Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 сентября 2023 14:30

Қазақ тілін үйреніп жүр, математика мұғалімі болған: жаңа министрлер туралы не белгілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Биыл қыркүйекте Үкіметте біраз ауыс-түйіс болды. Кейбір облыс әкімдері министр лауазымына тағайындалды. Министрлер облыс басқаруға барды. Дегенмен алты министрлікке жаңа басшылар келді. Massaget.kz тілшісі олар туралы не белгілі екеніне шолу жасады.


Биыл қыркүйекте Үкіметте біраз ауыс-түйіс болды. Кейбір облыс әкімдері министр лауазымына тағайындалды. Министрлер облыс басқаруға барды. Дегенмен алты министрлікке жаңа басшылар келді. Massaget.kz тілшісі олар туралы не белгілі екеніне шолу жасады.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Бірнеше мамандықты игерген: Арман Шаққалиев туралы не белгілі?

Бұрын Сауда және интеграция министрлігін басқарған Серік Жұманғариннің орнына 46 жастағы Арман Шаққалиев келген болатын. Ол 1977 жылы Қарағанды облысының Балқаш қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін заңгер мамандығы бойынша, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін "Стандарттау, сертификаттау және метрология" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын заң кеңесіші ретінде бастаған.

Ал 2007 жылдан бері "Нұр Отан" партиясына мүшелікке өткен. Шенеунік былтырғы қазаннан бастап сауда және интеграциясы бірінші вице-министрі қызметін атқарған болатын.

Facebook, Instagram әлеуметтік желілерінде Арман Шаққалиев есімді қолданушы бар екен. Facebook-те оған 1200 адам тіркелген. Ал Instagram желісінде 513 оқырманы бар.

Желідегі суреттерінің арасынан шенеуніктің шетелдегі демалыстарын да байқауға болады.

"Демалыс - демалу және жаңа ашылулар уақыты", - деп жазған ол.

Ашық дереккөз мәліметтерінде оның үйленген екені айтылады. Алайда басқа деректер жоқ.

Математика пәнінің мұғалімі болған: Светлана Жақыпова туралы не белгілі?

Бұрынғы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың орнына жаңа министр болып 55 жастағы Светлана Жақыпова келген еді.

parlam.kz

Ол 1968 жылы Қарағанды облысында туған. Целиноград мемлекеттік педагогикалық институтын, Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Қарағанды облысы Қарой орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. Ал кейін 1991-1995 жылдары Целиноград қаласындағы орта мектепте математика пәнінің мұғалімі болған.

Биыл маусымнан бастап ол Президент жанындағы халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқығы жөніндегі уәкіл болып тағайындалған еді. Алайда үш айдан соң бұл қызметтен кетіп, министр болды.

Әлеуметтік желіде оның атына тіркелген ешқандай парақша табылмады. Сондай-ақ, ашық дереккөзде отбасы туралы деректер жоқ.

Өзге де жаңа министрлер туралы МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 439.43   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети