Кредит алуға болмайтын 5 жағдай - Қазақстандықтар жиі жіберетін қателер

02 Шілде, 14:00
0
Кредит алуға болмайтын 5 жағдай - Қазақстандықтар жиі жіберетін қателер - © pexels.com
© pexels.com

Статистикаға сүйенсек, қазақстандықтардың кредит бойынша қарызы 6 триллион теңгеден асады. Бұл несиесін өтей алмай жүргендердің саны аз емес екенін көрсетіп отыр. Ал Бірінші кредиттік бюроның мәліметінше, жеке тұлғаларға берілген тұтынушылық кредиттер 3,3 триллион теңгеге жеткен.

Дегенмен қазақстандықтардың кредит алуға деген қызығушылығы бәсеңдеген емес. Солардың бірі пластикалық ота, яғни маммопластика жасату үшін кредит алған алматылық Жібек. Жібектің айтуынша, оның бұл шешіміне ата-анасы еш қарсы болмаған.

"Маған жақындарымның қолдауы маңызды болды. Бастысы олар мені қолдады. Ота жасату туралы нақты шешімге келген соң 1 200 000 теңге несие рәсімдедім, өзім тұрмыстық техника сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істеймін. Банктегілер "қандай мақсатта аласың" деп сұрады. Жеке мақсаттарға деп айттым. Содан кредитті үш жылға алдым, айына 40 200 теңге төлеп отырмын. Отаны көктемде жасаттым, клиникадағылар барлығын заң бойынша рәсімдеді, барлығын ескертті. Әзірше кредитті төлегеніме небәрі 3 ай болды", - дейді Жібек. Алматылық қыз оған еш өкінбейтінін айтады.

Еліміздегі банктердің бірінің бұрынғы қызметкері, заңгер Әсем Сатыбалдиева да несиелердің бүгінде түрлі мақсаттарға алынып жатқанын жоққа шығармады. Осы ретте қаржы сарапшысы Tengrinews.kz тілшісіне қандай жағдайларда кредит алмай-ақ өмір сүруге болатынын айтып, қазақстандықтар жиі жіберетін қателерді атап берді.

✖ Екінші бір қарызды жабу үшін тағы бір кредит алу

Қазақстандықтардың көбі ең оңай жол қарызды қарызбен жаба тұру деп санайды. Оған көзім жетті. Тіпті қайта қаржыландыру жасауға тырыспайды да. Себебі кредитті қайта қаржыландырса әлдеқайда ұтуға болады. Дегенмен олар бірден банкке жүгіріп, тағы бір кредит рәсімдейді. Шыны керек, пайыздық мөлшерлемесіне де аса назар аудармай жатады.

Менің кеңесім, басқа кредиттерді жабу үшін тағы бір кредит алудың орнына қайта қаржыландыру қызметін қолдану керек. Бұл жағдайда қарыз сомасы бірнеше есеге азаяды.

✖ Тойға кредит 

Маманның айтуынша, бұрындары несиелер көбіне бизнес ашу үшін рәсімделіп жатса, соңғы уақыттары дүркіреген той-томалақ ұйымдастыру немесе басқа біреулердің жиындарына сый-сыяпат жасау үшін немесе маңызды отбасылық мерейтойлар үшін қарыз алатын болған.

Ол қарыздың сомасы 10 миллион теңгеге дейін жетеді деуге болады. Кем дегенде қазақстандықтар тойды атқарып шығу үшін 4-5 миллион теңгеге кредит алады.

✖ Қаржы пирамидаларына кіріп бай боламын дейтіндер

Қазіргі таңда екінің бірі бизнесмен, яғни "сетевик". Олар қазір адамдарды оңай басқарып отыр. Бірі тренер, екіншісі лидер, тағы біреулері "алтын" немесе "күміс" болып кетті. Осындай бизнесмендерге сеніп, сол ұйымға кіру үшін миллиондаған қарыз алып жатқандар саны күннен-күнге артып жатыр. Адамдар аңқау болғандықтан ба немесе оңай жолмен ақша иемденгісі келетіндіктен бе, еш ойланбастан 2-3 миллион ақша алады. Бірден 2-3 айда байып кетемін деп ойлайды. 

✖ Жалақыға дейін ақша жетпей жатса да кредит алады

Көбі жалақыдан жалақыға дейін өмір сүруге үйреніп қалған. Алайда расында кейбір жағдайларда айдың соңында ақша қалмай қалады. Сол кезде барлығы банкке жүгіреді. Оған көп сома қажет болмаса да, адамдар психологиялық тұрғыда ол ақша тегін беріліп жатқандай жоғары пайыздық мөлшерлемемен тағы несие алып жатады. Одан гөрі танысынан немесе туысынан 10-15 мың теңге ала тұруға болады ғой. Бірақ, олар керісінше артық ақша төлеп, тағы қарызға батып жатады. 

 ✖ Пластика құрбандары

Орташа есеппен бүгінде қазақстандық қыздар дене бітімін өзгертуге миллион теңгеге дейін ақша жұмсауға дайын. Мысалы, еліміздегі жекеменшік клиникалардың бірінде блефаропластика жасату, яғни қабақ пішінін өзгерту шамамен 500-600 доллар екен.

Сондай-ақ, соңғы күндері көп кездесетін операциялардың бірі маммопластика жасатқысы келген қыз-келіншектер еш аянбастан кредит ала салуды жөн көреді. Алайда кейін ол отаның кері әсері байқалып, денсаулығы нашарлап кетсе немесе тағы да ота жасату керек болса, оған ешкім ақшасын қайтармайды, керісінше, тағы қарызға батуға мәжбүр болады. Сондықтан несие алудың алдында бірнеше рет ойлану керек.

Оқи отырыңыз:

Тұтынушылық кредит деген не және оны қазақстандықтар не үшін алады - Маманнан кеңестер

Қандай жағдайларда банктер кредитті төмен мөлшерлемемен беруі мүмкін

"Кредитті кредитпен жаппаңыз". Қазақстандықтардың қарыз қайтарудағы 5 қателігі

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц