ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
21 февраля 2022 | 09:12

Болашақта қандай тағам түрлері пайда болады? Шетелдік нутрициологпен сұхбат

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бэлла Ховард, америкалық нутрициолог Бэлла Ховард, америкалық нутрициолог

Адамзаттың күнделікті тұтынатын тағам өнімдері үздіксіз дамып жатыр. CSIRO мәліметінше, алдағы онжылдықта азық-түлікке сұраныс 14 пайызға өседі, яғни тағам өндірісі екі есе артуы керек. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі америкалық нутрициолог Бэлла Ховардпен сөйлесіп, болашақта қандай тағамдар пайда болуы мүмкін екенін сұрады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Адамзаттың күнделікті тұтынатын тағам өнімдері үздіксіз дамып жатыр. CSIRO мәліметінше, алдағы онжылдықта азық-түлікке сұраныс 14 пайызға өседі, яғни тағам өндірісі екі есе артуы керек. Осы орайда Tengrinews.kz тілшісі америкалық нутрициолог Бэлла Ховардпен сөйлесіп, болашақта қандай тағамдар пайда болуы мүмкін екенін сұрады. 

Бэлла Ховард Колумбия университетінің Биомедициналық инженерия факультетінде дәріс оқиды. Сонымен қатар, ол азық-түлік ғылымын да қатар алып жүр.

Нутрициологтың айтуынша, жақын аралықта кез келген адамға арналған тамақтану кестесі дайын болады. 

"Бүгінгі ғылым адам ағзасының әрбір элементін толыққанды зерттеп, оның күнделікті рационының қандай болу керегін біледі. Дегенмен, бұл жалпы түсінік қана, ал шын мәнінде әр адамның асты қабылдау және оны қорыту деңгейі әртүрлі екенін ұға бермейміз. Тіпті, пайдалы тамақ пен диетаның өзі біреуінің денсаулығына пайдасын әкелсе, енді басқасына, керісінше, зиянын тигізуі бек мүмкін. Мәселен, 2015 жылы Израильден келген ғалымдар бірнеше күн ішінде 800 адамның қант деңгейін бақылап, таңдай қақтырған жаңалық ашты: кейбір адамдарда тәтті балмұздақтан кейін қандағы глюкоза деңгейінің өсуі байқалса, ал екіншілерінде глюкоза деңгейі балмұздақтан емес, крахмалды күріштен жоғарылаған. Осылайша, олар адамдардың тағамдарға деген биологиялық реакциясы әрқалай екенін анықтады. Бұл бұған дейін қалыптасқан теорияға қайшы келетін пікір екенін ашық айтқым келеді. Бұл нені білдіреді? Алдағы 6 жылда әр адамға бейімделген дұрыс тамақтану кестесі дайын болады, өйткені қазірдің өзінде бұл сала бойынша жетістіктер жаман емес, оның үстіне, таптырмас бизнес көзі екені тағы бар", - дейді ол.

Америкаық маман рационның түрленуі бойынша өз болжамын келтірді. 

"Иә, сырт көзбен қарағанда, бұл бұрын-соңды болмаған тамақ түрі емес, рационның модернизациялануы секілді байқалуы мүмкін. Алайда, барлығы да сіз ойлағандай оңай шаруа емес. Менің болжамым бойынша, қазіргі дәстүрлі тағам түрлері ДНҚ мен генетикалық тест арқылы түрленіп, өзінің баяғы қалпынан айырылуы мүмкін, яғни тағамның липидтері, экстрактив заттары, ақуыздар мен минерал құрамы тіпті, физиологиясы да жаңғырады", - деді Бэлла. 

Сондай-ақ, нутрициолог ғарыш тағамына ерекше тоқталып, оның жер бетіне бейімделген түріне тоқталды. 

