ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 сентября 2020 | 12:04

Жауапсыз несие беруді заң жүзінде тоқтату керек - Мемлекет басшысы

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: akorda.kz Фото: akorda.kz

Тұтынушыларға жауапсыз несие беруді нормативтік түрде тоқтату керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Тұтынушыларға жауапсыз несие беруді нормативтік түрде тоқтату керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Продолжение

Оның айтуынша, қаржы секторындағы жағымсыз фактордың бірі - тұтынушылық сегмент пен бизнесті несиелеу арасындағы теңгерімсіздік болып отыр.

"Тұтынушыларға тоқтаусыз, кейде жауапсыз несие беруді нормативті түрде тоқтату керек. Бұл әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін. Азаматтардың тиісті деңгейде қаржылық сауаттылығының тиісті деңгейде болмауы оларға кредит өнімдерін негізсіз беруге себеп болмауы керек. Биыл менің тапсырмам бойынша нормативтік-құқықтық база өзгертілді. Қарыз алушының төлем қабілетіне талап айтарлықтай күшейді", - деді Президент.

Ерінбей еңбек ету, темірдей тәртіп, әділдік". Тоқаев зияткер ұлт қалыптастыратын 6 қағидатты айтты

Сондай-ақ, Тоқаев халыққа негізсіз кредит берген ұйымдардың жұмысы бақылауға алынғанын жеткізді.

"Халыққа қарыздарды негізсіз берген микроқаржылық ұйымдарға, ломбардтарға және тағы басқа қаржы ұйымдардың жұмысын мемлекет бақылауға алды. Бірақ қауіп әлі бар. Әсіресе, дағдарыс кезінде халық табысының төмендеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ұлттық банк кредит беретін ұйымдардың жауапкершілігін арттыру, ставканы төмендету үшін қосымша реттеу шараларын жүргізу керек", - деп түйіндеді сөзін Мемлекет басшысы.

Еске салайық, осыған дейін Мемлекет басшысы пандемияны жеңу үшін 2 жыл керегін, еліміздегі өңдеу өнеркәсібі саласын дамытуды, шенеуніктер санын қысқартуды, жер шетелдіктерге сатылмайтынын, жауапсыз несие беруді тоқтату керегін, мұғалімдердің жалақысы өсетінін, бала таба алмай жүрген отбасыларға көмек қалай көрсетілетінін, жемқорлықпен күрес қалай жүргізілетінін айтқан еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer