Ахажанов Касен родился в 1926 году в селе Талдыкамыс Экибастузского района Павлодарской области, скончался в 1989 году, похоронен в селе Тортуй города Экибастуза Павлодарской области. Был призван Краснокутским РВК Павлодарской области. Участвовал в боях под огнем противника на Белорусском фронте с декабря 1944 по май 1945 года - стрелком 2-го стрелкового батальона 89-го стрелкового полка, а с апреля - стрелком 860-го стрелкового полка. Демобилизован на основании постановления Совета Министров СССР от 28.01.1950 года.
После демобилизации до выхода на пенсию проработал в родном совхозе "Экибастузский" агрономом, зоотехником, руководителем сельского совета, управляющим. Вышел на заслуженный отдых в качестве начальника отдела кадров данного совхоза.
Был награжден орденом Отечественной войны ІІ степени (1985), медалью "За взятие Берлина" (1945), медалью "За взятие Кенигсберга" (1945), медалью "За победу над Германией в ВОВ 1941-1945 гг." (1945), юбилейной медалью "Двадцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг." (1966), юбилейной медалью "50 лет Вооруженных сил СССР" (1969), юбилейной медалью "Тридцать лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг." (1977), юбилейной медалью "Сорок лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 гг." (1987), медалью "30 лет Советской Армии и Флота" (1968), медалью "За освоение целинных и залежных земель" (1957).
Статья из газеты "Егемен Қазақстан":
"Туғанынан бір қарапайым адамдар болады. Дос ретінде араласып-құраласып жүретін жандардың да сол қарапайым болмысы, мінезінен бе, әйтеуір, ішкі дүниесіне үңіліп, өткенінен сыр тарту оңай бола қоймайды екен. Қайролла Ақажанов та солай. Жеңістің 70 жылдығы да өтіп кеткен. Сол кездері біраз адамдар әкелері, аталары, аға-бауыр, туғандары жайлы жазылған, естеліктерін, сарғайған хаттарын, суреттерін әкеліп, газетке шығарсаңыздар деген өтінішпен күн құрғатпай келіп тұрды. Әлі де солай. Өткен соғыс зардабының жүректен кетпей, әрбір отбасының зарына айналғанын түсінесіз. Күрсінесіз.
- Біздің әкей де соғысқа қатысқан. Берлинге дейін барған. Кейін бір жол түссе сол жаққа барып, әкей жүріп өткен жолды көргім келеді, - деді бір күні Қайролла досымыз да бір күрсініп алып.
- Бұрыннан бері айтпай жүргенің қалай? - дейміз таңғала.
- Е, немене, сүйінші сұрайын ба? Соғыс қой, қайбір жақсы дейсің, - деді де үнсіз қалды.
- Суреттері бар шығар? Сол жақта қалды ма, елге оралды ма? Берлинге дейін барған ба? - деп сұрадым.
- Қоймадың ғой, - деді бір күні Қайролла досымыз. Сөйтіп, 1945 жылы 9 мамыр күні Берлиндегі Жеңіс парадына қатысқан әскери киімдегі әкесі Қасен атамыздың жауынгер достарымен түскен суреттерін алып келді. Тіпті, туысқан ағасы Айтбай Айболдинді парадта кездестіріп күтпеген қуанышқа кенелсе керек. Ол суреттер де бар екен.
- Жауды тықсырып, өз ұясында талқандадық. Аналардың көз жасы, қаза болған қаншама ерлеріміздің рухы үшін біздің әскерге Берлинге жету керек болды. Ол күнгі Жеңіс күнінің қуанышын, төгілген көз жасты сөзбен айтып жеткізу оңай емес. Бұл күнді көре алмағандар қаншама, балам, - деуші еді әкем кейде құжаттарын қарап отырып.
- Әкеміз Қасенді біз кішкентай кезімізден ағатай деп атап кеткен екенбіз. Сол қайран ағатайым 18 жасында әскерге аттаныпты.
Қазір ойласаң, өрімдей жас кезінде кеткен екен ғой, анасы, біздің әжеміз қалай зар жылап қалды екен деп біртүрлі боласың. Сұм соғыс деген осы. Әкеміз соғыс кезінде Белорус майданының 860-атқыштар дивизиясының 283-полкінде майданға қатысқан. Қиян-кескі ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін II дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, "Кенигсбергті азат еткені үшін", "Берлинді алғаны үшін", "1941-1945 жж", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталды. Ең бастысы - мен өзім іштей қуанатыным әкеміз, ағатайым Қасен Ақажанов 1945 жылы 9 мамырда Берлинде өткен Жеңіс шеруіне қатысқаны үшін кеудемді мақтаныш кернеді. Жеңіс парадында түскен суреттеріне дейін бар. Бірақ, Берлинге дейін барып, қан майдан отын көрсе де әлі күнге таңғаламын, ешқашан соғыс ардагерімін деп ешкімге барып талап-тілектер айтпайтын. Соғысқа деген көзқарасы, жалпы, түсінігі өзгеше еді. Сондықтан бізге де соғыс жайлы ашылып көп ештеңе айтпайтын.
Әрине, 18 жасында, енді ғана үлкен өмірге аяқ басқан кезінде шағын ғана ауылдан соғысқа аттанды. Адамның ой-өрісіне, психологиясына әсер қалдыруы мүмкін. Сондықтан әкемізге "соғыс" деген сөзді айту өте ауыр екенін білдім. Екібастұздың Талдықамыс ауылында тұрдық. Бұл ауылда 1873 жылы әйгілі Естай ақын туған. Естайдың шешесі Күлипә, Күлипәнің әкесі Байтүлім дарынды адамдар болған деп жас кезімде апам Топаштан естуші едік. Сонда ауылдықтардың айтулары
нша, әкеміздің анасы Сәтима әжеміз ұлым Қасен майданнан қашан қайтар екен деп күні-түні қара жолдың бойын қарайлайды екен. Ұлының Берлин жақта жауды қуып барғанын ана қайдан білсін, бірақ, үмітін үзбей, қара жолдан көз алмаса керек. Майдан жолының ұзақтығы сондай, соғыстан әкеміз 1948 жылы бір-ақ оралады. Ананың көз жасына малынған ақ тілегі, үміті ақталады. Біздің ауылға қарай келе жатқан солдатты көріп, ауылдықтар:
- Сәтима апа, Қасен аға келе жатыр! - деп жүгірсе керек.
Анам Қаратай екеуі 8 бала тәрбиелеп өсірді. Бәріміз өмірден өз орнымызды таптық. Қасен атамның құжаттары мен жеке жазбаларының арасында анасы Сәтиманың атына келген тілдей қағазда "Ұлыңыз Ақажанов Қасенді нағыз азамат етіп тәрбиелегеніңіз үшін алғыс білдіремін", деп жазылыпты. Мұны дивизия командирі жазған екен. 70 жылдай уақыт сарғайып қалған осы бір алғыс хатты әкемнің анасы сақтаса, енді біздер, ұрпақтары әулеттің аса құнды құжаты деп білеміз, - деп еске алды.
Біздің бұл мақаламыздың кейіпкері Қайролла Ақажанов - әке жолын қуған мал шаруашылығы маманы, Семейдің малдәрігерлік институтын, Мәскеудің Скрябин атындағы академиясын бітірген, ғылыми дәрежесі бар ғалым азамат. Қазір Қайролла досымыз Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университетте студенттерге экономика, ауыл шаруашылығы ғылымы бойынша дәріс береді."