"Ғарышкерлер ғарышта ең пайдалы тағамды тұтынады, себебі олардың ағзасы экстремал жағдайда әлсірейтіндіктен, жан-жақты зерттелген мәзір дайындалады. Одан бөлек, ғарышкерлердің дәрумендер мен микроэлементтерге бай рационы әртүрлі микробтар мен басқа да зиянды заттарды жою үшін алдын ала өңдеуден өтеді. Бұл туралы екінің бірі біле бермесе керек. Егер дәл сол тағамдардың жердегі өнімнен айырмашылығы көп емес екенін ескерсек, космос тағамын жерге бейімдеу оперциясының болашағы зор. Бұл қандай жағдайда керек? Адамдардың фаст-фуд пен тез дайындалатын тамақтарға әуестігі бар екенін білеміз, дәл осы тұста космос тағамы пайдалы аналог бола алады", - деді Ховард. 

Спикер адам ағзасы үшін пайдалы әрі тиімді азық-түліктің тағы да қандай түрлерін өндіруге болатынын жеткізді. Оның айтуынша, селекция мен комбинация тәсілдері өнімді толық жетілдіруге мүмкіндік береді.

"Адамдардың есте сақтау қабілеті тым нашар, мұнымен келіспеске болмайды. Неге десеңіз, бүгінде табиғи өнім деп жүргеніміздің басым бөлігі химиялық не басқа да өзгерістердің нәтижесінде пайда болатынын ұмытып жүрміз. Мысалы, сәбіздің бастапқы түсі қызғылт сары емес, ақ болды. Шабдалының өзі тұзды еді, ал қазір қандай? Өнімдерді селекциялау жұмыстары көптеген көкөніс пен жемістің өзгеруіне, тіпті, жоғалуына алып келіп жатыр. Өткен ғасырда жемістер мен көкөністерде ақуыз, кальций, фосфор, темір, рибофлавин (В2 дәрумені) және С дәрумені азайған еді, ал бүгінгі көкөністерде бұрын болған минералдардың үштен екісі ғана қалды. Мұның қаншалықты дұрыс екенін өздеріңіз пайымдай беріңіздер.

Енді генетика мен биомолекулалық ғылым бірлесіп, нағыз табиғи өнімді өндірудің жолдарына басымдық берді. Одан бөлек, планетамыздың 65 пайызға жуығы әлі де зерттелмегенін ескерсек, болашақта біз білмейтін тағамға татитын өнімдер көптеп пайда болады. Бұл уақыт еншісіндегі фактор. Мұның нәтижесінде ғалымдар тағам комбинациясын жетілдіріп, бір-біріне жетіспей тұрған минералды заттарды алмастыратын болады. Қарапайым тілмен айтқанда, адам ағзасы үшін ең қолайлы әрі пайдалы тағам түрлері дайындалатын болады. Одан кейін белгілі бір өнімге байланысты туатын аллергия да жұтқыншақ рефлексі де ұмытылады", - деді ол.

Бэлла Ховард фудтехнологияның адам санасы қабылдауға дайын емес жолдарға баратынын да жасырмады. 

"Ғалымдар мен футурологтар 30 жылдан кейін жер шарының халқы 9-10 миллиардқа дейін жетеді деген болжам жасады. Ал дәл қазір біз 7 миллиард халықтың өзін аспен толық қамтамасыз ете алмай отырмыз. Ғылыми жаңалықтар, өкінішке қарай, тым көп күттіріп қойды. Оған қоса, рационымызда елеулі роль атқаратын етті де тию керек болады, өйткені оның жаһандық салдарын да ескерген жөн. Ары қарай не болады? Инновациялық компаниялар өздерінің лабораторияларында етті табиғи емес жолмен жасап шығарады және оның құрамында етке деген құштарлықты азайтатын молекула да болуы мүмкін. Сонымен қатар, ауадан жасалған протеиндер, ақуызы көп жәндіктер және тағы да басқа амалдар қарастырылып жатыр. Әрине, көпшілік бұл ақпаратты таңырқай қабылдайды, бірақ, менің ойымша, бұл уақытша түсінік. Ауа құрамында протеин жасауға қажетті минералдар бар, сондай-ақ, іріктелген жәндіктердің де адам ағзасы үшін пайдасы аз емес. Алдағы уақытта бұл әрекеттер кедейліктің емес, саламатты өмірдің белгісі болады", - деп сөзін аяқтады ол. 

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 524  course up  545.51  course down  5.07  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer