Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 ноября 2020 13:53

Отбасы, шығармашылығы, әнінің тарихы. Сіз кімсіз, Қарақат Башанова?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарақат Алмас © instagram.com/karakat_almas Қарақат Алмас © instagram.com/karakat_almas

Қарақат Башанова биыл еліміздің атынан "Балалар Евровидениесі" конкурсына қатысып, екінші орын иеленді. Ол өмірден өткен әкесіне арнап финалда Forever әнін шырқады. Қазақстандық жас талант туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Қарақат Башанова биыл еліміздің атынан "Балалар Евровидениесі" конкурсына қатысып, екінші орын иеленді. Ол өмірден өткен әкесіне арнап финалда Forever әнін шырқады. Қазақстандық жас талант туралы не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Биылғы байқау 29 қарашада Польшада өтті. Бірақ қатысушылар өз елінде өнер көрсетті. Бірінші орынды интернет-дауыс беру арқылы және әділ қазылардың ең жоғары ұпайына ие болған фрнциялық Валентина Тронель иеленсе, екінші орында отандасымыз Қарақат Башанова, үшінші орында испаниялық Солеа есімді қатысушы. Биылғы додаға барлығы 12 адам қатысқан. 

Пандемияға байланысты байқау қатысушыларының әрқайсы өз еліндегі студияда өнер көрсетті. Қарақат Башанова екінші болып шықты. Биыл конкурсқа Қазақстан, Франция, Беларусь, Сербия, Испания, Германия, Грузия, Мальта, Нидерланды, Украина және Польша өкілдері қатысты. 

Қарақат 12 жаста, бүгінде Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектептің 6-сынып оқушысы. Ол Алматы облысы Талғар қаласы Рысқұлов ауылында туған. 

Қарақат отбасындағы кенже бала: одан бөлек, әпкелері Құралай мен Қаракөз бар. Оның айтуынша, отбасында Қарақаттан бөлек ешкім музыкамен айналыспайды. 

"Атам бұрында баянда ойнаған. Бірақ мектепке келгенде бір де бір нота білмедім. 1-сыныптан бастап нота тани бастадық", - деген екен Қарақат "Праймтайм" бағдарламасына берген сұхбатында. 

Қарақат бұған дейін де яғни 2018 жылы Junior Eurovision байқауына авторлық әнімен қатысқан. Алайда ол кезде өтпей қалған екен. 

Жас әншінің "Балалар Евровидениесі" конкурсында орындаған Forever әнінің композиторы Хамит Шанғалиев, сөзін жазған Ардақ Елеусізов. Қарақат әкесінен 7 жасында айырылып қалған. Байқаудағы әнді әкесіне арнаған екен. 

"Сол әнді әкеңе арнап, сахнада айтқың келе ме?" дегенде "Иә" деді. Бұл ән кеудемде тұрды. Бірақ оны шығара алмай жүрдім. Кімге беремін, оны кім айтады деп ойланып жүрдім. Себеп болғандай, Қарақат сол әнді кеудемнен суырып алғандай болды. Бұл ән үйде, фортепиано арқылы бір сағатта шыққан ән. Бес жыл бойы кеудемде жүрген әуен арқылы пайда болды. Қарақатпен кездесіп, ән жазуға келісіп, үйге келгеннен кейін ыңылдап шыққан ән", - дейді композитор "Праймтайм" бағдарламасында.

Қарақат Башанова және Хамит Шанғалиев

Айта кетейік, Хамит Шанғалиев былтыр Қазақстанның атынан "Балалар Евровидениесі" байқауына қатысып, екінші орын алған Ержан Максимнің "Арманнан қалма" атты әнінің де авторы.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети