ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
10 июня 2019 | 14:00

Антарктиданы сақтап қалған, аквалангты ойлап тапқан - Жак-Ив Кусто

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ертең әлем мұхитын зерттеуші, өнертапқыш Жак-Ив Кустоның туған күні. Ол 1910 жылы 11 маусымда дүниеге келген. Кустоны көк құрлықтың зерттелуіне жол ашқан адам деп те атайды. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі тағы бір атқа ие Капитан Кустоның өмірі мен еңбек жолын баяндайды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ертең әлем мұхитын зерттеуші, өнертапқыш Жак-Ив Кустоның туған күні. Ол 1910 жылы 11 маусымда дүниеге келген. Кустоны көк құрлықтың зерттелуіне жол ашқан адам деп те атайды. Осы орайда Тengrinews.kz тілшісі тағы бір атқа ие Капитан Кустоның өмірі мен еңбек жолын баяндайды. 

Жол-көлік апаты оны зерттеуші қылды

Мұхит зерттеушісі Францияның Бордо қаласында заңгерлердің отбасында дүниеге келген. Ол жастайынан жанұясымен көп саяхаттаған. Оған қоса дүниеге келген жерінде Дордонь өзені болған. Бұл оның теңізге деген жақын болуына ықпал еткен. Бірақ кейін 1921 жылы соғыс кезінде болашақ зерттеушінің әкесі жұмыс сапарымен Нью-Йоркке аттанады. Кусто да отбасымен бірге сол жаққа аттанған. Олар осылайша Еуропадағы соғыс нәубетінен аман қалған. Осыдан кейін Кусто 1930 жылы Франциядағы Брест қаласында теңіз мектебін тәмамдаған. Сондай-ақ болашақ зерттеуші әскери-теңіз академиясына оқуға түскен. Бірақ ол әскери-теңіз флоты авиациясына оқуға түсіп, ұшқыш болғысы келген. Бұл арманын Кусто орындай алмаған. Себебі 1936 жылы ол жол-көлік апатына ұшырап, жарақат салдарынан бұл арманымен қош айтысуға мәжбүр болған.

Жол-көлік оқиғасы оның өмірінің күрт өзгеруіне себеп болады. Ол алған жарақаттарын емдеу үшін Францияның "Сюфрен" әскери кемесінде нұсқаушы болып жұмыс істейді. Оңалу үшін ол күнделікті Тулон портында жүзе бастайды. Осы сәттен бастап жас ғалым қалған өмірін су астын, мұхиттың түбін зерттеуге арнайды. 


© Ocean Treasures Memory Library

Су астында түсірілген алғашқы деректі фильмнің авторы

Су түбін зерттеу мақсатында Кусто су астында жүзуге арналған киімдерге сынақ жүргізе бастады. Сөйтіп 1943 жылы 33 жастағы Кусто инженер Эмиль Ганьянмен қосылып акваланг ойлап табады. Бұл тек мұхиттарды зерттеудің бастауы болады. Олар жасаған акваланг суға 90 метр тереңдікке дейін түсуге мүмкіндік беретін. Сонымен қатар зерттеуші аквалангтен бөлек су асты түсіріліміне арналған камера мен жарықтар жасаған. Оған су асты телевизиялық жүйе жасап шығарған. 1950 жылы мұхит зерттеушісі "Калипсо" мина сүзетін кемесін алып, оны өзгертеді.

Ол үшін зерттеуші бүкіл жиған-тергенін осы кемеге жұмсаған екен. Дәл осы құрылғы теңіздің терең жеріне дейін барып, археологиялық зерттеу жасап, оған қоса сурет түсірген. Ол ең алғашқы осы кемемен 1951 жылы Қызыл теңізді зерттеген. Кейіннен Кусто экспедицияларын 1955 жылға дейін жалғастырады. Зерттеуші 4 жылғы теңіз асты зерттеулерін "Үн-түнсіз тыныштық әлемінде" атты деректі фильмінде көрсетеді. Бұл су астында түскен алғашқы деректі фильм еді. 

Кусто өзінің тобымен алғашқы зерттеулерінің бірі ретінде Фарасан топаралында бастаған. Онда ол басқа да зерттеушілермен маржан рифтерін зерттеген. Одан кейін сүңгігіштер Жерорта теңізіне барған. Ол теңізге Кусто командасымен 75 метр тереңдікке сүңгіген. Ол кезде бұл тереңдік рекорд болып саналған. Деректі фильмде Кусто өз көргенін былай сипаттаған:

"Мұнда уақыт оздыруға болмайды. Естен танып қалуымыз мүмкін. Ары қарай жалғастырсақ қатерлі болады". 

Сонымен қатар Кусто мұхит саяхаттарынан кораллдарды жинап оларды зерттеген. Бірақ оларды жинау әдісін естіген табиғат қорғаушылары зерттеушіні сынға алған. Кейін бұл үшін Кусто өкінгенін мәлімдеді. Кораллды ұстау үшін Кусто бастаған зерттеушілер жарылғыш заттарды қолданған екен.

Антарктиканы сақтап қалған адам

Жак-Ив Кусто әлемнің таңғажайып және адам баласының аяғы баспаған жерлерді зерттегісі келген. Ол Амазонка өзенін зерттеуі үшін екі жыл жұмсаған. Яғни 1982-1984 жыл аралығы. Кейін зерттеушілер Амазонка жайлы деректі фильм түсіріп, мақалалар жазған. Кусто "Калипсо" кемесінен басқа бұл зерттеуде тікұшақ және басқа да көлік құралдарын қолданған.

Зерттеушілер Амазонканың экожүйесі және оған төніп тұрған экологиялық, браконьерлік қауіптерді де анықтаған. Кусто Үлкен кедергі рифінен бөлек, Антарктидаға да барған. Зерттеу 1972-1973 жылдары болған. Кусто Антарктиданың әдемілігіне таңғалған. Ол бұл жердің әлемнің климаттық жүйесінде атқаратын рөлі зор екенін айтып, бұл туралы деректі фильм түсірген. 

Антарктидадағы пайдалы қазба жұмыстарын жүргізу туралы жоспар құрылып жатқанда, өнертапқыш тағы мұзды жерге аттанады. Ол 11-12 жастағы бірнеше баланы қасына алып, бұл құрлықтың жас ұрпаққа да маңызы зор екенін көрсеткісі келген. Бұл оқиғаны бүкіл әлем жұрты назарында ұстады. Сөйтіп Кустоның арқасында Антарктиданың пайдалы қазбаларына 50 жыл тиіспеу туралы шартқа бірнеше мемлекет қол қояды.

Жак-Ив Кусто сонымен қатар Мадагаскарды да зерттеген. Сондай-ақ мұхитта өмір сүретін түрлі жануарлардың өмір сүруін де зерттеген ғалым. Ол түсірген "Үн-түнсіз тыныштық әлемінде" атты деректі фильмі үшін Оскарды жеңіп алған. Ал кейбір мұхит зерттеуінде ол батып кеткен кемелерді тапқан. Сонымен қатар зерттеушінің атымен Плутон ғаламшарында ойық бар.

Ол өмірінің соңын сүйікті ісіне арнаған. Кусто "Калипсо" кемесімен тағы бірнеше зерттеулерге шығуды жоспарлаған. Бірақ ол бұл жоспарларын орындай алмады.

Атақты мұхит зерттеуші, өнертапқыш, режиссер көптеген фильмдер мен мақалалардың авторы 1997 жылы Парижде 87 жасында инфаркттан қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer