Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 июля 2021 20:52

Назарбаев отандық QazVaс вакцинасына қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық QazVaс вакцинасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Qazaqstan арнасының "Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильміне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев отандық QazVaс вакцинасына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Qazaqstan арнасының "Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильміне берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазір бізде медициналық-фармацевтикалық хаб құру мүмкіндігі бар. Тек қана өзімізде шығармай, көршілерді де сол дәрімен қамтамасыз етуіміз керек. Бүгінде жасанды интеллект бірінші орынға шығып отыр. Алматыда осы бағыттағы университет ашуды қолға алып жатырмын. Оның деңгейі Назарбаев Университеті сияқты болады", - деді Назарбаев. 

Елбасы сонымен бірге ауыл шаруашылығы саласын дамыту туралы айтты.

"Саланың үлкен болашағы бар. Ауыл шаруашылығы бағытында өндірісті қолға алып, сыртқа экспорттау арқылы мемлекетке қаржы келтіруге болады. Сондықтан жастарға ең алдымен айтарым, білімді болу. Қазір ғылым-білімнің заманы. Ұрпақ соған қарай ұмтылуы керек, сапалы білім алуы керек. Бәріне бірдей университет бітіру мақсат емес. Дүниежүзінде университет бітіргендердің үлесі 10 пайызға да жетпейді. Ең бастысы, қандай мамандық алса да, соның білгірі болу", - деді Елбасы Qazaqstan арнасына берген сұхбатында.

"Құпия жоқ" - Цой QazVac вакцинасы туралы

ДДСҰ басшысы қазақстандық QazVac вакцинасы туралы пікір білдірді

Еске салайық, биылғы маусымда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық QazVac вакцинасының тиімділігі туралы нақты деректер әзірленіп жатқанын айтып берген еді.

QazVac - Білім және ғылым министрлігінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеген белсенділігі жойылған вакцина. "Алдын ала мәліметтер бойынша, оның тиімділігі 90 пайыздан жоғары", - деп нақтылаған еді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети