Бүгінде коронавирус инфекциясынан емдейтін нақты препарат жоқ. Алайда түрлі елде вирусқа қарсы препараттар тәжірибеден сәтті өтіп жатыр. 8 сәуірде Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың қандай дәрі-дәрмектермен емделіп жатқаны айтылды. Одан бөлек, дүниежүзі бойынша дәрігерлер коронавирус инфекциясының алдын алуға түрлі препарат қолданып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі әр елде COVID-19-дың алдын алуға қандай препараттар қолданылып жатқанына шолу жасады.
Бүгінде коронавирус инфекциясынан емдейтін нақты препарат жоқ. Алайда түрлі елде вирусқа қарсы препараттар тәжірибеден сәтті өтіп жатыр. 8 сәуірде Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың қандай дәрі-дәрмектермен емделіп жатқаны айтылды. Одан бөлек, дүниежүзі бойынша дәрігерлер коронавирус инфекциясының алдын алуға түрлі препарат қолданып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі әр елде COVID-19-дың алдын алуға қандай препараттар қолданылып жатқанына шолу жасады.
Қазақстан
8 сәуірде денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың қандай дәрі-дәрмектермен емделіп жатқанын айтты. Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 1 037 клиникалық хаттама бар.
"Білікті инфекционист мамандар пульмонологтармен біріге отырып жаңа клиникалық хаттама әзірледі. (...) Ол құжат 3 ақпанда мақұлданған болатын", - делінген хабарламада.
Медициналық қызметкерлерің COVID-19 жұқтыруының алдын алу үшін гидроксихлорохин қолданылады. Қазақстанда бұл препарат бар. Ал науқастарға лопинавир/ритонавир, гидроксихлорохин, азитромицин, рибавирин препараттары қолданылады.
Әлем ғалымдары коронавирустың емін іздеп жатыр. Соңғы зерттеулерге шолу
Аустралия
Кеше, 9 сәуірде, Аустралияда коронавирусты екі тәулікте басатын дәрі табылды. Препараттың атауы - ивермектин. Паразиттерге қарсы бұл дәрі вирусқа да қарсы күші бар және SARS-CoV-2-нің жасушасының көбеюін 48 сағатқа дейін басуға қабілетті. Мұндай болжамды аустралиялық Монаш Университетінің және Мельбурндегі Корольдік аурухана мамандары жасап отыр. Дәрігерлердің шешімін Antiviral Research басылымы жариялаған.
Зертханада мамандар ивермектиннің күшін тексеру үшін коронавирус инфекциясын жұқтырған жасушаға дәріні коронавирус анықталғаннан кейін 2 сағаттан соң енгізген. Нәтижесінде препараттың бір дозасы 24 сағаттан кейін вирустық рибонуклеин қышқыл саны 93 пайызға, ал екі тәуліктен кейін - 99 пайызға төмендегені анықталды.
"48 сағаттан кейін бұл әсер бақылау үлгілерімен салыстырғанда ивермектинмен өңделген жасушаларда вирусты РНҚ-ның 5000 есе төмендеуі байқалды. Бұл препаратты қолдану бүкіл вирустық материалдың жоғалуына әсер ететінін көрсетті", - делінген зерттеуде.
Одан бөлек, тәжірибе кезінде ивермектиннен үлгілерге улағыш әсер етпеген.
Ғалымдар олардың жұмысы коронавирусты жұқтыру жағдайында дәрі-дәрмектерді қолдануға зерттеуді бастауға көмектеседі деп үміттенеді. Олардың пікірінше, ивермектин SARS-CoV-2 вирусын төмендетуге, ауру кезіндегі асқынулардың дамуын болдырмауға және инфекцияның адамнан адамға берілуін тоқтатуға көмектесе алады.
АҚШ
АҚШ коронавирус инфекциясымен ауыратын науқастарды емдеу үшін безгекке қарсы гидроксихлорохин және хлорохин препараттарын қолданады. Бұл дәрілерді қолдануға елдің Азық-түлік өнімдері мен дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық қадағалау басқармасы рұқсат берген. АҚШ денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін гидроксихлорохин сульфатының 30 миллион дозасын және хлорохинфосфаттың миллион дозасын алған.
"Коронавирустың нақты емі жоқ болса да екі препарат зертхана нәтижесі бойынша жарамды екенін көрсетті", - дейді министрлік өкілдері.
Коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізіп жатқан елдер
Франция
Француз ғалымдары гидроксихлорохин мен азитромицин препараттарының қосындысы коронавирустың жаңа түрі SARS-CoV-2-ге қарсы зертхана тәжірибесінен сәтті өткенін мәлімдеді. РИА Новости мәліметінше, жұмыс нәтижесі International Journal of Antimicrobial Agents журналында жарияланған.
Тәжірибе жұқпалы аурулар аурухана базасында жасалған. Коронавирус инфекциясының белгісі бар адамдар да, жоқ адамдар да қатысқан. Барлығы 36 науқас. Тәжірибе жүргізілген бесінші күннің өзінде алты науқас емделіп шыққан. Негізінен тәжірибеге одан көп қатысу керек болса да, ғалымдардың айтуынша, мұндай көрсеткіш сенім береді.
Айта кетейік, бүгінде дүниежүзі бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 1,6 миллионнан асты. 210 елде тараған COVID-19-дан 95 766 адам қайтыс болып, 356 мыңнан аса адам жазылып шықты. Коронавирус жұқтырған адам саны бойынша үштікте АҚШ (468 895 адам), Испания (153 222 адам) және Италия (143 626 адам) тұр.
Қазақстанда коронавирусты жұқтыру бойынша 802 расталған жағдай тіркелді. Барлығы 61 адам жазылып шығып, 9 адам қайтыс болды.