Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
05 марта 2020 16:04

Ресейді дүрліктірген оқиға: танымал блогердің туған күні үш адамның өлімімен аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазір әлеуметтік желіде ресейлік блогер Екатерина Диденконың туған күнінде болған қайғылы оқиға талқыланып жатыр. Инстаблогердің туған күн мерекесі үш адамның өлімімен аяқталған. Tengrinews.kz тілшісі қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндайды.


Қазір әлеуметтік желіде ресейлік блогер Екатерина Диденконың туған күнінде болған қайғылы оқиға талқыланып жатыр. Инстаблогердің туған күн мерекесі үш адамның өлімімен аяқталған. Tengrinews.kz тілшісі қайғылы оқиғаның мән-жайын баяндайды.

Туған күн кеші өліммен аяқталды

28 ақпанда өзін "дәріхана ревизорросы" деп атайтын блогер Екатерина Диденко 29 жасқа толған. Осыған орай Мәскеуде ол монша кешенінде туған күнін атап өткен. Шағын мерекеде 18 адам болыпты.

Блогердің жары Валентин Диденко сүйіктісінің туған күніне ерекше тосынсый жасамақ болған. Сол үшін ол алдын ала 25 келі құрғаз мұз сатып алған. Қорғаныс киімін киген олар сол мұзды бассейннің ішіне төгеді. Сол сәтте бассейннен бұлтқа ұқсас бу шыға бастайды. Әсерге бөленген жастар бірінен соң бірі бассейнге секіреді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Я Катя, аптечный РЕВИЗОРРО (@didenko.katerina)

Олардың бассейнге секіріп жатқан кезін өздері видеоға түсіріп алған. Бейнежазба кейін әлеуметтік желіде тарай бастады. Алғашқылардың бірі суға секіріп кеткен кезде видео сыртындағы қыз даусы "Өлді! Енді ол арамызда жоқ!" деп қалжыңдап күледі. Бірақ оның өлді деген қалжыңы шындыққа айналды. Бассейнге секірген Наталья Монакова мен Юрий Алферов оқиға орнында қайтыс болған.

Тағы бес адам ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде осы тосынсыйды ұйымдастырған Валентиннің өзі де бар. 32 жастағы Валентин Диденко ауруханада көз жұмды.

Құрғақ мұзды бөлме ішіндегі бассейнге төккен кезде сумен реакция болып, одан көмірқышқыл газы бөлінген. Бассейнге секіргендер сол газды жұтып, қайтыс болған. Негізгі себебі - өкпенің ісінуі.

Блогердің қайғысына сенбегендер бар 

Желі қолданушыларының көбін блогердің әрекеті таңғалдырды. Ол трагедиядан кейін де Instagram желісіндегі парақшасына видео салуды ұмытқан жоқ. алдымен жары жатқан жан сақтау бөлімінің алдында бір видео жариялады. Кейін жары қайтыс болған соң тағы бір-екі видеоны бөлісті. Біреуінде трагедияның мән-жайын жарияламау туралы қолхатқа қол қойғанын мәлімдесе, екіншісінде психолог іздейтінін хабарлаған.

Қолданушыларды тағы бір таңғалдырғаны - видеоның бәрінде Екатерина Диденко ерекше макияжбен болған. Жазылушылары оның эмоцияларына да сенбеген - көбі оның өтірік жылағанын айтады.  

Жары қайтыс болғаннан кейін көп уақыт өтпей инстаблогер тағы бір видео жариялаған.

"Анам, Валяның анасы келді. Білесіздер ме, мұндай жағдайда психологтардың кеңесі өте маңызды. Қазір үш психологпен жұмыс істеп үлгердім, жақсарып қалдым. Кеше күні бойы жыладым, бүгін де арасында өксік қысып, жылап аламын", - дейді ол видеода.

Кеше блогер тағы бір "сториз" салды. Бұл жолы ол қайғысын неге желіде бөлісіп жүргенін айтқан.

"Instagram-да жазсам, жеңілдеп қаламын. Психологым бәрін ішіңде сақтама деп айтты", - деген ол.

Артынша Екатерина күйеуі жасаған соңғы сыйлығы туралы айтқан.

"Жарым тағы бір сый жасады. Ол туған күнімде емес, 29 ақпанда сағат 01:00-де қайтыс болды. маған моральдық тұрғыда жеңіл болу үшін әдейі шыдады деп сенемін", - деген сөзі қолданушылардың ашуына тиген.

Бір аптада 600 мың фолловер 

Екатерина Диденконың өзі қайғылы оқиғадан кейін көп ұзамай ресейлік "Прямой эфир" бағдарламасында қонақта болған. Сол бағдарламада мән-жайды ашып айтады.

"Жарым не болатынын айтқан жоқ. "Бұл тосынсый" деді. Осындай қайғылы тосынсый болды. туған күніме сиқыршы келді. Тосынсыйы осы шығар деп ойладым. Қызық болды. бірақ кейін бәрінің қорғаныс киімін кие бастағанын көрдім. Мен не істеп жатқандарын сұрағанда, тағы да тосынсый деп жауап берді", - дейді Диденко "Прямой эфир" бағдарламасында.

Ол бассейнге құрғақ мұз төгетіндерін қайғылы оқиғадан бірнеше секунд бұрын ғана білгенін айтады. Сонда қызыл дипломы бар фармацевт-блогер, "дәріхана ревиззоры" неге оларды тоқтатпағанын айтты.

"Құрғақ мұзды төгіп жатқанда бәрі сонымен аяқталады деп ойладым. Адамдар бассейнге секіреді деп ойлаған жоқпын. Әдемі бу шығып, бәрі қуанып, кешті жалғастыра береді деп ойладым", - дейді блогер.

Диденко достарының бассейнге секіретінін білгенде құрғаз мұзға тыйым салатынын айтады. Енді танымал блогер екі баласымен жесір қалды.

Қолданушылар Диденконы осындай трагедиядан хайп жасап жатыр деп айыптаған. Қайғылы оқиғаға дейін оның Instagram-парақшасына жазылушылар саны миллион болған еді. Бір аптаға жетпей оларға тағы 600 мың адам қосылған.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети