Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
13 декабря 2019 20:34

Берік Тұрсынбеков әйел рөлінде ойнадың деп сынайтындарға жауап берді. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Шымкент шоу" театрының көркемдік жетекшісі, Күлпаш образымен танылған белгілі актер Берік Тұрсынбеков Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Шымкент шоу" театрының көркемдік жетекшісі, Күлпаш образымен танылған белгілі актер Берік Тұрсынбеков Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Актер Күлпаш образы қайдан шыққанын, әйел образын сомдауды қалай үйренгенін айтып, әңгімесін бастады. 

"Шымкент шоудың" алдында "Шаншарда" бір жылдай тәжірибе жинап жүрдім. Сол кезде жүкті әйелдің рөлінде бірінші рет ойнағанмын. Қолыңды ербеңдете берсең болды, әйел шығады деп ойлайтынбыз. Образды шығара алмадым, Уәкеңдер (Уәлибек Әбдірайымовты айтады - авт.) қатты ұрысты. Қатты ұрыс естідім, сөйтіп, менен рөлді алып қойды. Енді бастап жүрген кезім, намысыма тиді. Әртіс боламын деп несіне армандаймын, рөлімнен айырылып қалып жатсам. Бала кезімізден үйдің тірлігін істеп өстік, тамақ та істейтінбіз, от жағатынбыз, сиыр сауа беретінбіз. Сол кезде анам құрбыларымен шай ішіп отырғанда ұяттың бәрін жинастырып қойып, тыңдайтын болдым. Сөйтсек, әйелді салу деген құр дауысты жіңішке қылып, майыса беру емес екен. Уәкең соны түсіндірді", - дейді ол. 

Сондай-ақ, ол неге әйелдің образын сомдауды қоятынын сахнада тұрып мәлімдегенін айтады. 

"Мен оған образ ретінде деп қана қараймын, жұмыс ретінде. Қазақтың қанында бар нәрсе ғой, бір адам іске кіріссе, он адам ақылшы болады. Мұрнына сәл иісі бармай жатып, шариғатты талдап кетеді. Ал бұл - актердің жұмысы", - дейді Берік Тұрсынбеков.

Сондай-ақ, актер жүргізушінің "қазіргі қоғам сахнада жүргендерді сауатсыз дейді, неге?" деген сұрағына былай деп жауап берді: 

"Мен жаңалықтардан бөлек, шетелдің кітаптарын, шетел әдебиетін көп оқимын. Қазақтың жазушыларын оқимын. Бірақ соңғыларды айта алмаймын. Қазіргі жазушылар өзінің өмірі жайлы жазып кететін болды. Мен оны өміршең болады деп айта алмаймын. Өзінің өмірбаяны кімге қызық болады? Туған-туыстарына, танитын адамдарына қызық шығар. Ал енді менің өмірім кімге қызық? Отбасыммен түскен хабардың миллион қаралым жиналғаны қызық емес, көрсеқызарлық деп айтар едім", - дейді ол.

Актер сұхбатында сатушыны ұрған атышулы видеосына тоқталды. Сонымен қатар, ол неге Шымкенттен басқа қалаға көшкісі келмейтінін, мемлекеттік қызметке қатысы бар жұмысқа неге бармайтынын, отбасы жайлы әңгімелейді.

Айта кетейік, "The Эфир" бағдарламасының мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы Facebook, Instagram және Telegram желісінде.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети