Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
15 октября 2019 10:58

"Екінші Төлегенова". Қызылордалық ерекше дауыс иесі Қазнетті таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Миуа Төлегенова. © Tengrinews.kz коллажы Миуа Төлегенова. © Tengrinews.kz коллажы

Күні кеше әлеуметтік желіде даусы ерекше әжей желі қолданушыларын таңғалдырды. Tengrinews.kz тілшісі жезтаңдай әншінің кім екенін анықтады.


Күні кеше әлеуметтік желіде даусы ерекше әжей желі қолданушыларын таңғалдырды. Tengrinews.kz тілшісі жезтаңдай әншінің кім екенін анықтады.

Видеодағы әнші - Миуа Төлегенова. Ол - Қызылорда өңірінің тумасы. Бүгінде зейнетке шыққан. Әнші жайлы немере әпкесі Рауия Опабекова әңгімелеп берді.

"Миуа қазір сәл ауырыңқырап қалғандықтан сіздермен байланыса алмады. Жалпы ол музыка-педагогика факультетінде оқуын жақсы бітірген соң сол факультетте "дауыс қою" (вокал) сабағынан дәріс беріп, зейнетке сол жерден шықты. Облыстық "Сыр сұлуы" ән-би ансамблінің солисі, бишісі болды. Ансамбльмен шетелдерге шығып жүрді. Оның ішінде Йемен, Корей елдеріне де барып келген", - дейді әншінің әпкесі. 


Миуа Төлегенова "Сыр сұлуы" ән-би ансамблінің құрамында (Ортасында)

Опабекова ерекше дауыс иесінің бірнеше рет жеке концерт бергенін атап өтті. 

"Жақсының жақсылығы айтылса, оның несі айып? Миуа сіңлім барлық қошеметке лайық деп есептеймін. Миуа ҚР Мәдениет қайраткері атанған. Қызылордада бірнеше концерт берген. Қазір де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанынан ұйымдастырылған "Сыр сұлуы" вокалды ардагер-әжелер ансамблінде ән салып жүр", - дейді Рауия Опабекова.


Миуа Төлегенова әріптестерімен (Ортасында)

Әншінің әпкесінің айтуынша, Миуа Төлегенованың даусы сопраноға жатады екен. 

"Өзі 1951 жылы дүниеге келген. 1977 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен бастап зейнетке дейін вокалдан сабақ берді. Ұл-қыздары бар. Алайда олар өнер саласында емес. Әркім өз мамандығы бойынша қызмет етіп жүр", - дейді Рауия Опабекова. 

Бұл видео Миуа Төлегенованың әпкесі Рауия Опабекованың мерейтойында көрсеткен өнері. 

Желіде әншіні танып, ерекше дауыс иесіне таңғалып, жылы сөздерін жазған қолданушылар да болды. 

"Бұл апа Миуа Төлегенова. Қызылорда Мемлекеттік Универстетінің ән музыка кафедрасының аға оқытушысы болып, еңбегі еленіп зейнетке шыққан. Қазір науқастануына байланысты толқып отырған сияқты, диапазоны кең, күміс таңдай", "Миуа Төлегенова! Даусы таза бұлақтың суындай сылдырлап тұр. Қазақ даласының ұлылығын, даусы дала үнімен үндесетін ерекше жан", "Екінші Төлегенова!", - дейді желі қолданушылары. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети