Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
12 января 2022 09:59

Елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бұйрық қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанда заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бұйрық қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев капиталды негізсіз шығару туралы баяндама жасады. 

"Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты капиталды шетелге шығару, оның ішінде жалған мәмілелер жасау арқылы шетелге шығару тәуекелінің үдей түскенін атап өтті. Осыған байланысты биыл 10 қаңтарда Ұлттық банк Қаржылық мониторинг агенттігімен және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесе отырып елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылдады. Бұйрыққа сәйкес операциялар жүргізуге арналған өтінімдер бойынша іс-қимылдар алгоритмі қабылданды, сондай-ақ күшейтілген қаржылық мониторинг жүргізілуі тиіс трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілді. Талаптар айқын бұзылған жағдайда, мұндай операциялар жедел тоқтатылатын болады", - деді Ұлттық банк төрағасы. 

Еске салайық, кеше, 11 қаңтарда Президент Тоқаев шетелге ақша әкетіп жатқандарды тексеруге тапсырма берген болатын. 

"Төтенше жағдай режимі енгізілуіне байланысты жекелеген қаржы-өнеркәсіп топтарының капиталын шетелге шығару қаупі жоғары. Оның ішінде жалған келісімшарт жасасу арқылы. Жеке тұлғалардың шоттарында қозғалыстар барын тіркедік", - деген еді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Сондықтан Ұлттық банкке ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, барлық транзакция мен елден негізсіз қаражат шығаратын тұлғаларды нақты бақылауды және тексеруді қамтамасыз етуді тапсырған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети