Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 ноября 2019 18:52

"Жемқорлық - кешегі кедейшіліктің әсері" - Талғат Теменов Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" бағдарламасында

ПОДЕЛИТЬСЯ

Театр және кино режиссері, кинодраматург Талғат Теменов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Театр және кино режиссері, кинодраматург Талғат Теменов Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сұхбат барысында Талғат Теменов қоғамдағы жемқорлықтың неліктен кеңінен етек жайғаны туралы ойын бөлісті. 

"Біздің қоғамда екі түрлі стандарт бар. Біздегі ең сорақылық, көртышқаннан да жаман нәрсе - ол біздің қазақтағы жемқорлық. Бұл - кешегі кедейшіліктің әсері. Бізді 70 жыл бойы 350 миллион халықты бір стандартпен ұстады. Қоғам бізді өмір-бақи жоқшылыққа тәрбиеледі. Сол құлдықтан, кісендіктен шыққан жұрт қалай да баюдың жолына түсті.

Біз кейде Саин, Сейфуллиндегі қыздарды ұстап жатырмыз. Ұстаңдар, жарайды. Ол дұрыс. Бірақ соның түбіне кім үңіліп қарады? Неге көз көрсе тоятын қыздар сол жолға түсті? Бұл ол қыздардың драмасы болуы мүмкін. Бұл - қоғамның, мемлекеттің драмасы", - дейді Талғат Теменов. 

Сонымен қатар, режиссер келесі жылы бір туындыға кірісетінін айта кетті. Теменовтің сөзінше, ол - тарихи фильм. 

Еске салайық, күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Талғат Теменовтің режиссерлік етуімен, Валентин Ежовтің пьесасы негізінде жазылған "Тыраулап ұшқан тырналар" қойылымын тамашалады. Спектакль Қалыбек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының сахнасында қойылды.


© elbasy.kz

Айта кетейік, "The Эфир" бағдарламасының мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети