансамбльде үш жылда бір кәсіби әнші бола тұра емтихан тапсыратынбыз. Ол әншінің кәсіби деңгейі жоғалған жоқ па, ән айта ала ма деген мақсатта алынатын. Ал қазір ондай жоқ. Неге? Себебі фонограммамен айтатын болғасын әншінің кәсіби деңгейі бар ма, жоқ па бәрібір болып қалды. Жалпы әншілер тек жанды дауыста айтуға 100 пайыз дайын. 

Бірақ бір мәселе бар: техникамен жабдықтау керек. Техника ақсап тұр - сондықтан әншілер жанды дауыста айта алмайды. Бізге тірідей айта алатын мүмкіндік берсін. Мен ол ұсынысты қолдаймын, бірақ қосымша тапсырма беремін: техника жөнделсін. Одан бөлек, үлкен халық әртістерінен құралған кеңес керек. Бұрын әр ұжымда әншілер аттестациядан өтетін. Қазір де әр әнші жыл сайын аттестация тапсырып тұруы керек деп есептеймін", - дейді Жеңіс Ысқақова. 

Әнші, продюсер Қыдырәлі Болман да бұл заңды қолдайтын айтты. Сондай-ақ Қыдырәлі Болман да еліміздегі көптеген концерт залында жанды дауыста өнер көрсету үшін әлі техникалық жабдық жоқ екенін айтады. 

"Мен біреудің пікірін түзеп, қарсы шыға алмаймын. Бұл жердегі бірінші сұрақ, кәсіби мамандар қаншалықты дайын? Әншінің өзімен бірге ертіп жүретін командасы болады. Екіншіден, біздегі концерт залдары. Көбі орта есеппен 500 адамдық зал. Үлкен залдарға концерт өткізсең команданың шығыны шығады. Сонда жанды дауыста өнер көрсету үшін билетті қаншадан сату керек? Өте қымбат қоюға да болмайды. Шығыныңды ақтау үшін, оның үстіне пайда табу үшін неше концерт өткізуің керек? 

Сондықтан бұл жердегі мәселе 1,5-2 мың орындық залдар болса және олар толығымен жанды дауыста концерт өткізу үшін жабдықталуы керек. Қазіргі уақытта жанды дауыста концерт беру қиын. Оған мамандар да, техникалық жабдық та дайын емес. Әрине, астана мен Алматыда бұл жағынан мәселе жоқ. Ал Қазақстанның өзге өңірлерінде тек жанды дауыста өнер көрсету үшін дайынбыз ба?", - дейді әнші. 

Продюсер жанды дауыста өтетін концерттердің шығыны көп болатынын айтады. 

"Негізі қазір өзін құрметтейтін әншінің барлығы бұл заң шықпай-ақ жанды дауыста концерт береді. 90-95 пайызға жуық әнші жанды дауыста айта алады. Ол заңның қабылдануына ешкім қарсы емес. Иә, біреулер әнмен қатар билеп өнер көрсетеді. Ондай кездері фонограмма қосуға болады. Ол әлемде бар дүние. Бірақ жанды дауыстағы концерттің шығыны екі есе болады", - дейді Қыдырәлі Болман.

Қыдырәлі Болманның айтуынша, концерт залдары болсын, той иелері болсын жанды дауысқа қажет құрылғы мәселесі туындағанда көбі "фонограммамен айта салған дұрыс" дейді екен.  

"Бірақ барлығы қалыптасып, осы мәселе ғана қалып қойған болса, дұрыс дер едім. Жалпы қарсы да емеспін. "Ұлытау" тобы концерттерге немесе тойға шақырылған кезде қосымша құрылғылар қою керек. Сондай мәселе туындағанда жұрттың көбі "фонограммамен айта салыңдаршы" дейді. Негізі жанды дауыста өнер көрсеткен кезде әнші рахаттанып қалады. Кезінде тірідей ән айту қалыпты жағдай болатын. Бірақ кейіннен теледидарда ән айтып, концертке барған кезде қосымша құрылғының болмауы фонограмманың қалыпты жағдайға айналуына әкелді. Ол әншілердің таланты жетпейді деген сөз емес. Ол жүйеден. Сондықтан жанды дауыстағы концерттің бағасы қымбаттау, ал фонограммамен өтетін кеш арзандау болады. Қазір сондай жүйе қалыптасып қалды", - дейді әнші. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 445.66   490.7   4.78 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети