Қазақстанға мұнаймен мурал салу технологиясын алғаш әкелгендер кім?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Жітіқара қаласындағы Абайдың бейнесі. Фото: instagram.com/tanai_tigrohaud Жітіқара қаласындағы Абайдың бейнесі. Фото: instagram.com/tanai_tigrohaud

Аймұрат Таңатов командасымен мурал салумен айналысады. Бүгінде Олар Ақтаудағы тапсырыс бойынша жұмыс істеп жатыр. Айтуынша, қалалық әкімдік 10 мурал салуға тапсырыс берген. Алайда оларды салуға мемлекет тарапынан ешқандай қаржы бөлінбеген. Бәрі демеушілердің бөлген қаржысы есебінен салынады. Одан бөлек, Аймұраттың командасы Қазақстанға мұнаймен сурет салу технологиясын алғаш әкелген. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Аймұрат Таңатов командасымен мурал салумен айналысады. Бүгінде Олар Ақтаудағы тапсырыс бойынша жұмыс істеп жатыр. Айтуынша, қалалық әкімдік 10 мурал салуға тапсырыс берген. Алайда оларды салуға мемлекет тарапынан ешқандай қаржы бөлінбеген. Бәрі демеушілердің бөлген қаржысы есебінен салынады. Одан бөлек, Аймұраттың командасы Қазақстанға мұнаймен сурет салу технологиясын алғаш әкелген. 

Аймұрат Таңатовтың командасының жұмысы туралы видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Желі оқырмандары олардың жұмысына тәнті болды. 

"Керемет, жігіттердің өнеріне тәнті болдым. Өнерлерің өрге домаласын. Қандай шеберлік!", "Керемет жұмыстар!", "Жарайсыздар!", - деп жазды Желі қолданушылары.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿ZTB.KZ (@ztb_kazakhstan)

Аймұрат Таңатовтың сөзінше, жалпы бір муралды салуға, яғни тапсырыс алып, оны өткізгенге дейін, жұмыстың қиындығына қарай, 5-7 күн кетеді екен. Муралдар көбіне тұрғын үйлерге салынады.   

Фариза Оңғарсынова. Фото: instagram.com/aimurattanatov

Аймұрат Таңатовтың айтуынша, бастапқыда әкімдік тарапынан тапсырыс түскенде олар заманауи муралдар салуды ойлаған.  

"Бірақ қала әкімі жастар ұлы тұлғаларды біліп жүрсін деген ойды алға тартты. Бастапқыда мұндай ұсыныс түскенде ойланып қалдым, бірақ артынша әкімнің ойы дұрыс екенін түсіндім. Себебі қалада өзге ұлт өкілдері көп тұрады. Солардың балалары көшеде келе жатып жазушы Әбіш Кекілбаевтың муралын көріп, анасынан: "Мына кісі кім?" деп қызықтап сұрап жатады. Сонда анасы: "Бұл қазақтың ұлы жазушыларының бірі" деп түсіндірді. Сондай көріністі көргенде қуанып қалады екенсің. Расында халыққа дұрыс насихат керек екенін түсінесің", - дейді Аймұрат. 

Әбіш Кекілбаевтың портреті. Фото: instagram.com/tanai_tigrohaud

Ақтау қаласындағы тапсырыс портреттік муралдар салу бойынша түскен. Алайда, Аймұраттың сөзінше, оның да өзіндік қиындығы бар. 

"Тапсырыс портреттік муралдар салу бойынша түсті. Оның ішінде, биыл өмірден өткен ақын Есенғали Раушановтың портреті де бар. Ол көзі тірісінде халық алдында жүрген ақын болғандықтан портретін салу қиын болды. Тарихи тұлғаларды, өткен ғасырдағы ақын, жазушылардың суретін салу оңай болуы мүмкін. Себебі олардың белгілі бір образы халық жадында жатталып қалған. Одан бөлек, қаламызда үйлердің арасы кең болып тұрғандықтан үйлер "сурет сал" деп сұранып тұрғандай көрінеді", - дейді Аймұрат. 

Есенгелді Раушановтың портреті. Фото: instagram.com/tanai_tigrohaud

Аймұрат Таңатовтың командасы Қазақстанда мұнаймен сурет салатын алғашқы суретшісі. 

"Маңғыстау мұнайлы мекен ғой. Яғни мұнай технологиясын шығарып, сонымен сурет салып бастадық. Шамамен 2005-2007 жылдары әзербайжандық суретші Сабир Чопуроглу дүние жүзінде мұнаймен сурет салған алғашқы адам. Кейіннен 2018-2019 жылдары сол суретшімен Ақтау қаласында кездесіп, таныстық. Мастер класына қатыстық, бірақ ол мұнаймен сурет салу технологиясының қыр-сырын, техникасын түсіндірмеді.

Бірақ біз өзіміз ізденіп, қоспасының құрамын тауып, құпиясын зерттедік. Екі-үш жылдан бері Ақтауда мұнаймен сурет салып келеміз. Мұнаймен салынатын суреттер ерекше шығады. Бүгінде Қазақстанның түкпіріне тарап жатыр. Әрине, мұнайдың таза күйінде сурет салу мүмкін емес. Сондықтан қоспасын жасап шығардық. Бүгінде сол технологияны игеріп, меңгеріп алдық деуге болады", - дейді Аймұрат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 521.92  course up  603.08  course up  6.66  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 21
Астана 15
Актау 19
Актобе 14
Атырау 20
Б
Балхаш 20
Ж
Жезказган 17
К
Караганда 16
Кокшетау 15
Костанай 21
Кызылорда 18
П
Павлодар 17
Петропавловск 22
С
Семей 21
Т
Талдыкорган 19
Тараз 22
Туркестан 15
У
Уральск 20
Усть-Каменогорск 22
Ш
Шымкент 22

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer