06 октября 2020 | 17:55

Карантин ережесінің өзгеруі мен Қырғызстандағы митинг. Күннің басты жаңалықтары

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазір қазақстандықтар Қырғызстанда болып жатқан тәртіпсіздікті қызу талқылап жатыр. Сондай-ақ, бүгіннен бастап елде карантин ережелеріне өзгеріс енгізілді. Tengrinews.kz тілшісі 6 қазандағы басты жаңалықтарға шолу жасайды. 


Қазір қазақстандықтар Қырғызстанда болып жатқан тәртіпсіздікті қызу талқылап жатыр. Сондай-ақ, бүгіннен бастап елде карантин ережелеріне өзгеріс енгізілді. Tengrinews.kz тілшісі 6 қазандағы басты жаңалықтарға шолу жасайды. 

Тағы 60 адам вирус жұқтырған

Өткен тәулікте (5 қазанда) елімізде 60 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 2
Алматы қаласы - 5
Ақмола облысы - 4
Алматы облысы - 2
Атырау облысы - 4
Шығыс Қазақстан облысы - 16
Жамбыл облысы - 1
Батыс Қазақстан облысы - 1
Қарағанды облысы - 6
Қостанай облысы - 2
Маңғыстау облысы - 2
Павлодар облысы - 5
Солтүстік Қазақстан облысы - 9
Түркістан облысы - 1

Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 108 296-ға жетті. Оның ішінде 103 367 науқас аурудан жазылған. 1 749 адам коронавирустан қайтыс болған.


© Reuters

Карантин ережелері қалай өзгерді?

Бүгіннен бастап елімізде карантин ережелері өзгерді. 6 қазаннан бастап шетелден ұшып келгендердің ПТР әдісімен коронавирусқа тест тапсырғаны туралы анықтамасы болуы керек. Оны шекарадан өткенге дейін үш тәуліктен ерте емес уақытта алу қажет.

Енді анықтамасы жоқ шетелдіктер Қазақстанға кіре алмайды. Анықтама болмаған жағдайда қазақстандықтар коронавирусқа зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарға екі тәулікке оқшауланады.

Бұл талаптар әуе қатынасы бар барлық елге қолданылады, елдерді санаттар бойынша бөлу бұрынғыдай емес.


© Reuters

Сондай-ақ, 6 қазаннан бастап әр аумақтың бас мемлекеттік санитар дәрігері аймақтағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, шетелден келген жолаушыларды карантинге жатқызу туралы шешім қабылдауға құқылы.

Сонымен қатар, 6 қазаннан бастап Алматыда автожуу, техникалық қызмет көрсету станциялары, шиномонтаждау, тұрмыстық техниканы жөндеу, аяқ киім шеберханалары, химиялық тазалау, кір жуу орындарының жұмыс уақыты ұзартылды. Енді олар 10.00-ден 00.00-ге дейін жұмыс істейді.

Жаңа агенттіктер құрылды

Сонымен қатар, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа агенттіктер құрды. Алдымен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы заңға қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Агенттіктің Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылсын", - делінген Қаулыда.

Сондай-ақ, Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің құрылымын бекітті.

"Агенттікке Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін", - делінген Қаулыда.

Қырғызстанда митингіге шыққандар Ақ үйді жаулап алды

Кешеден бері Қырғызстанда басталған митинг жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Салдарынан көптеген адам жарақат алып, бір адам қаза тапты.

4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өткен. Cайлау нәтижесі бойынша бірінші орында "Биримдик" партиясы, екінші орында "Мекеним Кыргызстан" партиясы, үшінші орында "Кыргызстан" партиясы тұрған болатын. Сөйтіп сайлау нәтижесімен келіспей, оған қарсы болған халық митингіге шықты.


© Sputnik Қырғызстан

Наразылық акциясын ұйымдастырғандардың бір ғана талабы болды: "сайлаудың нәтижесін жою, себебі ол әділетсіз өткен".

Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі сағат 20.00-ден бастап "Ақ үйге" басып кірумен аяқталды. Республиканың заңнамалық органына өтпей қалған партия жақтастары қақпаны жүк көлігімен бұзып, ішке кірді. Кейін Ақ үйде өрт шыққаны хабарланды. 

Тағы бір оқиға - митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатты.

Бүгін Қырғызстан парламенті - Жогорку Кенеш сайлау қорытындылары жойылды. Бұл туралы 24.kg басылымына бас прокурордың міндетін атқарушы Алмамбет Шықмаматов хабарлады. Ол бұл оппозицияның басты талабы екенін және оның орындалғанын атап өтті. Шықмаматов әзірге жаңа дауыс беру күні белгіленбейтінін айтты.


© Sputnik Қырғызстан

Қазақстанда қар жауды

Қазақстанның кейбір аймақтарында алғашқы қар жауды. Instagram желісіндегі krispi_almaty парақшасында Алматыда жауған қардың видеосы пайда болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????_?????? (@krispi_almaty)

Қала тұрғындары қардың әл-Фараби көшесінен жоғары тауларға жақын аумақта жауғанын айтады.

Алматы облысының тұрғындары да қардың жауғанын айтып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?#Новости Алматы (@fresh_almaty)

Сәтбаев пен Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы тұрғындары да қардың фотосы мен видеосын жариялап жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 482.09   532.1   5.08 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети