Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 октября 2019 09:06

Бір тапсырысы 20 миллион теңгеге дейін баратын мамандықтың қыр-сыры

Камила Долаева Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

CGI немесе VFX-дизайнер ұғымын естігендеріңіз бар ма? Негізі бұл - күнделікті көріп жүрген фильм, бейнебаян, жарнамалардағы түрлі эффектілерді жасайтын маман. Алматылық VFX-дизайнер, жас та болса Nike USA сынды ірі компаниялармен жұмыс істеген Еламан Буралкиев Tengrinews.kz тілшісіне жұмысы, табысы және мамандықтың еліміздегі көрінісі жайлы айтып берді. 


CGI немесе VFX-дизайнер ұғымын естігендеріңіз бар ма? Негізі бұл - күнделікті көріп жүрген фильм, бейнебаян, жарнамалардағы түрлі эффектілерді жасайтын маман. Алматылық VFX-дизайнер, жас та болса Nike USA сынды ірі компаниялармен жұмыс істеген Еламан Буралкиев Tengrinews.kz тілшісіне жұмысы, табысы және мамандықтың еліміздегі көрінісі жайлы айтып берді. 

VFX-дизайнер деген кім?

VFX-дизайнер (ағылшынша Visual Effects Artist) - визуал эффектілер жасайтын суретші. Бұл мамандық иелері кино, жарнама және ойын индустриясында сұранысқа ие, себебі олар компьютерлік графика арқылы түрлі әсерлі, есте қаларлық көріністерді, кейіпкерлерді өмірге әкеледі. 

SFX - Special Effects, фильм түсіргенде қолданылатын арнайы эффектілер. Мысалы, машина жарылысы, күрделі грим, механикалық қуыршақтар, қар немесе жаңбыр және басқалары. 


"Тақтар ойыны" сериалынан 

24 жастағы алматылық Еламан Буралкиев логистика бойынша білім алса да, осы салада жүргеніне 6 жыл болыпты. Мемлекеттік грант иегері екінші курсынан жұмыс істей бастаған. Айтуынша, бала кезінен шығармашылықпен айналысқысы келген. 

"Өмір бойы шығармашылық адамы болғым келді, әдемілікті жасауға, оны бөлісуге құмар болдым. Сол себептен логистика ұнамады", - дейді ол. 

Еламан бейнемонтаж жасауды YouTube-тен үйренген екен. 

"Кішкентайымнан ағылшын тілін оқыдым. Мұғалімім нағыз ағылшын болды. Сондықтан монтажды үйрену оңайға түсті. 19 жасымда компанияда жұмыс істедім, онда тендер бойынша тапсырыстарды қабылдадым, басында қарапайым видеомонтажбен айналыстым, кейін моушндизайн базасын меңгердім де жайлап қазіргі ісіме жақындай бастадым. Ең алғашқы ірі жұмысым - Алматы әкімдігінің толығымен ағылшын тіліндегі туристік видеосы болған", - дейді Еламан Буралкиев. 

"Қазақстанда клиенттермен жұмыс істеу оңай емес"

Оның айтуынша, Қазақстанда тапсырыс негізінен сарафан радиосы тәсілімен келеді және ол 20 миллион теңгеге дейін тұрады. 

"Клиент табу оңай емес. Көбіне сапалы өнім жасасаң, олар өзі сені іздейді. Достарынан естиді немесе әлеуметтік желілерден көріп, тұрақты клиентке айналады. Тапсырыс бағасы күрделілігіне қарай өсе береді, ол 500 мың теңгеден 20 миллионға дейін болуы мүмкін. Ал орташа, 5-8 миллион теңге. Дөп басып айту қиын. Негізінен, менің клиенттерім - VFX қажет режиссерлер. Соңғы жылдары ірі, қызықты жобалар көбейді. Magnat, Nike USA сынды компаниялар мен банк, сусын, байланыс желілеріне жарнама роликтерін жасадық", - дейді ол.

 

"Бейнебаяндармен жұмыс істеген тиімсіз"

 

"Музыка - шығармашылық жұмыс, оның бюджеті ойлаған идеясын жүзеге асыруға көбіне жете бермейді. Десе де музыкант маған қызық болса, жеңілдіктер жасаймын", - дейді Еламан Буралкиев. 

Қазір ірі компаниялар жарнамаға қомақты қаражат жұмсай алады. Оның айтуынша, бүгінде видео өңдеумен айналысатындар қатары көбейген. 

"Қазақстандық локациялар ауқымымен тартады, ал біздің видео-продакшндар соңғы жылдары сапасын жақсартып, танымал бола бастады. Алматы - шығармашылық орталығы, 5 жыл бұрын мен таңдауымды жасап, осы бағытта жұмыс істей бастағанда "моушн дизайнер" сөзін бірен-саран адам ғана білген. Ал қазір, менің таныстарым арасында осы салада еңбек етіп, ақша тауып жүрген кем дегенде 15 адам бар", - дейді ол. 

Отандық фильмдердегі эффектілердің сапасы

 

Қазақстандық фильмдердегі эффектілерге айтылатын сынға Еламан Буралкиев былай жауап берді:

"Шын мәнінде, фильмдерде жақсы эффектілер бар, олар тамаша жасалғаны сонша, адамдар байқамай қалады. Сонымен қатар, толықметр фильмдерді көбіне ескі мектептің адамдары түсіреді. Менің достарыма негізінен бейнебаяндар мен YouTube-шоу ұнайды және олар эффект қолданғанда батылырақ. Бірнеше жыл бұрын кадрлық анимация жасап көрдік, бірақ оған өте ұзақ уақыт жұмсайсың. Қазір ондаймен айналыспаймыз". 

VFX-дизайнердің айтуынша, ең ұзақ жобасы "Брат или Брак" фильмі болыпты. 

"Онымен үш айдан аса уақыт жұмыс істедік. Ал ең жылдамы 30 минут шығар. Әзірше жаңа дүние жасауға, оны көпшілік назарына ұсынуға ниет бар. Сондықтан балаларды монтажға үйретумен ақылы айналыспаймын. Ал өзіммен жұмыс істейтіндердің кейбіріне күнде VFX жасау жолдарын көрсетемін", - дейді ол.

Еламан Буралкиевтің айтуынша, оның кумирі - Йоа́нн Лемуан. Француз клипмейкері, графикалық дизайнер әрі музыкант, продюсер әрі режиссер, Woodkid лақапатымен танымал. 

"Оны нағыз оркестр десе болады, Woodkid өзі фильм түсіріп, оған музыкасын да жаза алады", - дейді ол. 

Суреттер: © Жеке мұрағаттан 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети