Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
09 октября 2020 14:24

"Несие тарихыңызды тексеріп тұрыңыз". Қара тізімге енбеу үшін не білу керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Қара тізімге енген кез келген қазақстандықтың несие тарихы бұзылып, келесіде несие алу мүмкіндігінен айырылып қалады. Себебі банктер клиенттің несие тарихына қарап, бұрын қандай кредит және қандай мерзімге алғаны, оны уақтылы жауып жүр ме, жоқ па, қандай банктерден алғаны туралы мәліметті қарап шығып болған соң ғана өзінің несиелендіру саясатына сәйкес шешім қабылдайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Гүлмира Батырханқызы айтты.


Қара тізімге енген кез келген қазақстандықтың несие тарихы бұзылып, келесіде несие алу мүмкіндігінен айырылып қалады. Себебі банктер клиенттің несие тарихына қарап, бұрын қандай кредит және қандай мерзімге алғаны, оны уақтылы жауып жүр ме, жоқ па, қандай банктерден алғаны туралы мәліметті қарап шығып болған соң ғана өзінің несиелендіру саясатына сәйкес шешім қабылдайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Гүлмира Батырханқызы айтты.

Заңгердің айтуынша, қарызгер қара тізімге енбеуі үшін несие тарихына ғана емес, тағы бірнеше факторға назар аударғаны жөн.

"Несие бойынша ай сайынғы төлем несие тарихына тікелей әсер етеді. Сондықтан борышкер төлемді уақтылы және толықтай төлеуі тиіс. Себебі көп жағдайда қарызгер несиесін дәл сол төленуі тиіс мерзімде төлеп, техникалық проблемалар пайда болып, төлем келесі күні ғана жасалады. Кейде несиенің 200 теңгесі болсын төленбей қалып, ақшаның үстіне пайыздар қосылып, қарыз өсе береді. Ал оны жаптым деп ойлаған адам банк алдында әлі де қарызы бар екенін білмей, несиесі толығымен қайтарылмағанын кеш біліп жатады. Салдарынан банк қарыздың кеш төленгені туралы мәліметті несие тарихына енгізеді", - дейді заңгер.

Қазақстандықтар қандай жағдайларда кредитті төлеуін тоқтата тұра алады?

Сондай-ақ, сарапшының айтуынша, әртүрлі ұйымдарда бірнеше кредиттің болуы да қарызгердің қара тізімге ену-енбеуіне әсерін тигізеді.

Заңгер банк немесе өзге қаржы ұйымдарының қарызгерде 2-3 кредиті болса өтінішті қабылдауы мүмкін екенін айтады. Ал 4-5 кредиті бар адам қарызды өтеу қабілеті төмен деп саналады дейді.

Несие тарихының нашар болуы да қара тізімге ену қаупін арттырады дейді заңгер. Сондықтан, маманның айтуынша, несие тарихын жарты жылда бір рет тексеріп тұру қажет.

"Несие тарихында несие мерзімін ұзарту қай айда, қандай сомада болғаны және қанша күнге созылғаны туралы ақпарат та көрсетіледі. Әр банктің несие тарихын бағалаудың өз талаптары бар, яғни, несие беру саясаты әртүрлі "Несиелік бюролар мен ҚР несиелік тарихтарды қалыптастыру туралы" ҚР Заңына сәйкес, несие тарихындағы мәлімет соңғы жаңартудан бастап 10 жыл көлемінде сақталады. Яғни, несие тарихы өшірілмейді", - дейді Гүлмира Батырханқызы.

Осы ретте заңгер несие тарихын бұзбаудың бірден-бір жолы - аз сомаға немесе тауарға несие алып, оны уақтылы жауып жүру. Сол кезде ғана несие тарихыңыз түзеледі дейді. Кредиторларға төлем қабілетін көрсетіп, одан кейін көбірек сомаға несие алуға өтініш жасалса, банк өтіншті қабылдауы мүмкін.

Кредитті қалай жабамыз - Мамандардан кеңес

"Бірінші кредиттік бюро" сарапшыларының айтуынша, несие тарихы бірінші кезекте банктер мен несие беретін мекемелер үшін өте маңызды. Cондай-ақ, олар да несие тарихын тазалауға немесе өзгертуге болмайтынын айтады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети