1. Главная
  2. Узнай
  3. Экономика
  4. Личные финансы

Мобильді аударымдар: Қазақстанда тарап жатқан 5 фейк 06 декабря 2021, 16:06

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдар туралы Желіде тараған фейктер туралы айтып, жиі қойылатын сұрақтарға
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Нашли ошибку?

Иллюстративное фото:elements.envato.com Иллюстративное фото:elements.envato.com

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдар туралы Желіде тараған фейктер туралы айтып, жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

№1 фейк:

"2021 жылдың 1 желтоқсанынан бастап барлық мобильді аударымға салық салынады".

Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдар салық салуға және тексеруге жатпайды. Енгізілген өзгерістер декларацияда заңды айналымды көрсетпей, мобильді аударымдар арқылы төлем ретінде ақша қабылдайтын кәсіпкерлерге қатысты.

№2 фейк:

"Егер мен әріптестерімнен, мектептегі ата-аналардан туған күндерге аударым арқылы ақша алсам, бұл үшін менен салық алынады".

Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар арасындағы мобильді аударымдарға салық салынбайды. Бұл ретте жеке тұлғалар туралы мәліметтерді 2025 жылдан бастап мемлекеттік кірістер органдарына беру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, бір тұлғаның күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан бірнеше рет аударымдарды алуы кәсіпкерлік қызметті анықтау критерийлерінің бірі саналады.

№3 фейк:

"Мен жеке кәсіпкермін, енді мобильді төлемдерінен түскен түсімдер үшін де салық төлеуім керек пе? Бұл екі рет салынған салық қой!"

Түсіндірме: Жоқ, салық екі рет салынбайды, мобильді төлемдер жаңа салық түрі емес және қосымша салық ауыртпалығын көтермейді. Жеке кәсіпкерлер өзінің заңды айналымын көрсетуі керек.

Сонымен қатар, салық демалыстары 2023 жылға дейін күшінде екенін хабарлаймыз, онда шағын бизнес салық төлеуден босатылады.

№4 фейк:

"Салық органы жаңа 2022 жылдан бастап жеке тұлғалар туралы барлық ақпаратты банктен алады".

Түсіндірме: Жоқ, жеке тұлғалар туралы ақпаратты тек 2025 жылдан бастап, жалпыға бірдей декларацияға сәйкес, екінші деңгейлі банктер береді деп жоспарланып отыр.

№5 фейк:

"Жаңа жылдан бастап мобильді аударымдар мен қолма-қол ақша төлемдерінің есебін жүргізуім керек пе?"

Түсіндірме: Жоқ, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшасыз төлемдер мобильді төлемдер арқылы қабылданады (мобильді аударымдар арқылы емес).

Осылайша, мобильді төлемдерге қаражат кәсіпкердің арнайы шотына түседі. Декларацияда жалпы айналымды көрсету қажет: оның ішінде алынған қолма-қол ақша мен қолма-қолсыз ақша айналымы бар.

Комитет өкілдері мобильді аударым туралы жиі қойылатын сұрақтарға да жауап берген. 

1. Егер мен жұмыс істеп, бақылау-кассалық аппаратты сатылған барлық тауарға қолдансам, енгізілген нормалардың салдары қандай болмақ?

Жауап: Бақылау-касса машиналарын пайдаланатын және заңды айналымды көрсететін кәсіпкерлерге бұл ереже әсер етпейді.

2. Екінші деңгейлі банктер әлеуетті "құқық бұзушыларға" талдау жүргізіп, мұндай салық төлеушілер туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына бере ме? Достары мен туыстарына аударма жасайтын қарапайым адамдарға уайымдамауға бола ма?

Жауап: Иә, дұрыс, бұл ереже жеке адамдарға әсер етпейді. Ықтимал "құқық бұзушылар" тәуекелдерді басқару жүйесімен айқындалады, оның критерийлерінің бірі: күнтізбелік үш ай қатарынан ай сайын 80-100 адамнан бірнеше рет ақша аударымдарын қабылдаған бір тұлғаның кәсіпкерлік қызметі анықталады.

3. Енгізілген өзгертулер тек кәсіпкерлерге қатысты, ал жаңа жылдан бастап "мобильді төлемдер" деген жаңа ұғым пайда болады және бұл өздеріне ыңғайлы жолмен ақша аударатын қарапайым халыққа әсер етпей ме?

Жауап: Бұл ереже тек кәсіпкерлерге қатысты екені рас, бұл ереже жеке тұлғаларға қолданылмайды.

4. Критерийлер туралы механизм жобасы ресми түрде жариялана ма? Мобильді аударымдар үшін бекітілген критерийлерді көре аламыз ба?

Жауап: Белгіленген критерийлер қоғамдық талқылау үшін "Ашық құқықтық актілерде" талқылау үшін ресми түрде жарияланады.

5. Кәсіпкерлер жаңа жылдан бастап мобильді төлемдер арқылы ақша қабылдау үшін кәсіпкерлік қызметке бөлек шот ашу керек пе?

Жауап: Дұрыс, кәсiпкерлердің мобильдi төлемдер арқылы ақша қабылдау үшін жеке бизнес-шоты болуы керек.

Сонымен қатар, жеке тұлға үшін тауарларды төлеу кезінде ешқандай өзгерістер болмайды.

Еске салайық, 25 қарашада Сенат депутаттары "мобильді төлемдер" түсінігін енгізетін заң қабылдаған, яғни кәсіпкерлер мобильді аударымдар үшін салық төлейді.

Оған әлі Президент қол қойған жоқ. Заңда екінші деңгейлі банктерді 2025 жылдан бастап мобильді төлемдер мен азаматтардың аударымдары туралы ақпаратты мемлекеттік кірістер органдарына беруге міндеттейтін норма бар.

Жаңа заң кейбір кәсіпкерлерді қорқытты. Олар мобильді аударымдар арқылы төлемдерді қабылдаудан бас тартып, қолма-қол ақша талап ете бастады. Мәселені қолда бар деректерге сүйене отырып қарастыратын болсақ, алдағы бірер жылда ештеңе өзгермейді.

Кейін Қаржы министрлігі 2025 жылға дейін аударымдар туралы ақпарат берілмейтінін хабарлаған

Мобильді аударымдар қашан реттеледі және ереже бұзғандар қалай жазаланады?



Join Telegram