"Аш, әлсіз". Маңғыстауда аққулар жаппай қырылып жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Massaget.kz Фото: Massaget.kz

Ақтауға жақын орналасқан "Қаракөл" көлінің жағасынан 300-ден астам өлі аққу табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Ақтауға жақын орналасқан "Қаракөл" көлінің жағасынан 300-ден астам өлі аққу табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Аққудың алғашқы өлекселері 21 желтоқсанда анықталды. "Қарақия-Қаракөл" қаумалының инспекторлары "Қаракөлдің" аумағын тексеру барысында 30-ға жуық өлі аққу тапты. Содан бері мамандар жағалауды күнде тексеруде. Нәтижесінде, бүгінге дейін 300-ден астам өлексе жиналып, арнайы орындарда өртелген. Өлген аққулардың 90 пайызы балапандар. Зерттеулердің қорытындысында қанаттылардың құс тұмауынан өлгені анықталды. Мамандар аққулар аш, әлсіз, сондықтан вирустық инфекцияға төтеп бере алмай қырылып жатқанын айтады. Себебі, көлде қоректік заттар жоқтың қасы.


Фото: Massaget.kz

"Бұл солтүстіктен ұшып келген аққулар. Бұрындары құстар көлге келеді. Осы жерде белгілі бір уақыт болады, сосын қоректік заттарын жинап, тынығып алғасын, ары қарай оңтүстікке қарай ұшатын еді. Биылғы келген құстар көбі қыстап қалып жатыр. Ары қарай кетпей жатыр. Қоректік заттар бұрынғыдай жоқ. Сондықтан олар әлсіз. Май жинап үлгермеді. Ары қарай ұшып кетуге, күш жинап үлгермеген болуы керек", - дейді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов.

Мамандардың айтуынша, қазір Қаракөлде кемінде 5-6 мың аққу қыстап жатыр. Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай. Соңғы жылдарда көл айтарлықтай таязданып, аумағы кішірейген. Сондықтан осынша аққуға мұнда азық жоқ.

Фото: Massaget.kz

Инспекторлар көлдің жағалауын күн сайын тексеріп жатыр. Өлген аққулардың саны одан да көбеюі мүмкін дейді олар. Осы оқиғадан кейін қазір аймақта құс тұмауына қарсы егілмеген үй құстары тексеріліп жатыр. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, облыста үй құстары өткен қыркүйек айында вакцинацияланған. Арасында егілмегендер анықталса, вакцина алынатын болады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 510.51  course up  572.36  course up  6.34  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 32
Астана 31
Актау 17
Актобе 16
Атырау 22
Б
Балхаш 37
Ж
Жезказган 34
К
Караганда 23
Кокшетау 18
Костанай 41
Кызылорда 32
П
Павлодар 22
Петропавловск 35
С
Семей 36
Т
Талдыкорган 36
Тараз 40
Туркестан 21
У
Уральск 29
Усть-Каменогорск 37
Ш
Шымкент 33

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer