ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 октября 2021 | 16:57

"Жарамдылық мерзімі аяқталады". Сарапшылар ревакцинация жайлы не дейді?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© REUTERS © REUTERS

Кейінгі кездері ревакцинация мәселесі жиі көтеріліп жүр. Бұл тек Қазақстанда емес, дүние жүзі елдері талқылап жатқан процесс. Тіпті ревакцинацияны бастап кеткен елдер де бар. Алайда мамандар ревакцинацияның қажеті бар-жоғына қатысты бір тұжырымға келе алмай отыр. Tengrinews.kz тілшісі сарапшылардың ревакцинацияға қатысты пікірлеріне шолу жасады.  

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Кейінгі кездері ревакцинация мәселесі жиі көтеріліп жүр. Бұл тек Қазақстанда емес, дүние жүзі елдері талқылап жатқан процесс. Тіпті ревакцинацияны бастап кеткен елдер де бар. Алайда мамандар ревакцинацияның қажеті бар-жоғына қатысты бір тұжырымға келе алмай отыр. Tengrinews.kz тілшісі сарапшылардың ревакцинацияға қатысты пікірлеріне шолу жасады.  

Коронавирусқа қарсы вакцинаны жарты жыл
бұрын салдырғандар ревакцинация жасауға дайындалуы керек

Мұндай мәлімдемені ресейлік иммунолог Николай Крючков айтты. Оның сөзінше, көктемде вакцина салдырғандардың жыл соңында коронавирусқа қарсы препаратының жарамдылық мерзімі аяқталады. Қайтадан вакцина салдырардан бұрын вакцинаны бірінші рет салдырғаннан кейін денсаулығыңызда өзгерістер болмағанына көз жеткізіп алу қажет. Одан бөлек, қандай да бір созылмалы ауру бар-жоғына назар аудару қажет. Иммунологтың сөзінше, кез келген вакцинаға қатысты ортақ бір ереже бар: науқастың жағдайы тұрақталып, созылмалы аурудың өршу кезеңі аяқталғанын күту қажет.

Егер вакцинаны бірінші рет салдырғаннан кейін жарты жыл аралығында адам денсаулығында ешқандай өзгеріс болмаса, ревакцинациядан кейінгі кезең алғаш салдырғандай өтуі қажет. Николай Крючковтың айтуынша, адам ағзасында қажет антидене қалыптасуы үшін екі-үш апта қажет болуы мүмкін. Сондықтан ревакцинациядан кейін адам көп жерде жүрмеген дұрыс.

"Жалпы ревакцинациядан кейін дозаның өзі бірден әсер етпейді. Екі-үш аптадан кейін ғана әсер ете бастайды, сәйкесінше сізде оған дейінгі уақытта "қорғаныш" болмайды. Иммунитет бірден қалыптаспайды, сондықтан сақтанып жүру керек", - дейді маман.

Ревакцинациядан кері әсер пайда болуы мүмкін

Ал халықаралық ғалымдар тобы мен ДДСҰ өкілдерінің сөзінше, коронавирусқа қарсы ревакцинация жасау міндетті емес, керісінше, оны жиі жасаған жағдайда кері әсерлер пайда болуы мүмкін деген тұжырымға келген. Мамандардың тұжырымдамасы келтірілген материал The Lancet журналында жарияланған болатын.

Зерттеу авторларының сөзінше, егер ревакцинацияны ерте немесе жиі жасайтын болса, адамда миокардит (бұл жерде әңгіме мРНҚ-вакциналары яғни Pfizer және Moderna жайлы) және Гийена-Барре синдромы (ал бұл жерде әңгіме аденовирус негізінде жасалған вакцина "Спутник V" туралы) пайда болуы мүмкін.

Ғалымдар егер ревакцинацияның қажеттілігі туралы сенімді мәліметтер мен талдаулар пайда болмаса, халықта екпелерге деген сенім жоғалып кетуі мүмкін деп алаңдап отыр. Бірақ, мамандардың сөзінше, ревакцинация иммунитеті төмен адамдар мен негізгі вакцинациядан кейін қорғаныш қалыптаспаған адамдарға қажет болуы мүмкін. Егер вакцинаны алғаш салдырған адамда иммунитет қалыптаспаған болса, ревакцинациядан әсер болмауы да мүмкін. 

Ревакцинация жасаудың орнына
әлі екпе салдырмаған адамдарды вакциналау қажет

Ғалымдардың The Lancet журналында жарияланған мақаласына қатысты қазақстандық мамандар пікір білдірген болатын. Қазақстан профилактикалық медицина академиясының президенті, иммунолог Алмаз Шарманның сөзінше, мақаланың негізгі мағынасы мынада: бүгінде салынып жатқан вакциналардың адамды қорғау деңгейі айтарлықтай жоғары және жаппай ревакцинация жасаудың қажеті жоқ. Яғни, ғалымдардың пікірінше, ревакцинация жасаудың орнына әлі екпе салдырмаған адамдарды вакциналау қажет.

Вакцинаны қайтадан салу мерзімін уақыт өте келе анықтауға болады

Ал медицина ғылымдарының кандидаты, School of Medicine, Caspian University қауымдастырылған профессоры Рафаиль Қыпшақбаев вакцинаны қайтадан салу мерзімін уақыт өте келе анықтауға болатынын айтады. Ол үшін бұған дейін вакцина салдырғандарды зерттеп, олардағы антидене мөлшері қалай азаятынын бақылау қажет.

"Егер алғаш вакцина салдырғаннан кейін 8-9 айдан кейінгі ревакцинация туралы айтар болсақ, сәйкесінше жыл сайын вакцина салдыратын жағдайға жетеміз. Мәселе мынада: COVID-19 - жаңа диагноз және ол туралы нақты бір нәрсе айту қиын. Ревакцинацияны жиі жасау несімен қауіпті болуы мүмкін? Антиденеге тәуелді инфекцияның күшеюі деген түсінік бар. Яғни антидене аурудан қорғаудың орнына процестің тез дамуына әсер етуі мүмкін. Бұл кезде вакцина жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Кез келген дәрі немесе вакцина біздің иммундық жүйемізге әсер етеді, сондықтан ағзаны ондай әсерге жиі ұшыратпау керек", - дейді маман.

Рафаиль Қыпшақбаев ревакцинация үшін бір жыл қажет болуы мүмкін екенін айтады. Бірақ ол туралы нақты айту үшін вакцина салдырғандардың иммунитетін бақылау керек. Профессордың айтуынша, антиденеден бөлек, біздің ағзамызда жасушалық иммунитет қалыптасады. Одан бөлек, жаңа штамдар шығып жатыр. Бірақ жаңа штамдар адамнан адамға тез жұққанымен көбіне жеңіл өтіп жатады.

"Бәлкім бір-екі жылдан кейін коронавирус біз үшін тұмау секілді маусымдық ауру болатын жағдайға жететін шығармыз. Яғни ол тез жұққанымен жеңіл өтетін болады. Коронавирусқа қарсы вакцинация, тұмау екпесі секілді жыл сайын маусымына бір салынып отырады", - дейді Қыпшақбаев.

Айта кетейік, Қазақстанда ревакцинация нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз. Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация бойынша ұсыныстар күзде белгілі болатынын айтқан еді. Бірақ министр 27 қыркүйектегі мәлімдемесінде барлық деректі біріктіргеннен кейін, жақын арада халықты иммундау жөніндегі консультативті комиссия қорытындысынан кейін, сарапшылар тобы шешім шығаратынын айтқан болатын. Алексей Цой бұл туралы міндетті түрде (жұртшылыққа. - ескерт.) хабарланатынын жеткізді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer