ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 июля 2019 | 22:36

Тауарды несиеге алатын кезде неге назар аудару қажет

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрациялық фото: business-vector.info Иллюстрациялық фото: business-vector.info

Банктер мен техника дүкендері түрлі маркетинг әдістерімен алмасқа қоймайтындай назар аудартады. Осы тұрғыда несие алушы ретінде қандай мәселелерге көңіл бөлу қажет? Бұл туралы заңгер маман Думан Көпбаев Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Банктер мен техника дүкендері түрлі маркетинг әдістерімен алмасқа қоймайтындай назар аудартады. Осы тұрғыда несие алушы ретінде қандай мәселелерге көңіл бөлу қажет? Бұл туралы заңгер маман Думан Көпбаев Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.

"Жеке тұлғаларға берілетін несиелердің бірнеше түрі бар: тұтынушылық, автокөлік және ипотека. Олар пайыздық мөлшерлеменің сипаты мен оны төлеу әдісі бойынша, сондай-ақ валютада өтеу реті бойынша ерекшеленуі мүмкін. Тұтынушылық несиелердің саны азайғанына қарамастан, несиелендірудің бұл түрі халық арасында ең танымалы болып есептеледі. Тауарды несие бойынша алуға немесе сауда орталығында, интернет арқылы жедел несие алу үшін құжаттар пакетін жинаудың қажеті жоқ", - дейді маман.

Думан Көпбаевтың сөзінше, банктен мақұлдауды күтіп, төлқұжатты ұсыну жеткілікті.

"Банктен несие алу кезінде азаматтар несие бағдарламасының шарттарына, жылдық мөлшерлемеге, қарызды ай сайынғы өтеу тәртібіне, қосымша төлемдердің болуына, айыппұл санкцияларының мөлшеріне, мерзімінен бұрын өтеу жағдайына және форс-мажор жағдайларды мұқият тексеруі қажет. Себебі осы жоғарыдағы мәселелерді дұрыс қарау болашақта несиені ойдағыдай төлеуге септігін тигізеді", - дейді заңгер.


© Тұрар Қазанғапов

Маманның айтуынша, азаматтар несиені  алар кезде ең бірінші көңіл аударатын мәселе бұл - төлеу қабілетін ескеру. Яғни Қазақстанда кейбір банктер несие алушының табыс көзін тексермей, несиені оңды-солды таратып жіберуі мүмкін. Ал несиені өтеуге келгенде әртүрлі мәселелер туындауы ықтимал.

"Сондықтан билік басындағылардың табыс көздерін тексеріп барып кредит беру керек дегеніне мен толықтай қосыламын. Азаматтардың несие алатын банктерді таңдауда ең бірінші банктердің несие рейтингіне көңіл аударуы керек, бұл несиенің пайыздық мөлшерлемелерін төмен алуға болады", - дейді ол.


© Тұрар Қазанғапов

Маман несиені бір ғана банктен алмауға кеңес берді.

"Тұрақты клиент болсаңыз да, ешқашан бір банктен ғана үнемі несие алып тұрмаңыз. Банк нарығындағы жағдай өте жиі өзгеріп отырады, ал кеше "ең арзан қарыздар" шығарған банк бүгін "қымбат" болуы мүмкін. Несие аларда кем дегенде 3 банкпен хабарласып, әр төлем кестесін және қарыз алушыларға қойылатын талаптарды сұрастыру қажет. Әр ұсынысты мұқият оқып шығып, түпкілікті шешім қабылдау қазіргі несие алатын азаматтардың ұраны болуы керек", - деді заңгер.

Автор: Сымбат Сатыбалдина

Оқи отырыңыз:

"Қара тізімнен" шығып, несие тарихын жақсарту жолдары - Маман кеңестері

Қайтыс болған адамның несиесін кім өтейді - Заңгер түсіндіреді

Кредит алғанда заңсыз қосылған пайыздарды қалай қайтаруға болады

Ұлттық банк "кредитті ұйымдастыру комиссиясын" қайтаруға қатысты пікір білдірді

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer