Димаш Құдайберген бұған дейін кімдермен дуэт айтты?

18 Шілде, 15:43
6
Димаш Құдайберген бұған дейін кімдермен дуэт айтты? - © Tengrinews.kz коллажы
© Tengrinews.kz коллажы

Димаш Құдайберген Instagram желісіндегі парақшасында жаңа дуэттың дүниеге келетінін айтқан болатын. Алайда, нақты кіммен ән салатынын айтпады. Күні кеше ғана әншінің барша тыңдармандары асыға күткен бұл дуэт World Music Awards жеңімпазы, атақты әнші Лара Фабианмен болатынын хабарлады. Tengrinews.kz тілшісі Димаштың бұған дейін қандай әншілермен дуэт орындағанына шолу жасады. 

Игорь Крутой

Димаштың Instagram-парақшасына қарап, оның Ресей және Украина композиторы Игорь Крутоймен жақсы араласатынын байқауға болады. Сондай-ақ Димаштың репертуарында композитордың әндері өте көп. Жақында ғана Беларусьтің Минск қаласында Екінші Еуропалық ойындарының салтанатты ашылуында әнші композитордың сүйемелдеуімен "Ogni Pietra" атты әнді орындаған. 

Сонымен қатар, Димаш композитормен Ресей Федерациясы Ішкі істер органдары қызметкерлерінің күніне арналған концертте Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен "Любовь уставших лебедей" атты әнін орындап шыққан болатын.

Кристина Орбакайте

"Опять метель" әні Димашқа "Славян базары" байқауында сәттілік әкелген болатын. Димаш астанадағы концертінде  актерлік шеберлігін арнайы көрсеткен нөмірінде Кристина Орбакайтемен әдемі дуэт құрды. 

Shan Venje

Қытайдың Чанша қаласында өткен I am singer жобасының ақтық мәресінде Димаш Қытай әншісі Шан Венжемен ән салған болатын. 

Финалда Димаш поп королі Майкл Джексонның төрт әнін бір композицияда орындап шыққан: The Way You Make Me Feel, Dangerous, Billie Jean, Earth son.

Tia Rey

Tia Rey - қытайлық әнші. Әншілік мансабы "Қытай дауысы" байқауынан басталған. Димаш Тиамен Қытай елінің жаңажылдық концертінде өнер көрсеткен болатын.

"Бүгін Тиа екеуміз бірге өнер көрсеттік. Өте талантты қыз!", - деп жазбасымен бөліскен екен Димаш. 

Майра Мұхамедқызы

Жарық жұлдыз отандық танымал әншілермен де дуэт айтқан. Соның бірі опера майталманы Майра Мұхамедқызымен. Дуэттың қазіргі таңда "Аққуым" атты әні бар. 

Сүндет Байғожин

"Үлкен Опера-2016" халықаралық жобасында Қазақстанның атынан өнер керсеткен опера әншісі Сүндет Байғожин Димаш Құдайбергенмен дуэт орындаған болатын. Байқауда жұп "Notre Dame de Paris" мюзиклінің "Tu vas me détruire" ариясын орындаған болатын. Қос әншінің де даусының мүмкіндігін көрсететін туындының орындалу шеберлігі көрерменді тәнті етті.

"Мен үшін Қазақстанның "алтын дауысы" Сүндет Байғожинмен ән айту үлкен мәртебе. Қазір"Үлкен опера-2016" халықаралық жобасын қалдырмай қарап келемін", - деп пікір білдірген еді сол кезде Димаш Құдайберген.

Зарина Алтынбаева

2017 жылғы Универсиаданың ашылуында әнші италиян тілінде заманауи өңдеудегі опера ариясын орындады. Фигуристер мен бишілер өнер көрсеткен бұл нөмір өте әсерлі көрінді. 

Раушан Құдайбергенова

Димаш Қазақстан халқының бірлігі күніне орай астанаға келіп, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясынан кейін Елбасы - Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев тамашалаған концертте қарындасы Раушанмен дуэт айтқан болатын. 

Дуэт атақты Селин Дионның "All by myself" атты әнін орындады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц