Журналист Қонаев қаласына барар жолда ерекше құбылысты видеоға түсірді

видеодан үзінді

Танымал журналист Жарас Ниязбек Қонаев қаласына жетер тұста ерекше табиғи құбылысты видеоға түсіріп, Желіде бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Танымал журналист Жарас Ниязбек Қонаев қаласына жетер тұста ерекше табиғи құбылысты видеоға түсіріп, Желіде бөлісті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жарас Ниязбек сенбіде Алматыдан Талдықорған қаласына достарымен Бейсен Құранбек атындағы футболдан журналистер арасындағы жарысқа бара жатқан.

Реклама
Реклама

"Таңғы уақыт болатын. Осы бір ерекшелікті көлікте отырған барлығымыз бірдей байқадық. Өзіміз шығысқа қарай кетіп бара жатқанбыз, содан болар енді атып келіп жатқан күнді тұман жауып көз үйренген көк аспан қоңыр-сары түске боялды. Мұндай құбылыс күнде болмасы анық. Бұл әп-сәттік құбылыс емес, біраз уақыт осылай тұрды. "Поляр шұғыласы" деген құбылыс бар ғой, соған ұқсаттым. Әдемі көрініс. Таңданысымызда шек жоқ, дереу телефонға түсірдім", - дейді журналист.

Оның айтуынша, бұл құбылыс Талдықорғаннан Алматыға қайтар уақытта да қайталанған.

"Футболдан жарыс аяқталып, сол күні кешкісін Алматыға қайттық. Қонаев қаласынан асқан бетте, таңда көргенімізді қайта тамашаладық", - дейді Жарас Ниязбек.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная