Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 сентября 2019 15:20

40 келі киім. Қазақстандық танымал арулардың қалыңдық көйлектері

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Қалыңдықтың ерекше көйлегі - әрбір қыздың арманы. Қалыңдық көйлегіне той қонақтары аса мән беріп қарайтыны сөзсіз. Ақ түсті қалыңдық көйлектері жыл сайын өзгеріп, түрлі стильде тігіліп жүр. Әсіресе халық алдында жүретін өнер адамдары өмірдің басты шарасы - үйлену тойының көйлегін ерекшеленіп тігіп, басқаша көйлек таңдауға тырысады. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі танымал арулардың той көйлектеріне тоқталады. 


Қалыңдықтың ерекше көйлегі - әрбір қыздың арманы. Қалыңдық көйлегіне той қонақтары аса мән беріп қарайтыны сөзсіз. Ақ түсті қалыңдық көйлектері жыл сайын өзгеріп, түрлі стильде тігіліп жүр. Әсіресе халық алдында жүретін өнер адамдары өмірдің басты шарасы - үйлену тойының көйлегін ерекшеленіп тігіп, басқаша көйлек таңдауға тырысады. Tengrinews.kz тілшісі еліміздегі танымал арулардың той көйлектеріне тоқталады. 

Далида Нәукенова

Turkiss тобының бұрынғы әншісі Далида Нәукенова - көптеген сұлулық байқауының қатысушы. Ал оның жұбайы шоу-бизнеске мүлдем қатысы жоқ адам екен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

❤️

Публикация от Dalida Naukenova (@dalida.naukenova)

Әншінің айтуынша, той көйлегін дизайнер Наиль Байкучуков тіккен. Көйлектің салмағы - 40 келі екен. 

Айсауле Бақытбек

Той алдында болатын қыздар кешін Түркияда өткізген Айсауле Бақытбектің той көйлегімен қоса тойға арналған аяқ киімі де қызу талқыға түскен. 

Продюсер Баян Мақсатқызының қызы той көйлегін Париж қаласынан алдырған. Ал тойға арналған туфлиі Jimmy Choo брендінен алынған. Дүкеннің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, аяқ киім құны - шамамен 1,5 миллион теңге, яғни 3495 еуро. 

Альбина Шардарова

Әнші Альбина Шардарованың қалыңдық көйлегі өзіне ұнағанымен, оның тыңдармандары басқа пікірде болған. 

"Өзі әп-әдемі, бірақ фатасы жараспай тұрған сияқты", "Фатаңыз онша емес, көйлегіңізбен! Ренжімеңіз!", - деп пікір қалдырған әншінің оқырмандары. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бұл ән жүрегімнің иесіне арналған тосын сый болатын☺️ Жанымның көзіне еріксіз жас келгенде өзім де қатты толқып кеттім???? Осыдан бірнеше ай бұрын Саят аға @sayatabenov мен Жолдасбек ағаға @zholdasbek_abdikhanov өтініш жасап хабарласқан едім,сөзімді жерге тастамай әдемі ән мен сөзін жазып берді ағаларым❤️ Әннің сіздердің жүректеріңізге жеткеніне шын қуаныштымын! Жақын күндері толық нұсқасын еститін боласыздар☺️???? Және,менің ең маңызды күнімде маған қолдау көрсетіп,әдемі көйлектерін ұсынғаны үшін @raziyasalon @prokat_raziyasalon-ға алғысым шексіз???? Әдемі көйлектер өте көп,маған ұнағаны осы болды???? Көйлегім жайлы сұрақтарыңыз болса осы парақшадан сұрасаңыздар болады???? "ЖҮРЕГІМНІҢ ИЕСІ"???? @baurzhansatov❤️ Әні: Жолдасбек Абдиханов Сөзі: Саят Әбенов

Публикация от Альбина Шардарова???? (@albina.shardarova)

Әншінің айтуынша, ол той көйлегін қалыңдықтарға арналған дүкеннен алған. 

Аша Матай

Әнші әрі тележүргізуші Аша лақапатымен белгілі Ақбота Маратқызы 2016 жылы әнші Арман Қоңырбаевқа тұрмысқа шыққан. Көйлегін отандық дүкеннен алған. 

Клара Иса

Боксшы Жанқош Тұраровтың жары Клара Иса - Instagram желісінің белсенді қолданушысы. Ол күнделікті өмірінде болып жатқан оқиғаларын жиі бөлісіп тұрады. 

Клара Исаның қалыңдық көйлегі - дизайнер Наиль Байкучуковтың қолынан шыққан туынды. 

Айдана Меденова

"КешYou" тобының экс-солисі Айдана Меденова 2015 жылы продюсер Әлішер Нұржановқа тұрмысқа шыққан. Тойға ол классикалық үлгідегі қалыңдық көйлегін таңдаған. 

Айдай Исаева

"Қазақстан аруы-2013" Айдай Исаева 2015 жылы тұрмысқа шыққан. Ол 1989 жылы 19 сәуірде Шымкент қаласында дүниеге келген. Айдайдың да көйлегі дизайнер Байкучуковтың туындысы. 

Мадина Сәдуақасова

Әнші үйлену тойында екі көйлек киген. Мадина 2014 жылы режиссер Олжас Смағұловпен шаңырақ құрған. 

Аиша

Әнші Бүркіт пен Аишаның тойында 300-ге жуық адам болған. Тойға барлығы 60 мың доллар қаражат жұмсалған екен.

 

Жұлдыз Абдукаримова

Әнші Қайрат Нұртас пен жары Жұлдыз Абдукаримованың шаңырақ құрғанына 10 жылдан астам уақыт болған. Жұлдыздың айтуынша, той бір қойылым секілді өткен. Себебі, той болатын күні АХАЖ бөлімінің қызметкері тойға келмей қалған. 

 

"Ол жағдайды естіген Мүсірепов атындағы ТЮЗ-дің әртістері, әрі сол кездегі менің әріптестерім аяқ асты өздері нике қию рәсімін ұйымдастырып жіберді. АХАЖ қызметкері рөлінде Жібек Бектемірова апамыз біздің некемізді салтанатты түрде қиып, рәсімді жақсылап тұрып өткізіп берді. Лидия Кәденова апамыздың әні мен биінің өзі бір қойылым", - дейді Жұлдыз.

Қалыңдық көйлегінің құпиясы немесе биылғы басты трендтер

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети