Вице-министр ерлі-зайыптылардың кредиті қалай кешірілетінін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Вице-министр ерлі-зайыптылардың кредиті қалай кешірілетінін түсіндірді © Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Президенттің жарлығы бойынша ерлі-зайыптының қарызы қалай өтелетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова Президенттің жарлығы бойынша ерлі-зайыптының қарызы қалай өтелетінін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Вице-министр несие бойынша қарыздары мен өсімұлдары кешірілетін қазақстандықтардың тізімі әлі де толықтырылып жатқанын еске салды. Айтуынша, бүгінде бұл тізімде 507 мың адам бар.

"Осы күнге дейін Бірінші кредиттік бюроға 2 миллион 289 адамға қатысты мәлімет жіберілді. Кредиттік бюро барлық мәліметті алған соң оны екінші деңгейлі банктердің базасы бойынша тексереді. Қазақстандықтарға қатысты мәліметтерді жинау барысында ерлі-зайыптының әрқайсы жайлы, сондай-ақ, көпбалалы отбасы болса, жәрдемақының кімнің атына рәсімделгені тексерілгенін айта кету керек. Яғни, ерлі-зайыптының әрқайсының кредиті бар-жоғы ескерілді. Осыдан кейін ол мәліметтер проблемалық кредиттер қорына жіберілді", - деді Жақыпова үкімет үйінде азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы өткен баспасөз мәслихатында.

"Президенттің жарлығы бойынша, кредит бойынша жалпы берешек 3 миллион теңгеден аспауы тиіс. Ал ерлі-зайыпты жарлықта көрсетілген шарттарға сәйкес болып, тізімге енсе, әрқайсының кредиті жеке өтеледі. Нақты бұл жағдайда отбасының 600 мың теңге қарызы өтеледі", - деп түсіндірді Жақыпова.

Сондай-ақ, вице-министр қазақстандықтардың eGov порталында кредиті кешірілетіндердің тізімінде бар-жоғын тексере алатынын еске салды. Айтуынша, ол үшін порталға кіріп, авторизациядан өтіп, ЖСН енгізіп, қажетті жауапты алуға болады.

Бұдан бөлек, Жақыпова 9 қыркүйекке дейін екінші деңгейлі банктердің қарызы кешірілетін қазақстандықтарға қатысты толық тізімді беруі тиіс екенін айтты.

Еске салайық, биыл 26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. Ондағы мақсат - қиын жағдайға тап болған отбасыларға, көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жетім балалардың қаржылық ахуалын жақсарту. 

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтардың кредиттері мен өсімпұлдары қалай кешіріледі - Түсіндіреміз

Кредитті кешіру туралы Президент жарлығы. Бүгінге дейін не білу керек

Tengrinews
Читайте также

Курс валют

 489.33   566.72   6.77 

 

Погода

Алматы
А
Алматы +26
Астана +21
Актау +26
Актобе +22
Атырау +32
Б
Балхаш +28
Ж
Жезказган +24
К
Караганда +22
Кокшетау +18
Костанай +33
Кызылорда +25
П
Павлодар +20
Петропавловск +27
С
Семей +29
Т
Талдыкорган +30
Тараз +33
Туркестан +25
У
Уральск +28
Усть-Каменогорск +32
Ш
Шымкент +27

 

Редакция Реклама
Социальные сети