Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 мая 2023 10:17

"Қазақтардың саны 60 миллионға жетуі керек еді". Маман ашаршылық жайлы жантүршігерлік деректер айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Зұлмат" фильмінен кадр Фото: "Зұлмат" фильмінен кадр

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 1930-1933 жылдардағы ашаршылықта ресми деректер бойынша, 1,5 миллион адам қайтыс болған. Оның 1,3 миллионы қазақтар деседі. Алайда зерттеушілер нақты сан бұдан да көп болуы мүмкін екенін айтады. Республикалық саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлы Massaget.kz тілшісіне ашаршылық жылдарындағы жантүршігерлік деректер туралы айтып, тарихқа шолу жасады.

Ашаршылық жылдары қанша қазақ қырылды?

Жұмабек Ашуұлы Азамат соғысы біткен 1921 жылы қуаңшылық болып, халық ашаршылыққа ұшырағанын айтады. Сол кездері, тарихшыларымыздың айтуы бойынша, 1,7 миллиондай қазақ қырылған екен.

"Ашаршылықтан өтіп, халық есін жия бастаған кезде 1925 жылы дін қызметкерлерінің соңына түсіп, жер аудартатынын аударып, ататынын атып, түрмеге қамаған. Одан кейін 1928 жылы Голощекин қазақтың қайраткерлерінің айтқанына көнбей, қазақтың жеріне кіші октябрь орнату керек деп күшпен ұжымдастыру басталды. Яғни байлардың малын тартып ала бастаған болатын. Елді ел етіп отырған байлардың малын тартып алу үлкен қырғынға ұшырататынын білген қазақ Кеңес үкіметіне қарсы көтеріліске шыға бастады", - дейді маман.

Маманның сөзінше, сол жылдары ашынған халықтың көтеріліске шығуы туралы түрлі деректер бар.

"Біздің қолымыздағы деректер бойынша, қазақтар Кеңес үкіметіне қарсы 1929-1932 жылдары 273 рет көтеріліске шықты десе, саяси репрессия құрбандарын ақтау комиссиясының деректері бойынша, 560-тан аса көтеріліс болған екен. Ол көтерілістің бәрі қарулы күшпен басылып отырды. Алайда бұл көтерілістер Кеңес үкіметін төңкеріп тастауға бағытталмаған, тек өз балаларын асырап қалу үшін, амалсыздан көтерілді. Салдарынан 1932-1933 жылдары халық жаппай ашаршылыққа ұшырады", - дейді маман.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети