ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
02 сентября 2019 | 16:27

Кредит төленбесе, банк жалақының қанша пайызын ұстай алады? - Заңгер түсіндіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Статистикаға сүйенсек, бүгінде қазақстандықтардың кредит бойынша қарызы 6 триллион теңгеден асады. Бұл несиесін өтей алмай жүргендердің саны аз емес екенін көрсетіп отыр. Салдарынан банк өкілдері қарыз алушының жұмыс орнына, туыстарына хабарласып, одан нәтиже болмаса, қарызды жалақысынан ұстап қалып жатады. Бірақ бұл қаншалықты заңды? Нақты қандай жағдайларда банк борышкердің жалақысынан ұстап қалуға немесе оның жалақы картасын бұғаттауға құқылы? Tengrinews.kz тілшісінің бұл сұрақтарына заңгер Данияр Түймебаев жауап берді.

Иконка комментария блок соц сети

Заңгер банк пен қарыз алушы жасасқан келісімшарттарда қарыздың уақтылы, мерзімі бойынша төленуі тиіс екені көрсетілетінін айтады. Дегенмен, статистика көрсетіп отырғандай, кредитті кешіктіріп төлейтіндердің саны азаяр емес.

Түймебаев осындай жағдайларда қаржы мекемесінің істі коллекторларға жолдап, мәселенің сот арқылы шешілетінін айтады. Сондай-ақ маманның сөзінше, банк кредит бойынша қарызы барлардың жалақы қартасынан ақша ұстап қалуға құқылы.

"Бұл іс сотқа жеткен болса ғана борышкердің банк картасынан қарызы үшін ақша ұстап қала алады. Себебі мұнда сот орындаушысының дәлелі мен қажетті құжатттар бар. Ең бастысы - банк пен клиент арасында жасасқан келісімшартта белгілі бір мерзім көрсетілуі тиіс, яғни қарыз сол мерзімге дейін өтелмеген жағдайда банк жалақы картасынан ақша ұстай алады. Кейбір жағдайларда клиенттер өздері жалақысынан белгілі бір соманы ұстап отыруға өтініш жазып, рұқсатын беріп жатады", - дейді заңгер.

Бірақ Түймебаевтың айтуынша, банк жалақының барлық сомасын ұстап қала алмайды.

"Банк әлеуметтік көмек, алимент, балаларға берілетін жәрдемақы, басқа да жағдайларға қатысты берілетін өтемақыларды ұстап қала алмайды. Банк картасындағы барлық ақшаның көп болса 50 пайызын ғана ұстай алады. Одан көп ақша ұсталған жағдайда клиенттің прокуратураға банктің заңсыз әрекетіне шағымданып, өтініш қалдыруға құқығы бар", - дейді заңгер.

Маман сот үкімі шықпайынша, банктің жалақы картасын бұғаттауға құқығы жоқ екенін айтады. Ал қандай да бір сот үкімі шықпаса, банк ол шығынды өтеуі тиіс болады дейді.

Оқи отырыңыз:

Қандай жағдайларда банктер кредитті төмен мөлшерлемемен беруі мүмкін

Кредит алуға болмайтын 5 жағдай - Қазақстандықтар жиі жіберетін қателер

"Қара тізімнен" шығып, несие тарихын жақсарту жолдары - Маман кеңестері

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

Погода

Редакция Реклама
Социальные сети