Байбосынов Мырзагали

  • Фото ветерана: Байбосынов Мырзагали
    Байбосынов Мырзагали
  • Фото ветерана: Байбосынов Мырзагали
  • Фото ветерана: Байбосынов Мырзагали
    Фото ветерана: Байбосынов МырзагалиФото ветерана: Байбосынов МырзагалиФото ветерана: Байбосынов Мырзагали

Асыл акеміз құжаттарда 1918 жылы туды деп жазылғанымен, 1916 ұлы жылы, Қарсақпайдан 30 шақырым қашықтығындағы Қарабұлақ деген жерде дүниеге кліпті. Байнияз, Толебай әкелерінің айтуы бойынша сол жылы орыс көпестері жақында революция болады деп Тройцкийден Атбасарға көк арбаға жегілген аттарымен Байқонырға Қарсақпайға орналасқан екен. Әкесінен 3 жаста жетім қалған анасы Есенбике әжеміз мандайынан қақпай, жетімдік корсетпей тәрбиелепті.Әкеміз анасын үнемі әжем деп айтатын. Аратлыққа жататын Қүтан Құлбаба байдын баласы Үкібай өз ауылын 16 баласын оқыту үшін 1922 жылы екі бөлмелі медресе салдырып, 1923 жылы кызылорда қаласынан Абдрахман деген молданы алдырыпты. Әкеміз осы медреседе арабша оқып, білім алады. 1928 жылы отбасы Қарабұлақ манайындағы аулдарымен Сырға көшеді, әкеміз Байбосынның інісі Бибосын ағайдын үйінде қалады. Анасы сағынып жұргенде, бір күні түсінде көреді, анасы "сені сағынып жүрмін" дегендей ишара жасайды. Сол күннен бастап ұйкысы қашып, анасын іздеуге бекінеді. 12 жастағы баланын Байқонырдан Қарсақпайға, Жосалы, Қызылорда, Сұлутөбеге жетуі, анасына жолуғуы өз аалдына бір хикая. 1930 жылы қөктемде елеге көшеміз деп , анасы, әжеміз Есенбике қайтыс болады. Әкеміздін жетімдік өмірі басталады, далада түнеп, күн суыта әркімнің жылы қорасын паналап жүрген күндерін жырдай ғып айтып отыратын және де оның бәрін дәптерге жазып қалдырған. Әуелі Жосалы, Шымкент, Көшембұлақ, сонында Арыс қаласынын жетім балалар үйінде тәрбиеленген, жеті жылдық мектепті үздік бітірген. Ол кезде жас ақын Абдолла Жұмағалиев қазақ тілімен қазақ әдибетінен сабақ береген, әрі оқу ісінің менгерушісі, әкеміз кісіні ағасындай көріп, әке орнына санаған және ауызынан тастамай, аса қадыр тұтып өтті. 1936 жылы Қызылорда қаласындағы педагогиқалық училишеге түседі, 1939 жылы бітіріп Шиелі ауданда мұғалім және мектеп менгерушісі болып қызымет жасайды. 1937 жылы сұрастыра жүріп, туған апалары аманкелді ауданында тұратын Зейнеппен келесі жылы Ош қаласында тұрған Зейілмен кездеседі. Бұд апаларды бізде көрдік, қәзір олардын балаларымен хабарласып тұрамыз. 1939 жылы күзде міндетті әскер қатарына шақырылады. Амурдағы Комсомольск қаласында, 33-ші жаяу әскер дивизиясының 7-ші құрлыс полкінде әскерлік міндітін өтіп жатады. Өзімен бірге сол кезде Жезқазған өңірінен Комсомольск қаласынын салысқанда Айтуған Баймағамбетов Сабыр Қайыпбаев, Коян Бейілов, Толегент Шагатаев, Сейіт Сүйінов, Жегіспай Жүндібаев деген достары екен. 4сағат жұмыс,4 сағат әскери ойындар, бәріне сүрінбей өтіп, құрлыс жұмыстарына да маманданып алады. 1941 жылдың маусымында гитлершіл Германияның шекараны бұзып кіріп, бейбіт жатқан елге соғыс ашқан туралы суық хабар жауынгерлерді дүрліктіреді, полк әскери даярлықты күшейтіп , батысқа жорыққа атануды күтеді. 1942 жылдың 19 науырызында Комсомольск қаласымен қоштасып, соғыс жолын Калинин майданында 33-ші атқыштар полкінде, Москва түбінде Волокаламск тас жолын жаудан тазартудан бастайды. II Украйн майданы, 9-ші гвардиалық артполкте, сосын 117-ші гвардиалық айырықша танкке қарсы тұратын атқыштар дивизиасында,104-ші гвардиалық Кутузов орденді 2-ші атқыштар дивизиясында, бұдан кейін 3-ші гвардиалық атқыштар венск корпусында болып, 3 рет жараланып, согыстын аяғына дейін болғаню Әкеміз Великие Лукидегі, Старая Русь,Луза, Семашко, Добрая, Ковинево, Витебск, Бобруйск, Плоешь, Сальнок елді мекендердегі ұрыстар жайлы кейде әнгімелеп отыратын. Балатон көліндегі шайқасты айтып жеткізе алмайтын. Смағұл, Валентин үшеуі жеткізген "тілді" пайдасы тиіп, 1942 жыл көкек айының 18 күні рота Семашко, Добрая деревняларын аз шыгынмен жаудан босатады. 1942 жылы 22 сәуірде Ржев қаласындағы қиян-кеске шайқаста ауыр жараланып, Торжок қаласындағы госпитальда емделеді. Осы жолы әкеміз "Қызыл жұлдыз" орденімен марапатталады. Геделле, Будапешт, Венаны азат етуге қатытып "Ерлігі үшін" медалімен марапатталады. 9 май Женіс күнін Чехославакияның Железник қаласында қарсы алған. Соғыстан кейінгі бейбіт өмірде анамыз Патшайық екеуі қосылып, жеті бала тәрбиелеп, бізді бақшадағы гүлдей мәпелеп өсіріп, жеткізді. Ұзақ жылдар өзі сүйген ұстаздық мамандығымен абыройлы қызымет етіп, ұрпақ тәрбиелеуге зор үлес қосты. Жүрмесең де сен енді арамызда, Әкешім, рухың мәңгі жанымызда. Сенің бейнең өшпейді, асқар тауым, Игі ісіңнің айналған бәрі аңызға.

Нравится