Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 августа 2019 12:14

Димаш Құдайберген саундтрегін орындаған сериал жайлы не білеміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Вперед, Кальмар" сериалының постері. © Tengrinews.kz "Вперед, Кальмар" сериалының постері. © Tengrinews.kz

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген саундтрегін жазған қытайлық сериалдың атауы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген саундтрегін жазған қытайлық сериалдың атауы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Димаш саундтректі "Вперед, Кальмар" ("Алға, Кальмар") телехикаясына жазыпты. 2019 жылы жарық көріп, қытайлық ZJTV, Dragon TV телерналарында көрсетіліп жатқан сериал комедия, мелодрама жанрында түсірілген. Айта кетейік, бүгінде Желіде сериалдың 16-сериясы пайда болды. 

Сериал киберқауіпсіздік саласының кәсіпқой маманы Хань Шань есімді жігіт пен оған ғашық қыз жайлы. Сюжет бойынша, жігіттің өз компаниясы болады. Табысы да жоғары. Қытайлықтың басты мақсаты - мықты IT мамандарын тауып, команда құру. Осылайша кәсіпкер мықты командасымен әлемдік деңгейдегі киберқауіпсіздік жарыстарына қатыспақ болады.


Сериалдың постері

Күндердің күнінде қаладағы интернет-кафеде киберспортшы Тун Нянь есімді қызды жолықтырады. Бейтаныс қыз да компьютерлік ғылымдарға және анимеге жақын болып шығады. Өзі студент, бос кезінде кафеде әкімші болып қосымша табыс табады. 19 жастағы студент қыз ол жігітті бірден ұнатып қалады, бірақ Хань Шан оған аса назар аудармайды. Бірақ Тун Нянь өз дегенінен қайтпай, жігітті интернеттен тауып, оған жаза бастайды. Дегенмен ол осы әрекеттерімен жігіттің көңілін аудартуға тырысады. Себебі киберспортшы барлығын уақытын жеке өмірге емес, жұмысқа арнағанды жөн көреді екен.


Сериалдан алынған кадрлар. © doramy.club

Айта кетейік, "Алға, Кальмар" 41 сериядан тұрады, әр сериал 45 минутқа жалғасады. Телехикаяда Ли Сянь, Ян Цзы, Ху И Тянь, Ли Цзэ Фэн, Ли Мин Дэ, Ван Чжэнь есімді актерлер ойнайды. Сериалдың режиссері - Сян Сюйцзин.

Еске салайық, мұның алдында Димаш Құдайбергеннің жаңа Couldn't Leave ("Кете алмаймын") атты бейнебаяны шыққаны хабарланған болатын. Жаңа әннің бейнебаянын әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялаған еді. Димаштың жанкүйерлері таңданысын жасырмай, қызу талқылап жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 442.05   490.7   4.74 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети