Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
30 июня 2020 15:13

Белгілі сиқыршы Камал Қоңқараев өмірден озды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Камал Қоңқараев Камал Қоңқараев

Танымал сиқыршы, иллюзионист Камал Қоңқараев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Танымал сиқыршы, иллюзионист Камал Қоңқараев қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қайғылы хабарды актер Ринат Уәлиев жеткізді. Ол сиқыршының неден қайтыс болғанын жазды. 

"Камал ағамыз кеше қайтыс болыпты. Жүректен кетті. Жеңгеміз бұған дейін ешқандай ауру-сырқауы болмағанын айтады. Есіктің алдында жұмысшыларымен жұмыс істеп жатқан. Сол кезде аяқ астынан жүрегі ұстап, қайтыс болған екен", - дейді Ринат Уәлиев. 

Камал Қоңқараев

Оның айтуынша, Камал Қоңқараевты ақтық сапарға шығару рәсімі ертең, яғни 1 шілдеде таңертең өтеді. 

Ғабдикамал Қоңқараев 1956 жылы 28 мамырда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданында дүние келген. Сиқыршы бір ұл, бір қыз тәрбиелеген. Өмірінің соңына дейін тек сиқыр өнерімен айналысқан.  

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети