1. Главная
  2. Узнай
  3. Экономика
  4. Личные финансы

"50 пайызын тамаққа жұмсайды". Депутат қазақстандықтардың жалақысын көтеруді ұсынды 18 июня 2020, 13:13

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы азаматтардың еңбекақысын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы азаматтардың еңбекақысын көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2 миллионнан асып кетті. Яғни ол "тиімділігі сын көтермейтін "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасына терең талдау жасап, қажет болса, бұл бағдарламаны толығымен өзгерту керек" деп санайды.

"Біз жыл сайын миллиардтаған қаржыны жұмыспен қамтуға жұмсағанымызбен жұмыспен қамтылғандар саны азаймай, еңбек нарығындағы ахуал дұрыстала қойған жоқ. 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 2 миллионнан асып кетті. Біздің пікірімізше, "Еңбек" халыққа әлеуметтік көмек беретін бағдарлама емес, ол жұмыс іздеушілерді, нарыққа қажетті жұмысшы мамандықтарға оқытып, оларға жұмыс орындарын ашуға тиіс еді.

Өкінішке қарай, бұл бағытта нәтиже аз. Мысалы, "Нәтижелі жұмыспен қамтудың және кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін 2017 жылдан бері 186 миллиард теңге бөлініп, 40 мыңға жуық несие берілген. Осы бағдарлама аясында оқытылған 80 мың адамның 23 мыңы ғана жұмысқа орналасқан. Сәйкесінше, 6 миллиард теңге нарықта сұранысы жоқ мамандықтарды оқытуға жұмсалған. Мұны қалай түсінуге болады?", - деді ол. 

Спикер тұрғындардың табысының көп бөлігі тамақ алуға жұмсалатынын, ал басқа шығындары үшін несие алатынын атап өтті.

"2019 жылы азық-түлік тауарларына бағаның өсуі халықтың ақшалай шығыстарының 50 пайызын алды. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш - 10 пайыз. Тіпті Ресей мен Беларусьте бұл көрсеткіш азаматтар табысының үштен бірінен аспайды. Халқымыздың тапқан табысы азық-түлік сатып алуға кетіп жатыр. Тұрмыс деңгейі несие есебінен қамтамасыз етіледі. Халықтың қарызға кіруі әлеуметтік проблемаларға әкеп соғуы мүмкін", - деді ол.

Сонымен қатар, Мұрат Бақтиярұлы қазақстандықтардың жалақысын өзге мемлекеттермен салыстыра келе, еңбекақы көтеру мәселесін көтерді. 

"Елімізде ең төменгі жалақыны миллиондаған азаматтар алады. Төменгі жалақының көлемі елдегі орташа жалақының 19 пайызына тең. Дамыған елдерде 50 пайыз. Алысқа бармай-ақ, мынадай ресми мәліметке назар аударайық. Қазақстандағы ең төмен жалақы ЕАЭО елдеріндегі Ресейден 34 мың, Беларусьтен 22 мың, Армениядан 13 мың, ал ТМД елдеріндегі Украинадан 35 мың, Молдовадан 25 мың, Әзербайжаннан 16 мың теңгеге төмен... Сондықтан, құрметті Үкімет, біз барлығын түсінеміз. Бірақ азаматтарымыздың төменгі өмір сүру деңгейі мен ең төменгі жалақыны қазіргі өмір сүру талаптарына сәйкестендіруді тез арада қолға алу керек деп есептейміз", - деді депутат.

Еске салайық, бүгін Сенатта республикалық бюджеттің 2019 жылы атқарылу есебі талқыланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!