Кемертоған ауылындағы орта мектеп бүгінде шамадан тыс оқушы жүктемесін көтеріп отыр. Бастапқыда 1200 оқушыға арнап салынған мектепте қазіргі таңда 6000-ға жуық бала оқиды. Мектептегі орын тапшылығы мен инфрақұрылымның жеткіліксіздігі білім беру процесіне айтарлықтай әсер етіп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
2017 жылы құрылысы аяқталған бұл мектеп бастапқыда 1200 орынға ғана есептелген болатын. Алайда, осы аумақта басқа мектептердің болмауы салдарынан, жеті бірдей елдімекеннің балалары осы жерге келіп білім алуға мәжбүр. Соның салдарынан мектепте үш ауысыммен оқыту жүйесі енгізілген.
Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында мектеп өкілдерімен және ата-аналармен сөйлестік. Ата-аналардың сөзінше, мектепте оқушы саны өте көп, ал жақын маңда өзге мектеп жоқ.
"Балаларымды бұл мектепке екі жылдан бері әкеліп жүрмін. Бала саны өте көп. Одан бөлек басқа ауылдан қатынап оқуға мәжбүрміз. Амал жоқ, жақын маңда басқа мектеп болмаған соң қысылысып оқимыз", – деп пікір білдірді баласын алып кетуге келген ата-ананың бірі Гүлмира.
Мектеп ұжымы оқушылардың көптігіне қарамастан, оқу процесін тиімді жүргізуге тырысып жатқандарын жеткізді. Десе де, бұған дейін Кемертоған ауылындағы орта мектеп баспалдағында орын алған оқушылардың кептелісі жайлы жазған едік. Мектептің инфрақұрылымы оқушы санына сай болмағандықтан, мұндай мәселелер жиі туындайтын көрінеді.
Мәселеге байланысты Алматы облысы білім басқармасының Қарасай ауданы бойынша білім бөліміне ресми сауал жолдадық. Мінбедегілер оқушы санының күрт өсуінің басты себебі – Кемертоған ауылының Алматы қаласына жақын орналасуы және ішкі көші-қонның жоғары деңгейі екенін жеткізді. Бірақ, мектеп жүктемесі осы жылы желтоқсанда жеңілдейтініне уәде берді.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.