Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
22 апреля 2021 13:08

"Марстың тарихтағы алғашқы суреттері". NASA зерттеулері қалай жүріп жатыр?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: NASA Фото: NASA

Ғарышты зерттеу бойынша америкалық NASA ұлттық агенттігі өзге ғаламшарларды зерттеу және ондағы тіршілік көзін анықтау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Мысалы биыл ақпанда Марсқа қонған Perseverance марскезері тарихта болмаған суреттер мен видеолар түсірді. NASA-ның кейінгі уақыттағы зерттеулері қалай жүріп жатыр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.    


Ғарышты зерттеу бойынша америкалық NASA ұлттық агенттігі өзге ғаламшарларды зерттеу және ондағы тіршілік көзін анықтау бойынша белсенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Мысалы биыл ақпанда Марсқа қонған Perseverance марскезері тарихта болмаған суреттер мен видеолар түсірді. NASA-ның кейінгі уақыттағы зерттеулері қалай жүріп жатыр? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.    

Марстағы жаңа суреттер

Биыл 23 ақпанда NASA Марстағы жаңа суреттер мен видеоны жариялады. Суреттер планетаға 2021 жылдың 18 ақпанында қонған Perseverance роверіне түсірілген.

Бұл - тарихта кеменің Марсқа қону операциясы таспаланған бірінші суреттер. Суреттер Марс кемесінде және "Аспан краны" тежегіш жүйесінде орнатылған камераларға түсірілген.

Екі күннен кейін, 25 ақпанда NASA Марстың 142 суреттен құралған панорамалық суретін жариялады. Сурет 18 ақпанда марскезер қонғаннан кейін бірден жасалған, алайда ол Жерге дейін сапалы түрде жетуі үшін біраз уақыт қажет болған, артынша графикалық редакторда панорама жасалған. Суреттің түпнұсқасын мына жерден көруге болады.  

Панорама Mastcam-Z камерасының көмегімен жасалған, ол жылжымалы штативте орналасқан. Камера 360 градусқа айнала алады және аз уақыт аралығымен суретке түсіре алады. Ол заманауи смартфондардағы "панорама" функциясына ұқсас, бірақ Марстан түсірілген суреттерді қолмен жинауға тура келген. 

Маркезердің екі камерасымен салыстырғанда Mastcam-Z камерасында екі объектив бар. Біреуі жалпы көрініске жауап берсе, енді бірі жеке бөліктерді жақындатып түсіру үшін арналған. Дәл осындай функция көптеген смартфонда да болады. 

Айналмалы панорама үзіндісінен Езеро кратерінің шетін байқауға болады.

Ал 5 наурызда NASA Марстың тағы бір әсерлі суретін жариялады. NASA мәліметінше, бұл сурет мыңдаған суреттен жасалған. Олар суреттерді төрт күн бойы жинаған. 

Көп ұзамай Perseverance Марстағы "кемпірқосақты" суретке түсіріп алды. Ерекше табиғи құбылыс суреті NASA-ның сайтында жарияланды.

Ғалымдардың сөзінше, ғаламшар атмосферасында су мөлшері Жердегі су мөлшеріне қарағанда бірнеше мың есе аз және Марста қарапайым кемпірқосақтың жайдан жай пайда болуы екіталай.

NASA инженерлерінің сөзінше, ол кемпірқосақ болмауы мүмкін. Ол объектив қозғалған кезде пайда болған құбылыс болуы да ықтимал. Мұндай құбылысты смартфон камерасына күн сәулесі түскен кезде де байқауға болады екен.

"Көбі Марста кемпірқосақ шықты ма?" деп сұрайды. Жоқ. Бұл жерде кемпірқосақ болуы мүмкін емес", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, Марстағы мұз басқан құм төбелердің суретін жарияланды. Сурет Mars Reconnaissance Orbiter орбиталық аппаратының High Resolution Imaging Experiment камерасына түсірілген.

Фото: NASA

Mars Reconnaissance Orbiter орбиталық аппараты 2006 жылы Марсқа қонған. Бастапқыда аппарат Марста су барын дәлелдеу үшін жіберілген, алайда NASA оның миссиясын ұзартуды шешкен. Себебі аппарат ұйым өкілдері күткеннен де жақсы нәтиже көрсеткен.

Ғарыш шегі қандай болатыны көрсетілді

NASA орбитада түсірілген жылтыраған бұлттардың суретін жариялады. Агенттік өкілдері мұны "ғарыш шегінің ашық хаты" деп атады.

Бұлттардың суреті NASA ұйымының Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Жарияланғаннан кейін алты сағат өткен соң суретке жарты миллионнан аса қолданушы "лайк" қойған. 

"Осындай бұлттың түсін тек күннің жер көкжиегінен төмен түскенде және оларды жарықтандырғанда ғана көруге болады", - делінген сурет сипаттамасында.

Фото: instagram.com/nasa

Агенттік өкілдері бұл суретті Тынық мұхитының оңтүстік бөлігінен 269 миль (433 шақырым) биіктікте ХҒС түсіргенін айтады. Күміс түсті бұлттардың немесе "түнгі жарық беруші бұлттардың" біздің планетамыздың атмосферасындағы ең биігі болып саналатыны айтылады. 

Күміс түсті бұлттар Жердің мезосферасында шамамен 76-85 шақырым биікте пайда болады, оларды 50 және 70 градус солтүстік және оңтүстік ендік арасындағы ендікте жазда ымыртта көруге болады.

Жерге жақындап келе жатқан астероидтың көзі жойылмақ

NASA 2021 жылдың жазында Жерге жақындап келе жатқан астероидты жоюға арналған арнайы миссия дайындап жатыр. Ведомство мәліметінше, DART миссиясы аспан денесі жерге қауіп төндірмейді, бірақ ол жаттығу шабуылдары үшін жақсы нысана болуы мүмкін.

Астероидты жоюға арналған Didymos деп аталатын құрылғы шағын бинарлы астероидты жүйеге бағытталады. Жүйе Didymos A астероидынан - диаметрі 780 метр және Didymos B (160 метр) шағын астероидтан тұрады. 

Dart Didymos B-мен соқтығысады, себебі ол ғалымдардың болжамы бойынша, болашақта Жерге қауіп төндіруі мүмкін астероидтың типтік мөлшеріне жақын.

"DART 2021 жылдың 22 қыркүйегінде бинарлық астероид Жерден 11 миллион шақырым қашықта болған кезде өз мақсатына жетеді. Ал оған жету үшін ол эволюциялық ксенонды үдеткіш ретінде белгілі қуатты ионды қозғалтқышты пайдаланады", - деп хабарлады ғарыш агенттігі.

Марста алғаш рет оттегі алынды

Бүгін NASA мамандары Марс атмосферасынан планетамен жүретін Perseverance бортында орнатылған құрылғы арқылы оттегін алғаны белгілі болды. Бұл туралы америкалық ғарыш агенттігінің сайтында жарияланған.

Оттегі тәжірибелі MOXIE қондырғысының көмегімен алынды. NASA өкілдерінің айтуынша, бұл әдіс Марста оттегі алуға және сақтауға мүмкіндік береді. Барлығы 5 грамм оттегі алынды. Бұл бір ғарышкерге шамамен 10 минут тыныстауға жеткілікті екен. Жалпы MOXIE "сағатына 10 грамм оттегін" алады деген болжам бар.

"Мұндай құрылғылар бір күні ғарышкерлерді дем алуға жарамды ауамен қамтамасыз етуі мүмкін", - деді ғарыш агенттігінің өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети