Елбасы "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Мəдениет жəне спорт министрлігі © Мəдениет жəне спорт министрлігі

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "МузАРТ" тобын 20 жылдық мерейтойымен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше, 21 мамырда еліміздің Мəдениет және өнер саласы қызметкерлерінің күніне орай Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мерекелік іс-шара өтіп, мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова "МузАРТ" ансамблін 20 жылдығымен құттықтап, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын табыстады.

"Сіздерді 20 жылдық мерейлі белестеріңізбен құттықтаймын!

Табиғи талант пен талғамның, табанды ізденіс пен еңбектің арқасында көпшілік сүйіп тыңдайтын, кеңінен танымал ансамбльге, күллі жұрттың көзайымына айналу - зор жетістік. Алдағы уақытта да өнерлеріңіз өрістей берсін.

Мықты денсаулық, шығармашылық жаңа табыстар тілеймін!", - деп жазылған Елбасының құттықтау хатында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәкен Майғазы | МузАРТ (@saken_maigaziyev)

"МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев Instagram-дағы парақшасында қуанышын бөлісіп, Елбасының құттықтау хатының суретін жүктеп қойды. 

"Құттықтауларыңызға мың алғыс, ардақтыларым! Сіздерге де, ұрпақтарыңызға да жақсы жетістіктерге жетуді, Мемлекет басшысы қолынан марапат алу нәсіп болсын", - деп жазды ол.

© instagram.com/saken_maigaziyev

Еске салайық, "МузАрт" тобы 2001 жылы құрылған. Топ құрылғанда ұжым мүшелері Мейрамбек Бесбаев, Мақсат Базарбаев және Сәкен Майғазиев болған. Кейін Базарбаевтың орнына Кенжебек Жанәбілов келген. М "музыканы білдіреді" УЗ - "ежелгі түрік тілінен аударғанда - қарапайымдық, ал "АРТ" таудың шыңын бейнелейді. Ұжым вокалистері "Дарын" Мемлекеттік сыйлығының лауреаты және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі.

"МузАрт" қоржынында ел егемендігін асқақтатып, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық сезімін ұялататын "Өз елім", "Шынарым", "Шашбаулым", "Қазақтай ел қайда", "Сағындым Алматымды", "Үшқоңыр" жəне өзге де əндері бар. 

Самые важные новости - в нашем Telegram-канале! Подписывайтесь прямо сейчас

Оперативная информация о событиях в стране и мире. Присоединяйтесь к Tengrinews.kz в Aitu!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer