Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 февраля 2022 17:49

"Екі жағдайда да ұтыласыз" - экономист дүрбелеңде доллар сатып алудың қаупін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың салдары Қазақстан экономикасына да әсерін тигізіп жатыр. Бүгінгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 472,24 теңгеге тең болды. Осы дүрбелеңді пайдаланып, шетелдік валютаны жаппай сатып алып жатқан қазақстандықтар аз емес. Бұл қаншалықты ұтымды қадам? Доллар қашанға дейін өседі? Tengrinews.kz тілшісі белгілі экономист Мақсат Халықтан сұрады.


Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстардың салдары Қазақстан экономикасына да әсерін тигізіп жатыр. Бүгінгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 472,24 теңгеге тең болды. Осы дүрбелеңді пайдаланып, шетелдік валютаны жаппай сатып алып жатқан қазақстандықтар аз емес. Бұл қаншалықты ұтымды қадам? Доллар қашанға дейін өседі? Tengrinews.kz тілшісі белгілі экономист Мақсат Халықтан сұрады.

Оның айтуынша, қазір спекуляцияның құрбанына айналып кету оп-оңай. 

"Қазір дәл осындай дүрбелең кезінде доллар сатып алған дұрыс емес. Қаржыгердің қарапайым заңы бар: барлығы сатып жатқан кезде өзіңдегі дүниені сатпа, барлығы сатып алып жатқан кезде өзгедегі дүниені сатып алма. Бұл нені білдіреді? Екі жағдайда да ұтыласыз деген сөз, сондықтан қазір ондай қадамға барудың еш қажеттілігі жоқ. Мұнда таза спекуляция бар, оны Ұлттық банк жасаған интервенциядан көріп отырмыз", - дейді экономист. 

Мақсат Халық ары қарай қандай амалдар оңтайлы болатынын айтып берді. 

"Енді ары қарай не істеу керек? Әліптің артын бағып, жағдай тұрақталған кезде өзіңізге қажетті валютаны сатып алсаңыз болады. Алайда жинақты тек долларда не теңгеде сақтауға болмайды. Егер жинақ көлемі сіз үшін қомақты болса, оны бөліп, әртүрлі валютада сақтаған дұрыс. Кем дегенде 3 валютада ұстауға кеңес беремін, яғни 40 пайызын долларда, 30 пайызын еурода және қалғанын теңгеде конвертациялаған абзал. Айтпақшы, швейцариялық франк өте тұрақты қалпын сақтап тұр. Артық ақшасы бар инвесторлар осы валютаға тегіннен басымдық беріп отырған жоқ. Сонымен қатар, осы жылы Ұлыбританияның фунт стерлингі мен Қытайдың юаньы да орнынан мызғымай, керісінше, күн өткен сайын күшейіп жатыр. Осы валюталарды да ескерген жөн", - деді ол. 

Сонымен қатар, маман теңге туралы және оның қай уақытқа дейін құлдырайтыны туралы жеткізді.

"Теңге қатты құлдырап жатыр, бірақ жағдай мұншалықты ушықпауы керек еді. Неге десеңіз, мұнай бағасы бареліне 100 доллардан асты, одан бөлек сатылық кезең болып жатыр, яғни отандық компаниялар өз жинақтарын доллардан теңгеге ауыстырып, салық төлеуде. Мұның барлығы теңгенің құндылығын арттыратын іс-әрекеттер, дегенмен әлемде болып жатқан оқиғалардың ықпалы басымырақ болып тұр. Ресей қор биржасы 40 пайызға дейін құлады. Бұл бірінші кезекте теңгеге өз әсерін тигізіп жатыр. Демек, теңгеге сырттан келіп жатқан қысым көп, валютамыз әлі де құнсыздана береді", - деді ол. 

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.22   490.7   4.76 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети