ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
16 февраля 2021 | 15:10

Алғашқы төлемдер, сын және шенеунік жауабы. Зейнетақы бөлігін алудың екі аптасы қалай өтті?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар 23 қаңтардан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін өтінім жіберіп жатыр. 1 ақпаннан төлем қазақстандықтар шотына аударылып басталды. Осы екі апта ішінде 75 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы төлемін алып үлгерген. Tengrinews.kz тілшісі біржолғы зейнетақы төлемі бойынша осы кезеңдегі маңызды оқиғаларды жинады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар 23 қаңтардан бастап зейнетақы жинағының бір бөлігін алу үшін өтінім жіберіп жатыр. 1 ақпаннан төлем қазақстандықтар шотына аударылып басталды. Осы екі апта ішінде 75 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы төлемін алып үлгерген. Tengrinews.kz тілшісі біржолғы зейнетақы төлемі бойынша осы кезеңдегі маңызды оқиғаларды жинады.

Қанша қазақстандыққа төлем берілді?

БЖЗҚ сайтында қазақстандықтарға берілген төлем бойынша ақпарат 12 ақпанда жаңарған. Сол күнге дейін 75 мыңнан аса қазақстандыққа төлем берілген.

12 ақпанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-ға "Отбасы Банк" мен "Халық Банктен" тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 115 608 өтінім түскен.

Қор 75 186 өтінімді орындаған. Оларға 408,1 миллиард теңгеден асатын сома жіберілген. Әрқайсының арнайы шоттарына түскен төлемдердің орташа сомасы 5,4 миллион теңгеден асады.


© Тұрар Қазанғапов

Қай өңірдің тұрғындары зейнетақы төлемін көп алды?

Әр өңір бойынша мәліметтер 8 ақпанда шыққан. Сол кездегі мәліметтерге сүйенсек, зейнетақы төлемін ең көп алған өңір - Алматы қаласы. Сол кезде Алматыдағы 11 мыңнан аса тұрғынның шотына жалпы сомасы 69,5 миллиард теңге аударылған.

Ал екінші орында Нұр-Сұлтан тұр. Елорданың 8 698 тұрғыны зейнетақы төлемін алғаны хабарланған. Олардың шотына 45,3 миллиард теңге аударылған. Үшінші орында Маңғыстау облысы тұр. Бұл өңірде 7 мыңнан аса тұрғын төлем алған. Олардың шотына түскен жалпы қаражат елордадан көп. Маңғыстаулықтарға 61,1 миллиард теңге түскен.


© Тұрар Қазанғапов

8 ақпандағы жағдай бойынша, зейнетақы төлемін ең аз алған өңір - Түркістан облысы. Бұл аймақта 34 адамға ғана төлем берілген. Тұрғындар шотына аударылған сома - 150 миллион теңге.

Төлем алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды

Зейнетақы жинағын алуға өтінім 23 қаңтарда басталса, он күннен кейін төлем алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды. Үйлі болған адам - Шымкент тұрғыны.

"Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті", - дейді баспана иесі.


© Тұрар Қазанғапов

Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған. Ал ипотеканы "Отбасы Банктен" алуды ұйғарған.

"Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым", - дейді ол. - Ипотеканы "Отбасы Банктегі" аралық қарыз арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады".

Қазақстандықтар төлемді неге жұмсап жатыр?

Мерзімінен бұрын зейнетақы жинақтарын алған қазақстандықтардың басым бөлігі қаражатын үй мәселесіне жұмсап жатыр. Жартысы үй сатып алуға, тағы біразы ипотека жабуға қолданған.

Кеше Ұлттық банк басшысы Ерболат Досаев қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын неге пайдаланып жатқанын айтты.

"Адамдар алынған жинақтардың 87 пайызын тұрғын үй мәселелерін шешуге, оның 45,5 пайызын - тұрғын үй сатып алуға; 28,3 пайызын - ипотекалық қарыз бойынша берешекті өтеуге; 10,5 пайызын - "Отбасы банкте" немесе екінші деңгейдегі банктерге бастапқы жарнаға ипотека алуға; 2,3 пайызын - жеке тұрғын үй құрылысына, ипотеканы қайта қаржыландыруға, сатып алу құқығымен жалдау шарты бойынша берешекті өтеуге және өзге де мақсаттарға жұмсауға ниетті", - деді Досаев.

Зейнетақы төлемінің жүйесін сынға алғандар бар

Қоғам белсендісі Аида Букаева зейнетақы жинағы төлемін сынға алды. Ол пікірін Facebook-парақшасында жазды.

Ол БЖЗҚ-дан қаражат алуға байланысты реформаны қолдамағанын, өйткені бұл тұрғын үй қымбаттауына әкелетінін айтады.

"Солай болды да. Бұл "Байлар байып, кедейлер кедейленеді!" деген реформа. Себебі 20 жылдан аса тәжірибесі бар бірде-бір мұғалімнің, мейірбикенің, кітапханашының зейнетақы шотында екі миллион теңге де жоқ. Реформа тұрғын үй бағасының күрт өсуіне әкелді. Әлі бір адам ақша аударған жоқ, ал бағаны ұстап тұру мүмкін емес, ал қазір осы реформаның арқасында "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша 15 миллион теңгеге тек бір бөлмелі пәтер сатып ала аласыз. Көпбалалы отбасы бір бөлмеге тығылып отыру үшін 20 жыл бойы қиналуы керек пе?", - деп жазды ол.


© Тұрар Қазанғапов

Ал экономист Мақсат Серәлі Tengrinews.kz тілшісіне еңбек өтілі көп мамандардың зейнетақы жинағы неге аз екенін түсіндірді.

"Қазіргі зейнетақы реформасы 1998 жылдан бастап қолданылады. Зейнетақы жинағы да сол кезде басталды. Оның үстіне, бұрын болған жалақыны да есепке алу қажет. Көбінің жалақысы соңғы онжылдықта ғана өсіп жатыр. Бұрын 60-70 мың ғана айлық алатын. Әрине, олардың еңбек өтілі көп болса да, зейнетақы жинағына қаражат көп жиналмайды", - дейді маман.

Енесі күйеубаласына жинағын табыстай ала ма? Жиі қойылатын 10 сұраққа жауап

Тұрғын үй үшін зейнетақы жинағын алу: Жиі қойылатын 10 сұраққа жауап

Зейнетақы жинағына неге көлік алуға болмайды? Экономист түсіндірді

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer