Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 мая 2020 12:14

#КвартирникTengri эфирінде Айбар Серкебаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alash Media Group медиахолдингі және Pantograph продюсерлік орталығы #КвартирникTengri онлайн-концерттер сериясын жалғастырады. Жоба серіктесі - КОВІ минерал суы. Бүгін, 19 мамыр, сағат 19.00-де әнші Айбар Серкебаевпен Insta-Live өтеді. 


Alash Media Group медиахолдингі және Pantograph продюсерлік орталығы #КвартирникTengri онлайн-концерттер сериясын жалғастырады. Жоба серіктесі - КОВІ минерал суы. Бүгін, 19 мамыр, сағат 19.00-де әнші Айбар Серкебаевпен Insta-Live өтеді. 

Әншінің айтуынша, ол карантин кезінде уақытты барынша қолайлы өткізуге тырысқан. 

"Былтыр қыркүйекте құрылысы аяқталмаған үйге кіруге мәжбүр болдық. Артынша қыс мезгілі түсіп кетті. Енді биыл наурыздан бастап құрылысымызға білек сыбана кірісіп кеттік. Қолдан келетін заттың бәрін өзім жасадым. Сол жағынан тиімді болды. Шығармашылыққа да көңіл бөлдім. Домбыра, гитара деген секілді аспаптарды көп ұстамасаң ұмытып қаласың. Соларға көңіл бөліп, YouTube-тен сабақ алдым. "Адай" күйін үйреніп алдым. Гитараға да бірақ әнді қоржындадым. Жеке шығармашылықта да көптеген жаңалық бар. Ән қоржыным 4-5 әнмен толықты", - дейді Айбар Серкебаев. 


Видео: Той Думан арнасы

Әншіден #КвартирникTengri секілді жобалар туралы ойын сұрадық.

"Жалпы мұндай жобаларға оң көзқараспен қараймын. Себебі шығармашылық адамға әр кез шынығып тұру керек. Оның өзі де аудитория ғой. Қошеметі көрінбегенімен лайктармен, пікірлермен қолдап отырады. Бірақ енді сахнадағы қошеметке, шапалаққа жетпейді. Жақсы жоба. Бір-екі құралмен 1-2 сағат концерт беру де өте жақсы дүние деп ойлаймын", - дейді әнші. 


Видео: Zhuldyz TV

#КвартирникTengri жобасы COVID-19 вирусымен күрес кезінде үйде қалып, қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызына мән береді. Жоба серіктесі - КОВІ суы. Бұған дейін жоба аясында Urker тобы, Motor-Roller рок-тобының әншісі Ілияс Аутов, әнші Son Pascal, BluesMotel Indie-rock-тобы, Luina, Ayree, Argymak этнорок-тобының фронтмені Ринат Рамазанов, әнші Алиса Вокс және "Конец фильма" тобының әншісі Евгений Феклистов өнер көрсетті тағы басқа әншілер өнер көрсетті. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети